7


  • Учителю
  • 'Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы. Кел, балалар, оқылық. '

'Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы. Кел, балалар, оқылық. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы . Кел, балалар, оқылық»Сабақтың мақсаты: Білімділік:. Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,оқудың пайдасы туралы әңгімелеу.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету.Ыбырай өлеңдерінің мағынасын
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы . Кел, балалар, оқылық»

Сабақтың мақсаты: Білімділік:. Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,оқудың пайдасы туралы әңгімелеу.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету.

Ыбырай өлеңдерінің мағынасын біліп-үйренуге талпындыра отырып, жатқа айтқызу

Дамытушылық:
. Оқушылардың оқуға деген ниет-ынтасын дамыту. Сөздік қорын молайту еркін сөйлеуге қабілетін арттыру.

.Тәрбиелік:

Оқушыларды білімді болуға, ата-ананы құрметтеуге, жаман мен жақсыны, еңбек пен жалқаулықты ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушылардан мектепке алғаш рет қалай келгендеріңді еске алаыңдар.Мектепке кіммен келдің? Алғашқы оқулығың туралы не айта аласың? Қазақ хрестоматиясы туралы естідің бе?

Қызығушылығын ояту. Оқушыларды үш топқа бөлу.» Ой ашар»:

-Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

-Ы Алтынсарин өлеңдерінен үзінділер жаттау Ыбырай Алтынсарин өмірі ағартушылық қызметі.

-Өздеріңіздің білетіндеріңізді қағаз бетіне тусірңіздер Оқушылар білетіндерін топтасып жазады әр топтың бір екі оқушы қорғайды.

ІІ.Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік.
Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол - қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.
А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары:
1. Өлең не туралы? Неше бөлімнен тұрады?
2.Білім не үшін керек?
3.Ы.Алтынсарин оқудың пайдасы туралы не айтты?
Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары:
1.Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе түсіріп әңгімеле.
2.Оқу білім туралы қандай мақал-мәтел білесің?
Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар:
1.Өлеңнінің әр бөлігін берілген атаулардың бірімен ата.Неге солай аталғанына мән бер. (Білім керек бәріне:ата-ана:оқудың пайдасы:сауысқанның тамағы:оқудың зияны)
2. Олай болса Ыбырай ата қалай оқыды деп ойлайсың?
б/ Дәптермен жұмыс
Ыбырай Алтынсариннің өсиетін дәптерге түсір.
Сөздік жұмыс жүргізу.
Ыбырай атамыздың өсиет сөзін жазғызу.

ІҮ. Рефлексия. Түсінгендерін тексеру:
Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?
Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер?
Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?
Тауып оқу
Ү. Қорытынды: Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет жинау
Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.
ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау.Бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал