7


Урок, на география 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жаныма жақын ұйым - «Жас ұлан»

Жас ұлан ұйым бізге не береді?

Жас ұлан» ұйымы бізді біріктіреді.

Жақсы істерге шақырады.

Өмірге бейімдейді.

Әлеуметтік қызметтерге араластырады.

Тұлға етіп қалыптастырды.

Армандарымызды іске асыруға көмектеседі.

Қоғамдағы кері әсерлерден қорғайды.

Сондықтан да, «Жас ұлан» ұйымы бізге қымбат.

Жас ұландықтарды не біріктіреді?

Отанға, атамекенге деген махаббат.

Өмірді жақсартуға, мейірімділік жасауға, адамдарды бақытты етуге деген ұмтылыс.

Бір-бірімізді тыңдап, түсіне білуді және бірге жұмыс жасауды үйренуге деген құштарлық.

Біінімізден де артық білуге, қолымыздан келетін іс жасауға деген қажеттілік.

Жас ұландықтарға не қымбат?

Ойларымен, қуаныш, қайғыларымен адам қымбат.

Әрбір адамның денсаулығы қымбат.

Халықтар арасындағы бейбітшілік пен достық қымбат.

Халықтың тағдыры мен мәдениеті қымбат.

Туған табиғатымыз қымбат.

Біз кімге қамқорлық жасаймыз?

Бізден кіші және әлсіздерге

Қарттар мен жалғызбастыларға

Өз туғандарымыз бен жақындарымызға

Бір-бірімізге және қайғыға душар болғандарға

«Жас ұлан» зор сенімге ие. Олар тек шындықты айтады. Уәделерін орындайды, достарына сенеді. Жас ұландықтар қай жерде болмасын, жақсы істерде өте белсенді және отанына шын берілгендер.



«Жас ұлан» көмекші, олар өз достарына, өзге адамдарға қамқорлық жасайды. Кез-келген уақытта ешкімнен мадақтау күтпей-ақ көмекке келеді.

«Жас ұлан» досты сүйеді. Ол бәріне дос. Ол өзгелерді түсінуге тырысады, өзгелерді құрметтейді.

«Жас ұлан» мейірімді. Ол өз күшінің мейірімділікте екенін түсінеді. Қоғамға зиян келтірмейді.

«Жас ұлан» сыпайы. Ол үлкенге де, кішіге де сыпайылық сақтап, жақсы істерді бірге атқарады.

«Жас ұлан» көңілді. Ол қиындыққа мойымайды. Өзгелерге қуаныш сыйлауға тырысады.

«Жас ұлан» қорғай біледі. Ол өз елін, өз жерін, өз табиғатын қорғауға тырысады. Оның ойы таза, шуағы мол.

«Жас ұлан» тазалықты сүйеді. Ол уақытты бағалап, туған ел мен жердің байлығына ұқыптылықпен қарайды.

«Жас ұлан» ұлтжанды, отансүйгіш.

«Жас ұлан» рухани сезім мен патриоттық жігерге, мызғымас достыққа бай.

«Жас ұлан» ұйымының жақсы істері жарқын болашақтың баспалдағы. Ұйымның қазіргі игілікті істері оның айнасы.

«Жас ұлан» мүшелері қашанда тума таланттарымен, ұшқыр қиялдарымен, өрен өнерлерімен, асқақ армандарымен, әдеп-ибаларымен қашанда ерекшеленіп тұрады. Еліміздің көк байрағын жеңіс жолында желбіретіп, намыс туын жықпай жүрейік!

Құрметті достар, қиялап ұшар қанаттарыңыз талмасын.

«Жас ұландықтар» салтанатты жиындар, кездесу кештері, түрлі акциялар, операциялар, апталықтар, айлықтар, интеллектуалды шаралар, отырыстар өткізу дәстүрлі істерге айналған. Біз, Жас ұлан ұйымының мүшелері Қазақстан Республикасының өсіп өркендеуіне, көркейіп гүлденуіне ат салысып, үлес қосып келе жатқан жастармыз !

Біздің жеткен жетістіктерімізді, жасаған жақсылықтарымызды көріп өскелең ұрпақ бізден үлгі алады, аға ұрпақ қуанады!

Отан үшін аянбай еңбек етіп , әрбір қазыналы уақытымызды туған елге арнаған жас ұлан ұйымының өкілдері әрқашан еліміз үшін атқарылатын игі істерге өз үнімізді қосамыз.



«Балалар ұйымы - өмір талабы»

Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында Елбасының тікелей бастамасымен құрылған «Жас ұлан» ұйымы алдына өз міндеттерін қойып,қызмет пен қағидаларын нақтылаған.Соған байланысты Қызылорда облысының жас ұлан ұйымының мүшелері ұйымның қызметі мен қағидаларын басшылыққа ала отырып жұмыстарын негізгі үш бағыт бойынша үйлестіреді.

1.Көшбасшылар мектебі:

Көшбасшылар мектебі-жетістікке жету үшін ,әр баланың қабілеттерін ашу үшін жұмыс жасайды.Барлық міндеттерді шығармашылық түрде шеше білу,ұйымдастырушы болу. Жас өнерпаздар мен мәдениеттанушылар , спортшылар мен жас саясаткерлер , білім сүйер жастар мен ғылымға құштар жеткіншектер,көшбасшылар жұмыстарын дамыту бағытында істер атқарады.

2.Балалар әлеміндегі игі істер :Қала ,аудан мектептеріндегі Жас ұлан ұйымы мүшелерінің қайырымдылық, мейірімділік акциялары. «Таза қала»,«Менің қалам» , «Ескерткіш», «Аулашық» операцияларын ұйымдастыру .Қайырымдылық акциясына қатысып, жалғызбасты қарттарға қол көмегін беру. «Жалғызбасты қарттыққа жол жоқ!» акциясын ұйымдастыру.Үйден оқитын балаларға қол ұшын беріп, көмек көрсету. «Достарым -байлығым» акциясын ұйымдастырып,«Досыма сыйлық » жәрмеңкесін өткізу.Қайырымдылық,мейірімділік акциялары мен пайдалы істер операцияларын ұйымдастыру.

3.Өркениет өрісі:

Балалар мен жасөспірімдердің қабілеттерін және шығармашылық жұмыстарын айқындап, дамыту мақсатында ақпарат әлемінде ұйым жұмысының кеңістігін ұйымдастыру. Ақпарат алмасу жұмыстары.

1.Жас ұлан негізі бағытттары айқын болса .

2.Жас ұлан ұйымының қызметіне арналған нормативтік-құқықтық базасы құрылса;

3.Жас ұлан ұйымы қызметтерінің алуан түрлі бағдарламаларын жасалып,іске асырылса;

4. Жас ұлан ұйымының салтанатты жиыны алдында

- Жас Ұланды ел танысын,

- Көтерейік оң қ.!

- Жас ұланда дос көбейсін

- Көтерейік сол қолды.

- Көрсін әлем!

- Естісін әлем

Өскелең елдің Жас ұланын

3 рет шапалақ-айтуға болады.

5.Совет заманынан қалған керней мен барабанды Жас ұлан ұйымының өз елімізге тән дабылымен толықтырса.

Ұраны: 1.«Уақыт босқа кетпесін, бірде-бір күн мейірімсіз өтпесін!»

2. «Парызымыз - Ұлы Отанға адалдық,

Біз Жас ұлан адалдықтан жаралдық»





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал