- Учителю
- Конспек разработки по внекласной работе на тему 'Наурыз'
Конспек разработки по внекласной работе на тему 'Наурыз'
Тақырыбы: Халық сүйген мейрам -бұл. Мақсаты : Білімділік:жаңа тақырыппен балаларды
Көрнекілік:Наурыз суреттері (слайд) ,қоржын, безендірілген
сахна ,наурыз көже, шашу , ауыл көрінісі, музыка.
1-оқушы: Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүтке бұлақ ағызған .
Жаңа жылджың сипаты .
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!
2-оқушы: Ақ қар кетіп ,қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген
Күн мейрамы ежелден .
Құтты болсын, бұл Наурыз!
3-оқушы:Жаңарғаны сананың
Ұмытады мұны кім.
Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн!
4-оқушы: Күнмен айға әлемнің
Берем ыстық сәлемін
Қарттарымы сүиініп,
Сәлем берем иіліп.
Орындалды ойларың
Құтты болсын тойларың.
Хормен: Жарқыраған жас нұрлы ,
Жаса ,Наурыз ,дәстүрі !
5-оқушы: Салт дәстүрім жарасса ,
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп ,
Той тойлайық тамаша !
6-оқушы: Қош келіпсің, Науырыз!
Арман тойы ананың,
Қуанышы ғаламның ,
Құтты болсын қадамың!
Сені тойлап,қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
«Бейбітшілік тойы» деп,
Қол соғады барша жұрт.
7-оқушы: Наурыз тойы -береке ,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке ,
Қызық думан құрамыз!
Күн әкелген жыл керім;
Күллі дүнйе жайдары.
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз:
Ән салып жас кәріміз,
Би билейік бәріміз.
Жүргізуші : Жайғасып отырып «Сақина салу» ойынын ойнаймыз.
Бір ,екі,үш сақина ұш!
(Өнерпаз оқушылар өз өнерін көрсетеді.)
1 Шығыс биі орындаушылар6 «В» сынып оқушылары
2. «Домбыра» әнін орындаушы5 «В»сынып оқушысы Борзикова С.
3.Қазақ би орындаушы 7 «Г» сынып оқушысы Жақсылық А.
4. «Ертегілер» әнәі орындаушы 7 «Г» сынып оқушысы Нақып Д.
5.Жастар биі орындаушы 6 «В»сынып оқушылары.
8-оқушы :Күреп алтын күрекпен,
Қарды еріткен Науырыз!
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша бауымыз.
Үлы күні ұлыстың,
Күн мен түнді теңеген.
Тәтті дәмін ырыстың,
Таттық наурыз көжеден.
Әженің әуені: Ау,аталар ,аналар!
Айналайын ,балалар!
Жеп,ішсін деп,тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім,
Құйдым алтын табаққа ,
Құлшыныңдар тамаққа !
Бал көжеден татыңдар
Бар қызыққа батыңдар!
Көжеге жас-кәріңді
Шақырамын бәріңді
(Музыка ойналады .Әжесі наурыз көжесін құйып береді.Балалар рахметін айтады.Бауырсақ таратылады.Той батамен яқталады .
Балалар қолдарын жаяды)
Қария: Жарылқа алла ,қабыл ет.
Жарылқаудың қамын ет!
Ізет, абырой, бақ , дәулет ,
Қызыр қарап бақ қонып,
Не тілесең ,
Соның бәрін қабыл ет!