7


  • Учителю
  • Коучинг: Желілік қоғамдастық жетістіктерге бастайды(Мектептермен)

Коучинг: Желілік қоғамдастық жетістіктерге бастайды(Мектептермен)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</



ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕН КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ

Мичурин орта мектебінің

І деңгей мұғалімі: А.Е.Алимова



Бүгінде еліміздің білім беру саласының дамуына жаңа мүмкіндік берудің жолдары жан-жақты қарастырылуда. Өйткені бүгінгі білім жүйесі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалімді қажет етеді. Осы қажеттілік барысында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымына қарасты Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлі бағдарламасы бойынша үш деңгейде мұғалімдерді дайындауда. Бұл деңгейлі курстан өткен мұғалімдер халықаралық білім беру жүйесімен танысады, сондықтан өз мектептерінің сапасын көтеруге қызмет жасайды. Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне өз мектептерін жеткізу жолында еңбек етеді.

Елбасының «Егеменді елдің, келер ұрпақтың болашағы, келешегі білімде жатыр, ол үшін білімді, білікті ұстаздар керек...» деген сөздері мектептегі әр ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейді. Деңгейлі курсты аяқтап, мектебіне оралған әр ұстаздың мақсаты - бағдарламаның негізгі идеялары мен 7 модульді ықпалдастыра отырып, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізу. Бұл бағытта бірінші ілгері деңгейді бітірген мұғалімдер мектепішілік, аудандық түрлі тақырыптарда коучинг өткізіп, бірнеше мұғалімдерге тәлімгерлік жасап, білім беру саласына өзгеріс жасауға ықпал етуде. Өз жұмысы туралы рефлексия жасап, мониторинг жүргізу арқылы жұмыстарын қорытындылап отырады. Яғни өткізген тақырыптары бойынша әдістер мен тәсілдерді бірнеше мұғалім сабақтарында пайдаланды, ол сабақ туралы оқушының, ата-ананың пікірін де біледі. Мұғалімдер арасында өткізілген түрлі тақырыптардағы коучингтер бұған дейін өз жұмысын өзі жеке атқарып жүрген әріптестердің арасында ынтымақтастық орнатып, педагогикалық ұжымның ахуалын жақсартып келеді.

Мичурин орта мектебінің қазіргі таңда 4 мұғалім І (ілгері) деңгей, 13мұғалім ІІІ (базалық) деңгей бағдарламасын игеріп, өздерінің кәсіби біліктілігін дамытып, жаңа бағытта шығармашылықпен жұмыстануда. Мичурин орта мектебінің директоры А.Ж.Ақсауытова мектеп басшыларына арналған деңгейлік бағдарлама курсын тәмамдап, мектепте, аудан мектептері арасында желілік қоғамдастықты дамытуда еңбек етуде. Мектептегі мұғалімдер жаңа форматтағы сабақтар өткізіп, желілік қоғамдастықты дамыту бағытында көптеген жұмыстар жасап өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыруда. Мектептің материалдық-техникалық базасы жақсы жабдықталғандықтан, аудан орталығындағы үлкен мектептің бірі болғандықтан біздің мектебіміз аудандағы жетекші мектептің бірі, ресурстық қолдау орталығы болып тағайындалды. Соның нәтижесінде , өз мектебімізде «Ұстаз- шығармашылықсыз болмайды» тақырыбына директордың оқу-тәрбие жұмысының орынбасары Альмагамбетова Майра Кадильбекқызы педагогикалық кеңесті коучинг түрінде өткізіп, оқу - тәрбие жұмысы барысында педагогикалық ұжымның қызметін ынталандыру және шығармашылық мүмкіндігін іске асыру,шығармашылық пен шеберлік екі түрлі ұғым екендігін ашып берді. Желілік қоғамдастықты дамыту бағытында ресурстық қолдау орталығы ретінде көршілес Ы.Алтынсарин ауылындағы негізгі орта мектебінің ұжымымен осы педагогикалық кеңесті коучинг түрінде өткіздік. Мектептің І және ІІІ деңгей мұғалімдері: Альмагамбетова М.К., Алимова А.Е.,Ахметова Ш.Б.,Тулекина Х.С., Шоть Л.Д., семинардың бағдарламасын жасақтап, ұйымдастыруда белсенділік танытты. Осы семинардың қорытындысында әрбір мұғалімнің шығармашылықпен жұмыстануға, өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруға қабілетті екендігі белгілі болды. Мұғалімдерге кәсіби дамуына бағыт беруде деңгейлік бағдарламаның маңызы зор екендігіне көз жеткіздік. Ресурстық қолдау орталығының жоспарына сәйкес аудандық, мектепішілік, мектепаралық семинарларды өткізу барысында біз мұғалімдер бойындағы өз мамандығына деген қызығушылық пен жаңалыққа деген құлшыныстарын көріп, бағдарлама аясында жұмыстануға болатынын аңғардық.







Коучинг: Желілік қоғамдастық жетістіктерге бастайды(Мектептермен)



Мұғалімдермен желілік қоғамдастықтықта



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал