7


  • Учителю
  • 'Ана-өмір шуағы ' мерекелік іс-шара

'Ана-өмір шуағы ' мерекелік іс-шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы. Ана-өмір шуағы.Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығын күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтындығын ұғ
предварительный просмотр материала

Ана-өмір шырағы


Мұғалім: Хамзина А.Ж.

Петропавл қаласы

2014ж


Сабақтың тақырыбы. Ана-өмір шуағы.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығын күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтындығын ұғындыру.2. Балалардың анаға деген адамгершілік қасиеттерін ойлау қабілетін, сөз мәнерін есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Балаларды мейірімділікке, бауырмалдыққа, үлкенді сыйлауға, баланың ең асыл ардақты адамы - ананы қадірлей білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: үн таспа, қуыршақ; әжелер, мыстан, үй әулиесі киімдері, қоңырау.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

(Сынып іші шарлармен, гүлдермен , нақыл сөздермен, суреттермен безендіріліген).

Ортаға екі оқушы шығады.

1 - бала: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
2 - бала: Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
(балалар аналарына сыйлық береді)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Бұл мереке көктемнің алғашқы мерекесі болғандықтан ертеңгілімізді көктем туралы әнді тамашалап тыңдауға шақырамыз.

Ән: Көктем.
1.Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
2.Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
3.Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!
Ән: «Ақ мамам.»
Бір бала ортаға шығады
- Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін - деп.Ақырын құлағына сыбырлаймын.
Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелері.
Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән «Әже»
1.Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын
2.Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Жүргізуші: Бұл кім шулап жатыр? (Шымылдықтың артынан Кузя шығады) Қоңырау дыбысы естіледі.
Кузя: Мен кішкентай үй әулиемін.Әр үйде тазалық жүргіземін. Аналар мен әжелерді құттықтауға арнайы келдім.Сыйлық ретінде қоңырау ала келдім.
Қоңырауды сылдырлатып үйлеріңе қонақ шақырыңдар .
Жүргізуші: Рақмет саған Кузя.
Қоңырау соғады, музыка әуенімен әжелер кіріп би билейді
Би «Бабушки старушки»
Жүргізуші: Қоңырауымыз шылдырлап, келсін бізге қонақтар
Ән әуенімен Кикимора кіреді
Кикимора: Орманды аралап жүрсем, қоңыраудың дауысын естідім.
Мен қырсық, жаман емеспін. Мен тентек қызбын. Мені бәрі әдемі, ақылды деп айтады. Мені аяқтарым қайда алып келді?
Жүргізуші: Сәлеметсің бе Кикимора
Кикимора: Сәлем бердім бәріңе! Не сауық бұл жерде?
Жүргізуші: Сен бізге мерекеге түстің. Бүкіл балалар аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.
Кикимора: немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе білмеймін?
Жүргізуші: Бүгін халықаралық 8 наурыз әйелдер күні
Кикимора: Ой, қандай бақыт!Ә Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені де құттықтаңдар!
Жүргізуші: Әрине, мерекеңмен! Ал біздің балалар саған мақтау тартады
Балалар кезекпен: әдемі, көңілді, ақылды сөздер айтады
Кикимора: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп билегім келіп кетті ғой әуенге билейді
Жүргізуші: Сен өзі әдемі билейсің ғой. Біздің балалар да әдемі билей алады.
Би «Шақыру»
Кузя кіріп көңілсіз айтады: Кузя: Маған ешкім ботқа пісірмейді
Ауырып қалсамешкім емдемейді.Өйткені менің анам жоқ. Ешкімге керек жоқпын. (кикимораға қарап). Сен маған ана болшы.
Кикимора: Әрине қымбаттым.Ал сен менің ұлым бол. (Қуанып билейді) Енді менде ұлым бар, менда анам бар!
Жүргізуші: «Ана» деген ең жақсы сөз әлемде.
Ән: «Апатайым анашым.»
Кикимора: Қандай тамаша ән. Үйге қайтар уақыт келді. Жүре ғой ұлым мен саған ботқа пісіріп берейін. Сау болыңдар. (қоңырау соғылады)
Көрініс «Үш ана»
Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Әйгерім - қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасы - қызметкер ана көрінісімен киінген қыз
Жүргізуші:
Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздеді.
Әйгерім:Менің қызым қалайсың. Қарның ашып қалған жоқ па? Кел алдыма тамақ іш (Қуыршағын алдына алып отырады)
Жүргізуші:
Әйгерімнің осы сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі
Анасы:Әйгерімжан, бүгін сен мен кеткен соң тамақ іштің бе? Ал ойнаймын деп кешке дейін жүрдің бе? Күнде айтам, күнде ұмытасың, не қырсығасың.Осы сенімен не істеймін?(отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан,
Аптығып әже кіреді.
Ол - дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі:Айналайын, алтыным жұмыстан шаршап келдің бе? Күнімен жұмыс істеймін деп қарның ашқан болар. (отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Бәрі - үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес,

Білсеңіздер ана болу!
Жүргізуші:Сіздерге мына өсіп келе жатқан қызғалдақтай қыздарымызға тек қана өмірдегі бар жақсылықты тілеп, әрқашанда жүздеріңізден күлкі, шаттық кетпеуін тілей отыра ертеңгілігімізді «Жан гүлім» деген әсем әнмен аяқтаймыз.

Ән: Жан гүлім.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал