7


  • Учителю
  • Урок 'Сан есімнің сөйлемдегі қызметі'

Урок 'Сан есімнің сөйлемдегі қызметі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақрыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты : а) білімділік - сан есімніңсөйлемдегі қызметі туралы түсіндіру, сан есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;

ә) дамытушылық - сөйлеу тілдерін жетілдіру,шығармашылық қабілетін даытуға ықпал жасау;

б) тәрбиелік - тілге байланысты мысалдар ала отырып туған тлін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау,топтастыру,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырма,топтық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: плакат-сызбалар,үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә)Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

  1. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  2. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Сан есім қалай түрленеді?

  4. Күрделі сан есімдер қалай жазылады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1 Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретіндіктен,әдетте сөйлемде анықтауыш болады.

2. Сан есім жіктеліп келіп немес көмекші етістіктермен тіркесіп келіп,баяндауыш болады.

3. Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады.

4Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш болады.

  1. Сан есім барыс,табыс,жатыс, шығыс,көмектес септіктердің бірінде келіп,толықтауыш қызметін атқарады.

Жаттығумен жұмыс: 93-жаттығу. Құрамындағы сан есімдерге сұрақ қойып,қай мүше екенін талдаңдар.

Топтастыру стратегиясы.


Сан есімнің сөйлемдегі қызметіБастауыш баяндауыш

Толықтауыш, пысықтауыш анықтауыш

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 95-жаттығу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал