7


  • Учителю
  • Урок. по казахскому литературе на тему: Козыкурен

Урок. по казахскому литературе на тему: Козыкурен

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Сутбаев Абубакир

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

№17 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»

Сабақтың мақсаты: Қ. Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесін оқып келгенін тесеру, шығарманың тақырыбын, мазмұнын ашып, сұрақтарға жауап алу, шығарма мазмұнын айтып беруге дағдыландыру.

Дамытушылық: өз пікірін дұрыс айтып, сыныптастарының пікірімен санаса білуге үйрету, шығарманы өмірмен байланыстыра отырып, дүние тануын кеңейту, ойлау қабілетін дамыта отырып, шығарманы оқыту.

Тәрбиелік: Халқымыздың дәстүрін, салтын сыйлау, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ата-ана алдындағы өмірлік парызын сезіндіру.

Түрі: Бекіту сабағы.

Көрнекілігі: Қ.Жұмаділов портреті,бейнебаян, интертақтадан слайд көрсету.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу.Оқушыларды топқа бөлу, топ басшысын сайлау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Слайд түрінде сұрақтар әдісі бойынша тексеру. (Әр топ мүшесі номерленген ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді).

«Білгірлер» тобы сұрақтары

1).Екі елдің құт қонысы, асыраушысы болған тау? (Алатау)

2) Бұл сапарға Ағыбай қандай ат мініп келді? (торы ат)

3). Қырық жылдан бері дос адамдардың аттары?(Ағыбай, Төреқұл)

4). Төреқұлдың ежелгі жұртының аты қалай аталады?(Ұзынбұлақ)

5). Ағыбайдың кемпірінің аты кім? (Күлайша) «Ұшқырлар» тобының сұрақтары:

1). Төреқұл Ағыбаймен қалай амандасты? (Құшақтасып)

2). Төреқұлдың әкесінің аты кім? (Ералы)

3). Ағыбайдың жиендерінің аты кім? (Ержан, Ерқабыл)

4). Қозыкүрен әңгімесі туралы кім айттты? (Төреқұл)

5). Қозыкүрең қай колхоздан алынған жылқы еді?(Қызыл байрақ)

ІІІ «Алғырлар» тобының сұрақтары:

1). Төреқұлдың ұлты кім? (қырғыз) 2). Ағыбайдың әкесінің аты кім? (Жұмақан) 3). Қозыкүрең оқиғасы қай жылы болды?(1942 жылдың жазында)

4). Қозы күрең қай жерге келгенде төтенше мінез шығарды? (Еділ бойында) 5). Төреқұл ояумысың? Далаға шығып тыңдашы,мына кісінеп тұрған Қозыкүрең емес пе? Кімнің даусы?(Саяқбайдың)

«ойшылдар» тобының сұрақтары:

1).Қозыкүреңнің жасы сол кезде қаншада болатын?(сегіз оннан аса қоймаған) 2). Сән салтанатыңыз тіпті бөлек қой,Ақа.Қырғыздарға құда түсе бара жатқан жоқсыз ба? Кімнің сөзі? (жылқышылардың) 3).Төреқұлдың әкесі Ағыбайдың үй ішін қиыншылық кезде қанша уақыт паналатқан? (бір қыс бойы)

4). Төреқұл алдымен кіммен амандасты? (Күлайшамен)

5). Елге келген Қозыкүрең неше күн өмір сүрді? (бір апта)

Келесі бөлім: «Жылқы».

«Білгірлер» тобы:

1).Кейін үйретілген жүрдек құнанды мініп келе жатқан кім ?( Ерғанат) 2). Жануар кешкі салқанда жайылады да,күндіз басны жерге салмай қақшиып тұрады. Бұл қай жылқы? (Қозыкүрең)





«Ұшқырлар» тобы

1).Есік пен төрдей жалдас торы атты мініп келе жатқан кім?( Ағыбай) 2).Мына Атамқұлдың үйірге салам деп жүрген бәсіре дөнені бар еді.Ол дөненді қалай атайтын еді? (Қоянкөк)

«Алғырлар» тобы:

1).Осы сапараға ақалтеке шатыс, ойнақтаған каракерді кім мініп қонаққа келе жатты ?( Ержан) 2). Сол кезде сүліктей жирен, толысқан, азулы айғыр болатын ? Бұл қай жылқы? (Қозыкүрең)

«Ойшылдар» тобы:

1).Ақалтеке мен дончакқа қазақтар зәру емес шығар. Мынау қоспасы жоқ, өзіміздің қырғыз жылқысы? Бұл қай жылқы? ( Қоянкөк) 2). Мына түріне қарағанда, осы бүгін күншілік жерді басқан бұл. Бұл қай жылқы? (Қозыкүрең)

(Әр топтан топ басшысы сайланып оқушылардың сабаққа қатысын бағалап отырады. 1 балдық жүйемен бағалайды)

Келесі бөлім «Кейіпкелер әлемі».

1).Жаңағы бурыл мұртты, қиық көз,қызыл шырайлы кісі алақанын көлегейлеп, дауыстап жіберді. Бұл қай кейіпкер? ( Төреқұл).

2). «Өздерін қазақтардан шатыстырмас үшін бастарына ақ қалпақты әдейі киіп алғандай». Бұл қай кейіпкердің ойы?( Ержан).

3).Кенет көзі нағашысына түсіп тіксініп кетті.Ол үнсіз жылап отыр екен.Орамалын көзіне апарды да, «Ой, шіркін, дүние ай , деп көкірегін қарс айыра күрсінді». Ол қай кейіпкер еді?( Ағыбай).

4). «Дегенмен бұл келісіңнің жөні бөлек.Қасыңа екі бірдей жиеніңді ертіп келіпсің.Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын»үБұл қай кейіпкердің сөзі? (Төреқұл)

Дәптермен жұмыс: «Менің ойымша»... Өз ойын жазу.

І топ: Ағыбайға Төреқұл жоғаны сыйлай отырып, қандай жақсы ой айтты?

ІІ топ:Саяқбай Қозыкүрең қашатыны қалай білді?

ІІІ топ:Қозыкүрең елге оралғаннан кейін жайлаудағы жұрт қалай қарсы алды?

ІҮ.топ:Ағыбаймен Төреқұл достығы неде деп ойлайсың?

Ү. Сабақты қорытындылау.

ҮІ.Оқушыларды бағалау:

Әр топтағы топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды.

ҮІІ. Үйге тапсырма: «Менің досым» тақырыбына шығарма жазып келу.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал