7


  • Учителю
  • 'Алтын заң болашақтың алтын кілті' атты тәрбие сағаты

'Алтын заң болашақтың алтын кілті' атты тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Алтын Заң - болашақтың алтын кілті»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдауы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.

Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, тапсырмалар арқылы баланы ойландыра отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәнерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер суреті, газет материалдары, слайд, безендірулер.

Тәрбие сағат барысы:

Амандасу, оқушылардың сабаққа белсенділігін тексеру.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! «Алтын Заң- болашақтың алтын кілті» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Биыл Конституцияға 20 жыл, Жеңіске 70 жыл, ассамблеяға 20 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни-саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындардан, жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Баршаңызды осы атап өткен мерекелермен құттықтаймын!!! Келесі кезекті жүргізушілерге беремін.

Гүлдана: 30 тамызда тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 20 жыл болды. Бұл жылдар ішінде мемлекетіміз демократиялық даму жолымен жүріп келеді. Экономикада, әлеуметтік салада зор жетістіктерге жетті. Конституция - мемлекеттік биліктің қайнар көзі, халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.

Әсемай: Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты. Мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан біздің ортақ парызымыз - негізгі заңға құндылықпен қарау, оны өз Отанымыздай құрметтеу керек. Ата Заң тарихтан бастау алады. Тарихи заңдардың қатарында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» атты қазақ әдет-ғұрып құқығының тамаша ескерткіштері бар.

Гүлдана: Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда топтар бір-бірімен жарысады. Ендеше сабақтың кезеңдерімен толықтай таныстырып өтейік. Сайыс үш кезеңнен тұрады. 1-кезеңде қатысушылар таңдалған тақырыптар бойынша мәлімет береді. Әр топтың жауабына қарай ұпай беріліп отырады. 2-кезеңде топтарға танымдық сұрақтар қойылады. Ал соңғы кезеңімізде әр топ таңдалған тақырыптар бойынша постер қорғайды.

Ата Заңың - мерейің,

Мәртебең мен беделің.

Ата Заңмен өркендеп

Өсіп, өрлей берейін - дей келе оқушыларға сәттілік тілей отырып 1-кезеңімізді ашық деп жариялаймыз.

(Тақырып таңдау: «Айбынды ата заңға - 20 жыл», «ҰОС - 70 жыл», «Менің Маңғыстауым»).Топ басшылары тақырып таңдап тобыңызға жайғаса беріңіздер. Әр топқа дайындалып, мәлімет берулеріне екі минут уақыт беріледі.

Асемай: Білім алам, дем алам

Отан туған өз анам

Ата Заңым тұрғанда

Еш болмаймын мен алаң.

«Қазақстан-2030» жолдауында Н. Назарбаев негізгі бағыттарды білім берудің маңызын көтеру, инновацияларға қолайлы жағдай жасау керектігін атап көрсетті. Президент индустрияландырудың жаңа кезеңдегі нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды. «Жарқын болашаққа 100 қадам» жолдауында Елбасы оқу-білім, жұмыс сияқты көптеген қажет болатын салаларды дамыту және «Қазақстан - 2050» стратегиясының мақсаттары мен міндеттерін айқындады. Сондай-ақ, 2016-шы жылдан бастап студенттерге стипендиясын көтеру, зейнеткерлерге зейнетақысын көбейту жайлы мәлімдеді.

Гүлдана: Ақ халатты абзал жандар - медицина саласындағы қызметкерлерге, бизнес саласындағы қызметкерлерге жалақыларын 15%-ға көбейту. Ал енді 2-кезеңге және топтарға арналған сұрақтарға береміз. Дұрыс жауап берген топ мүшелеріне бір-бір асықтан беріледі.

(15 сұрақ, әр топқа 5 сұрақтан)

  1. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларды атаңдар. Жеңіске ат салысқан өз жерлестеріміз кімдер? (Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев т. б. өз жерлестеріміз: )

  2. Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті? (Ақтау Халықаралық теңіз сауда порты)

  3. Елімізде қанша этнос пен діни қауымдастық бар? ( 140 этнос пен 46 діни қауымдастық бар﴿

  4. Тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстанның тұңғыш Конститутциясы қай жылы қабылданды? ( 28-қаңтар 1993 жыл ﴿

  5. Уақыт үдерісіне сәйкес Ата заңымызға қай жылы түзетулер еңгізілді?

(1998 және 2007 жылдары ﴿

  1. Конститутцияға 2010 жылы қандай толықтырулар еңгізілді ?

( Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа заң жүзінде «Елбасы» деген атақ бекітілді.﴿

  1. Қазақстан Республикасы Конститутциялық Кеңестің төрағасы кім? (Игорь Иванович Рогов )

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясында қанша бөлім және бап бар? (9 бөлім, 98 бап)

  3. Ата Заңымыздың негізі? (Жеті жарғы. Толық атау керек)

  4. Маңғыстау «алтын сандығының ашылған» күні? (1961 жыл 5 маусым)

  5. Гитлердің КСРО - ны жаулап алудағы жоспары? (Барбаросса)

  6. ҰОС - дағы ең атақты операциялар? (Ленинград шайқасы, Курск шайқасы, Сталининград шайқасы, Мәскеу түбіндегі шайқас, Берлин шайқасы)

  7. «Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады» - деп айқын көрсетілген өзгерістер Конституцияғақай жылы еңгізілді? (2007ж, 21 мамыр)

  8. Маңғыстау облысы қай жылы құрылды? (1973 жылы)

  9. ҰОС қатысқан қазақтардың жалпы саны? (1 млн, 200 мың)

Асемай: Көз суарар нуры да жоқ есің кетіп,

Мәуе де жоқ талмайтын несіп етіп

Ғажап... қалай таңдаған әулиелер

Маңғыстауды мәңгілікт бесік етіп!... - дей келе топтарымыз дайын болса 3-кезеңімізді бастаймыз.

Бұл кезеңде әр топ берілген 5 минут ішінде 1-кезеңде таңдалған тақырыптар бойынша постер қорғайды.

Домбыраның құлағын,

Мәнерімен бұрайын.

Достарыңды ертіп кел

Содан кейін шертіп көр - дей келе постерлеріңіз дайын болғанша халықаралық «Праздник лета» атты конкурстан 1-орын алған 9 «Ә» сынып оқушысы Омар Ақмаралдың әніне кезек берейік. (Оқушылар постер қорғайды). Жалпы сайыс бойынша ұпайларға кезек берсек. (Ұпай саны шығарылып, топтар марапатталады).

Мұғалім: Тәуелсіздігімізге 23 жыл толғалы отырған еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі - Ата Заңның орындалуында. Ата - Заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады. Халқымызға дұрыс бағыт беретін Ата Заңымыз мәңгілік жасасын - дей отырып бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Оқушылар шаңырақ құрып, тілек айтады. Тілек айтып болғасын, барлығы бірге қол ұстасып «Ата Заңым» қуатым, сенім, мақсат, мұратым! деп айтады.



Мұнайлы ауданы

Қызылтөбе лицейі



(Ашық тәрбие сағаты)

Сынып: 9 «ә»

Сынып жетекші: А.Джувбаева

2015 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал