7


  • Учителю
  • Сабақ тақырыбы: Сөйлемнің біріңғай мүшелері, тыныс белгілері, жалпылауыш сөздер.

Сабақ тақырыбы: Сөйлемнің біріңғай мүшелері, тыныс белгілері, жалпылауыш сөздер.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақмола облысы

Қоянды ауылы

Қоянды орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кенжетай Бердігүл


Күні:

Сыныбы:

Пәні:

Сабақ тақырыбы: Сөйлемнің біріңғай мүшелері, тыныс белгілері, жалпылауыш сөздер.

Сабақ мақсаты: а) Тақырыпты мысал арқылы белгілерін ажырата білу, меңгеру, жаттығуммен байланыстыру.

б) ұқыпты, жинақылық, нақтылыққа тәрбиелеу.

ә) жан -жақты білім алу үшін ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, тілдік талдау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:дидактикалық материалдар, сызба ,кестелер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

ә) үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ. а) Сабақ мақсатымен таныстыру,ә) мағынаны тану в)ой қозғау г) Қорытынды д) үйге тапсырма е) Бағалау

Мағынаны тану:

Сөйлем ішінде қызметі, сұрағы, тұлғасы бірдей және бір ғана мүшемен байланысатын бірнеше сөз жиынын сөйлемнің біріңғай мүшесі деп атаймыз.

  1. Сөйлемнің біріңғай мүшесі барлық сөйлемнің мүшелері бола алады.

  2. Сөйлемнің біріңғай мүшелері жалғаулықты, жалғаулықсыз шылаулар арқылы байланысады.

  3. тыныс белгісі үтір. (қойылуы, қойылмауы)

Мысалы:

1. Рахила әрі әнші, әрі биші

2. Бүріскен мал, жүдеген жан Абайға үлкен ой салды.

3. Ауыл мен қарасының арасы алшақ екен.

4. Мәкен Абайға кінәлай да сынай қарады.

ІІ. Жалпылауыш сөздер - сөйлемнің біріңғай мүшелеріне мәнін білдіретін мүше.

Жасалу жолдары:

  1. зат есімдер. Оның боигадасында түрлі ұлт өкілдері: орыс, татар, ұйғырлар -істейді.

  2. сілтеу есімдігі: (мыналар, солар, олар, осылар, бұлар) Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: балқаш, Алакөл, Сасықкөл.

  3. Жалпылау есімдігі: (бәрі, баршасы, барлығы) Сайрам, Тараз, Отырар - бәрі көне қала.

  4. жинақтық сан есім: (екеуі, үшеуі) Арман, Асқар және мен - үшеуіміз оларды үйлеріне апардық.

Кубизм: 1. Біріңғай тауып, олардың сөйлемнің қай мүшесінің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын табыңдар. Біріңғай мүшелердің грамматикалық тұлғасын талдаңдар.

1. Ертеде қаракесек пен қыпшақ руларының арасында бір дау болады. Қызыл тарланбас өзі құтты, өзі сүтті бие. Бұлар Қазан, Уфа, Бұхара, Ташкент, Түркістанның медреселерінде, мемшіттерінде оқыған. Ауылдың қонысы, қарасы бірге, жайылымы ортақ. Ауылдастардың көбінесе тілегі, мүддесі бір. Адамзаттың қайғысы мен қуанышы мені жеке адамның өзінен артық қызықтырады.

2. «Тарланбас» сөзін құрамына қарай талда, мағынасын түсіндір.

63-жаттығу

1. берілген өлеңде біріңғай сөйлем мүшесіне тыныс белгісін қойыңдар.

2. Сөйлем мүшелерін анықтаңдар.

Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ,

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы майда жалды,

Ой желке, үңірейген болса сағақ.

64-жаттығу

Заманымыздың хандарын түркілерден шығарып, дәуірдің, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолына ұстатты: оларды адамдарға бас қылды; шындық істерді, солады қолдады; олармен бірге күрескендерді құрметтеді әрі соларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қағады.


Сабақты бекіту: сұрақ-жауап

Үйге тапсырма: 65-жаттығуды берілген шарты бойынша орында.

Бағалау:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал