7


  • Учителю
  • Сайыс сценарийі «Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

Сайыс сценарийі «Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Тілім менің - тірлігімнің айғағы»


Сәлеметсіздер ме қымбатты ұстаздар және бүгінгі

«Тілім менің - тірлігімнің айғағы» атты сайысты тамашалауға келіп отырған қонақтар және қатысушылар. Бүгінгі тілдер апталығында ұйымдастырылып отырған сайысымызға қош келдіңіздер!

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның. - дей келе бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймын және де бүгінгі сайысымызды бағалаушы қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

  1. Мектеп әдіскері - Бесімбаева Г.

  2. Бірлестік жетекшісі - Жалғасбаева Қ.

  3. МБТЖО - Қонаева А.


Ана тілі - көңіліңе гүл егер,

Ана тілі - ғұмырым деп біле бер.

Өзге тілде сөйлей білу - бір өнер,

Ана тілде - сөйлей білу шын өнер. - дей келе бүгінгі сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

  1. Баяндама (тіл жайында)

  2. Монолог

  3. Диолог

  4. Өлең шумағы (5 шумақтан кем болмауы керек)

  5. Өз өнері

Қымбатты сайыскерлер, көрермендер - баршамызда бүгінгі сайысымыздың шарттарымен, әділ-қазылар алқасымен таныс болдық. Ендеше ортаға сайысқа қатысушы 9А,Ә,Б,В,Г -сыныптарын шақыралық.

Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім менде бірге өшемін

-дей келе кезекті сайысымыздың 1-туры «Баяндамаға» берелік.

Ортада 9А сыныбын қарсы алыңыздар.

9Ә сыныбы.

9Б сыныбы.

9В сыныбы.

9Г сыныбы.


Келесі кезекті мектеп сахнасында өнер көрсетіп жүрген

6А сыныбының оқу озаты Қонарбаева Толғанайдың

«Қазақ биіне» берелік.


Халқымыздың батыры Б.Момышұлы «Ана тілін білмеген-ана сүтін татпаған» - деп тілге деген өзінің шынайы сезімін жеткізіп кетсе, бүгінгі сайыскерлеріміз де өздерінің баяндамалары арқылы өз ойларын жеткізе білді деп ойлаймын.

Ендеше кезекті келесі «Монолог» турына берелік.

Ортада 9А сыныбын қарсы алыңыздар.

9Ә сыныбы.

9Б сыныбы.

9В сыныбы.

9Г сыныбы.

«Өнер алды қызыл тіл» - демекші мектебіміздің жас шәкірттері өз өнерлерін, мәнерлеп оқу өнерін көрсетіп өтті. Өркендерің өссін, әлі де үлкен-үлкен сахналарда көріне беруіңізге тілектеспін.

Кезекті «диолог» турына берелік.

Ортада 9А сыныбын қарсы алыңыздар.

9Ә сыныбы.

9Б сыныбы.

9В сыныбы.

9Г сыныбы.


Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

  • деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өлеңнің құдыреттілігін, күштілігін айтып, жас ұрпаққа өсиет еткен болатын. Ендеше кезекті «Өлең шумақтары» кезеңіне берелік.

Ортада 9А сыныбын қарсы алыңыздар.

9Ә сыныбы.

9Б сыныбы.

9В сыныбы.

9Г сыныбы.

Тілді қорлау салтымызға жатпайды,

Тіл білмеген еш мархабат таппайды.

Өз тіліңнің тазалығын сақтасаң,

Ерсі көріп ешкім кінә тақпайды. - дей отырып келесі «өнер» кезеңін тамашалайық.

Ортада 9А сыныбын қарсы алыңыздар.

9Ә сыныбы.

9Б сыныбы.

9В сыныбы.

9Г сыныбы.


Қазақ тілі - халқымыздың бай мұрасы, ол - халық ауыз әдебиетінің үлгілері, небір ақын, дүлдүл жырауларымыздың қалдырған жырлары, халық ауызынан қалған ертегі, қисса-әңгімелері мен мақал-мәтелдері, аталы сөздері.

Біздің туған тіліміз - қазақ тілі. Міне, бүгін сол тілімізді жырлап, әнге қосып, өз сезімдерімізді және бір кезек көрсете білдік.

Сайысымыздың қорытынды сөзін қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі - Жалғасбаева Қ апайға берелік.


Бүгінгі сайысқа қатысушы шәкірттерімізді мадақтау үшін сөз кезегін мектебіміздің әдіскері - Бесімбаева Г апайға берелік.


Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім менде бірге өшемін.

Туған жері - түп қазығы, айбыны,

Туған тілі сатылмайтын байлығы.

  • дей келе бүгінгі «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» атты сайысымызды жабық деп жариялаймын.


№9 орталау мектеп








9-сыныптар арасындағы байқау





Өткізген: Орынбаева Г.С.










Жаңаөзен қаласы

2009/2010 оқу жылы.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал