7


  • Учителю
  • Сабақ тақырыбы: Алматы қаласы.

Сабақ тақырыбы: Алматы қаласы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ай Алматым, май Алматым, бай Алматым

Дүниенің түкпіріне түгел сенің барды атың,

Тынық мұхит үстіне жазып кеттім атыңды,

Жазып кеттім саған деген шексіз махабатымды.


Күн Алматым, гүл Алматым, нұр Алматым

Қазақ қайда барса сонда қалды сенің әсем атың.

Қызыл алмаң, қыз қолымен дастарханның әлемнің,

Әсемдетіп қойдым десем, дауласады маған кім?


Сабақ тақырыбы: Алматы қаласы.

Сабақтың мақсаты: Алматы қаласын жақсы білуге, тарихын терең ұғынып, алматы қаласын сүюге, Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу; қаланың жетістіктеріне мақтанып, оны сақтай білуге және келешекте Алматының өркендетіп, өсуіне үлес қосуға ұмтылдырып, сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер:

  1. Алматы көрікті жерлері бейнелеген суреттер.

  2. Алматы туралы қанатты сөздер.

  3. Буклет, альбомдар.

Сабақтың барысы:

І ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі біздің сабағымыз әсем қаламыз Алматыға арналады. Мен сіздерді Алматы қаламызға саяхат жасауға шақырамын.

Қош келіпсіз, ұстаздар! Сіздерге ән шашу ретінде «сағындым Алматым» әні орындалады.

Саяхатымызды бастайық. Бірінші аялдама - Тарих аялдамасы.

Алматының тарихы тереңде жатыр. Қазіргі Алматыны адам ерте заманна бері мекен еткен. Біздің заманымыздан бұрын 7-3 ғасырда сақ, үйсін тайпалары Алматы маңын ұзақ ғасырлар бойы мекен етіп келді. Алматы қаласының іргесі сонау 1854 жылы қаланған. Жойқын тапқыншылықтармен соғыстар салдарынан мүлдем қирап, бос қалған қазақтардың ежелгі мекені Алматының маңында әскери бекініс салынып, кейін ол Верный қаласы болып аталды. Қала жасыл желек жамылған Іле Алатауының баурайында орналасқан. 1924 жылдың 14 науырызында Верный Алма-Ата жөнінде шешім қабылданған. Қаланың атын дұрыс жазу мәселесі қоғамдық және мемлекеттік деңгейде талай рет талқыланды. Бірақ ұзақ жылдарға созылып, тек 1994 жылы ғана Алматы болып аталды.

Алматы қаласы 1929 жылдан1997 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Республикасының астанасы болды. Неше жыл астана болған? (68 жыл).

Келесі аялдамаға тоқтау үшін мына тапсырмаларды орындау керек.


Викториналық сұрақтар.


Верный

Гимназия

Командир

Мещан

Вокзал

Ташкент

Торговая


Алма-Ата

Комсомол

Киров

Калинин

Коммунистік

Октябрдің 50 ж.

М.Горький


Алматы

Төле би

Бөгенбай батыр

Қабанбай батыр

Абылай хан

Райымбек

Жібек жолы


«Көшелер аялдамасы»

Көшелер құлпырған сала-сала,

Алаңдары кең құшақ сайрап дала.

Көргенді , арлы арудан айнымайтын

Ақ көңіл де кеңпейіл қайран қала!

Қаланың көркі, айнасы - көше дейді ғой. Алматыда барлығы 1500-дей көше бар. Көшелердің 700-ден астамы адамдар есімімен аталады.

І. Мына көше ер Қабанбай атында,

Өзі тіпті жарасып тұр батырға.

Бәрі, бәрі ұнайтындай көңілге,

Бәрі, бәрі сиятындай ақылға.

ІІ. Мына көше ер Бөгенбай, ер көше,

Ел ұтқаны - есімі оның төрлесе

Жауы ығысып, жол беретін сияқты,

Оңды-солды от қылышпен сермесе.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал