7


  • Учителю
  • Урок на тему Ортағасырлық Қазақстан қалалары.

Урок на тему Ортағасырлық Қазақстан қалалары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы : Ортағасырлық Қазақстан қалалары.

Сабақтың мақсаты :Білімділік :Орта ғасырда өмір сүрген Қазақстан қалалары, олардың саяси -әкімшілік қызметі, қала құрылысының ерекшеліктері туралы білім беру.

Дамытушылық :Салыстыра отырып, қала мәдениеті туралы түсініктің қалыптасуы,көшпелілік және отырықшылық арасындағы айырмашылықтарын таба білуге дағдыландыру.Жеке және ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып, танымдық қасиетін дамыту.

Тәрбиелік :Мәдениет туралы түсініктерін, қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру. Мәдени мұраларымызды қорғауға тәрбиелеу.


Көрнекілік: Орта ғасырлық қалалар туралы деректер,Қазақстан картасы,

Қала бөліктерінің кестесі,слайдтар.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.

Оқушыларды топпен отырғызып,

сергіту сәтін ұйымдастыру.

Жаңа сабақты өткен тақырыппен

«Қазақ елінің ежелгі ғалымдары»

тақырыбымен тікелей байланыстырамын.

«Кім тез табады?» кестесін ойын түрінде өткіземін

Ол үшін кесте жасап,ғалымдардың аты-жөнін жазып, қалған бағанды бос қалдырамын,оқушыларға осы кестедегі сұрақтардың жауабын қағаз қиындыларына жазып, араластырып топтарға бөліп беремін,әр ғалымның қарама-қарсы бөлігін бос бөлшегіне апарып, жабыстыруы керек.


Ғалымдар


өмір сүрген

жылы


Туған жері


Еңбегінің аты


Не туралы

айтылады?


Жүсіп Баласағұн


Махмұт Қашқари


Ахмет Йасауи


Әл-Фараби


Отырар қаласындағы ірі кітапханамен әйгілі екенін,сол заманғы қала мәдениетінің көрсеткіші деп ,бүгінгі «Орта ғасырлық Қазақстан қалалары»деген тақырыппен байланыстырамын.

Жаңа сабақтың барысы:

Жоспары:

1 Қалалардың пайда болуы,

2 Қала бөліктері мен олардың қызметі

3 Қазақстан қалаларының орналасу картасы

Археологиялық зерттеулер VI-X ғасырда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жақсы дамып,өркендегенін көрсетеді. Орта ғасырларда Түркістан, Тараз Шу өңірлерінде қолөнер мен сауда және мәдениеттің шоғырланған орталықтары -қалалар қалыптасты. Бұл қалалар ертеде шағын елді мекен ретінде салынып, бірте-бірте қаланың көлемі мен халқы саны көбейіп,ірі орталықтарға айналды.Қазақстан аумағында алғашқы қалалар бұдан екі жарым жыл бұрын салынған екен.

Орта ғасырлық қалалар негізгі үш бөліктен тұрған.

Олар: орда (цитадель),шахристан,рабат деп аталады. Төмендегі кестені пайдаланып, олардың қызметін көрсетеді.




Қала



1.Орда (цитадель)-патша сарайы мен әкімшілік басқару органдары орналасқан орталық бөлігі.


2. Шахристан-қызметкерлер,яғни кіші билеуші топ өкілдері саудагерлер мекен ететін қаланың ішкі бөлігі


3.Рабат-еңбекші халық мекен ететін қаланың сыртқы бөлігі.


Орта ғасырлық Қазақстан қалалары халқының саны мен көлемі әр түрлі болды.

Орта ғасырлық қалалар хандар мен сұлтандардың меншігінде еді.

Сондықтан олар қалаларында сауда орындары мен моншалар салуға мүдделі, себебі бұл олардың негізгі табыс көзі еді.

Мысалы:

Отырар қаласында көпшілікке арналған монша салынған.Моншаның едені кірпіш тақталармен төселген, моншаны қыздыру үшін еден астынан жылу өткізгіш каналдар жүйесі жүргізілген.

Түркістан қаласының ежелгі атауы Йассы,ол қазргі Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде орналасқан.

Түркістан -«түріктер мекені» деген мағынаны білдіреді.Мұнда қасиетті Қожа Ахмет Йасауи кесенесі орналасқан.

Түркістан Есім ханның тұсынан бастап қазақ хандығының астанасы болған. Бүгінгі күні бұл жер қазақтардың рухани орталығына айналып отыр.

Тараз-орта ғасырда экономикасынан жоғары болған,сонымен бірге көпестер қаласы болған Тараз қаласының осы дәуірде алатын орны ерекше .Мұндағы тарихи ескерткіштер өз заманының тамаша туындылары болып саналады.

Сығанақ Сырдария өзені бойында орналасқан қала.,Қыпшақ мемлекетінің саяси және мәдени орталығы Дешті Қыпшақтың сауда айлағы деген атқа ие болған.

Қазіргі кездегі Қызылорда облысының территориясы.


1-топ Йассы (Түркістан ) қаласы туралы мәліметтер береді.

2-топ Орта ғасырлық Сығанақ- қаласы туралы мәлімет береді

3-топ Орта ғасырлық Тараз қаласы туралы мәлімет береді.

Топ бойынша оқушыларға тапсырмаларды орындау үшін көмекші құралдар беріледі

Әбір топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша ізденеді мұғалімге баяндап береді.


Қорытындылау : 3-топқа өздері зерттеген қаланы суретке түсіріп, қорғау.


Үйге тапсырма :25 тақырыпты оқу мазмұндау,

өзін -өзі тексеру тесті,сұраққа жауап жазу,

Орта ғасырлық қалаларға байланысты мәліметтер әкелу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал