7


  • Учителю
  • План урока по казахскому языку на тему 'Менің ағам' (6 класс)

План урока по казахскому языку на тему 'Менің ағам' (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:  Сабақтың тақырыбы. Менің ағам.Сабақтың мақсаты:                  І Білімділік   Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән                                            дыбыстарының айтылуы мен жазылуын  қадағалау.                                             
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы. Менің ағам.

Сабақтың мақсаты:

І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән

дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау.

Оқушылардың білім-білік дағдыларын

қалыптастыру. Әңгіме құратып үйрету.

ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын

молайту, ой- өрістерін дамыту.

ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.

ІІ Үй тапсырмасы

Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.

Жаңа сөздермен таныстыру.

ІV Жаңа сөздер

талапкер- сдесь:абитуриент әңгімешіл- любитель рассказывать,беседовать

сыпайы- вежливый, учтивый студент- студент

жаттығу- упражняться оқушы- ученик

әзілқой- шутник басшысы- сдесь: староста

адал- здесь: честный белсене араласады- активно участвует


V Дәптермен жұмыс


1- тапсырма. Берілген сөздерге ілік септігінің жалғауын жалғап, сөз тіркесін құрап жазыңдар.

Шаш, көз, ағам, туыстарым, досы, университет, қолы, қала, орталық, театр, көл, апайы

2 -тапсырма. Жұптастырыңдар және тексеріңдер.

Ағам бардық

Достары ағасы

Әлішердің сабырлы

Мұражайға көп

3- тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасап, септеу.

Атау (им.) Кім? , не? Ағам .

Ілік (родит.) Кімнің?, ненің? Ағамның.

Барыс (дат.) Кімге?, неге? қайда? Ағама.

Табыс (вин.) Кімді? , нені? Ағамды.

Жатыс (мест.) Кімде? , неде? қайда?, қашан? Ағамда.

Шығыс (исх.) кімнен?, неден? қайдан? Ағамнан.

Көмектес (тв.) Кіммен?, немен? Ағаммен.

А-ға, 1буын, 3 әріп, 3 дыбыс, ашық буын.

А- дауысты, езулік, ашық, жуан.

Ғ-дауыссыз, қатаң дыбыс.

А-дауысты, езулік, ашық, жуан.


VІ Тақтамен жұмыс

VІІ Оқулықпен жұмыс

4-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңдар.

Менің ағамның аты Марат. Ол жиырма жаста. Оның бойы ұзын, арықша келген. Күлгенде аппақ тістері ақсиып тұрады, ол өте ашық әрі әзілқой. Қарағандыэкономикалық университетінің қаржы факультетінде үшінші курста оқиды. Ағам университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Ол өз тобының басшысы. Достарына адал,әрі жанашыр. Ағам бос уақытында маған сабағыма көмектеседі. Кейде демалыста екеуіміз бірге демаламыз. Кинотеатрға немесе қазақ драма театрына барып қойылымдар көреміз. Мен ағамды қатты сыйлаймын.

5- тапсырма. Суретке қарап, «Менің ағам» тақырыбына әңгіме жазыңдар.

VIIІ Шығармашылық жұмыс

ІX Қорытынды

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.

X Бағалау

Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.

X І Үй тапсырмасы


Сұхбаттасу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал