7


Дара, күрделі сан есімдер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есім.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты: дара және күрделі сан есім туралы алған білімдерін бекіту; сөйлем ішінен сан есімдерді ажырата білу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: саяхат
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау, практикалық, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру.
А) Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Ә) Психологиялық дайындық.
- Балалар мына тақтадағы суретте не бейнеленген.
- Бұл - күн.
- Күннің қандай қасиеті бар?
- Жер бетіне жылуын таратады.
- Күн көзінен тараған жылуды бойымызға таратайық және бір - бірімізге жылылықпен, мейірімділікпен күлімдеп қарайық. Күннің жан - жағында айналып жүретін 9 планета бар. Оны біздер күннің айналасында орналасқандықтан «Күн жүйесі» деп атаймыз. Біздің бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі, сол планеталарға саяхатқа барамыз. Тоғыз планетаны атау.
- Ең бірінші ғарышқа ұшқан кім? Қай жылы?
- Қазақстандық ғарышкерлер кімдер?
- Саяхатымызды қазір жалғастырамыз, алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық.
ІІ. Үй тапсырмасы
Төмендегі сан есімдерді дара, күрделі түрлеріне топтап, сөзбен жаз.
9, 588, 45, 797, 25, 10, 888, 5.
Сан есім

Дара сан есім Күрделі сан есім
Көркем жазу минуты
Пп
Пиала, перде
- Ал, саяхатымызды жалғастырайық. Ғарышқа немен ұшамыз? Дұрыс, зымыранмен ұшу үшін бізге билет қажет. Билетті жұмбақты шешкенде ғана ала аламыз. Саяхатымыздың ерекшелігі сол, біз ұшып барған ғаламшардың тапсырмаларын орындауымыз керек. Соған дайынбыз ба?
- Алғашқы тоқтайтын ғаламшарымыз - Меркурий. Оның тапсырмасы:
1 - тапсырма.
Дара сан есімдерді күрделіге айналдырып жаз.
Жеті, он, отыз, сегіз, тоғыз, елу, қырық, бір, бес.

Үлгі: жеті - жетпіс жеті,...

Келесі ғаламшарымыз - Шолпан.
2 - тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқы. Дара, күрделі сан есімдерді теріп жаз.
Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар,
Жеті күннен құралады әр апта:
- Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, - деп,
Ойланбастан шыға аламын санап та!...
Ал отыз күн бір айыңды құраса,
Он екі ай - жыл, көп емес қой бұл аса.
- Үш жүз алпыс бес күн бар, - деп, - бір жылда!-
Жауап берем, егер біреу сұраса.
Қалай менің уақытым бос өтпек,
Кержалқау боп жатып алман төсекте!
Үш жүз алпыс бес күн деген, шынында,
Аз ба, көп пе... Көрші өзің есептеп!...
Келесі ғаламшарымыз - Марс
3 - тапсырма.
Сөйлемдерді көшір. Сан есімдерді сөзбен жаз.
Жер шарында 4 мұхит бар. Тынық мұхитының ең терең жері 11 километрдей болады. Ал теңіздің саны - 30. Жан - жағын құрлық қоршап жатқан теңіз 2 ғана. Олар: Капий және Арал теңіздері.
Ендігі ғаламшарымыз - Юпитер
4 - тапсырма.
Есте сақтау жаттығуы.
(уақытқа 1 мин)
Келесі ғаламшарымыз - Сатурн
5 - тапсырма. Өзіндік жұмыс.
Сан есімдерді тауып, сұрақ қой және түрлеріне бөліп жаз.
Әйгілі қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылы дүниеге келген. Ол он сегіз жасында Омбы қаласына келіп, қалалық цирктен балуандар күресін көреді. Бір күні орыстың күшті балуандарының бірі А. Злобин: "Көрермендер арасынан күрескісі келетін адам бар ма?"- деп сұрайды. Кілемге он сегіз жасар Қажымұқан шығады. 18 минутқа созылған белдесуде А. Злобин Қажымұқанды әрең жеңеді. Осыдан соң оның күрестегі үлкен жолы басталады.
Күрес тәсілдерін жете меңгерген Қажымұқан 1908 жылы дүниежүзілік аренаға шығады.
Қажымұқан классикалық күрестегі тамаша жеңістері үшін 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болған.
Келесі қонатын ғаламшарымыз - Уран
6 - тапсырма
Жұмбақтар
1. Бір, үш, бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, мың бар.
Әрқайсысының құны бар.
(Теңгелер)
2. 100 мүйізі бар
Үстінде киізі бар.
(Киіз үй)
3. Қос құлақты 100 тісті,
Жүзінен бірақ іс түсті. (Ара)
4. 64 бөлмеде
32 тұрғын бар.
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін - бірі қуғындар
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын.(Шахмат)
5. 1 ағаштың 12 бұтағы бар
Әр бұтағында 30 - дан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара кәнеки ойлан тап?
(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
Келесі ғаламшарымыз - Нептун
Шығармашылық тапсырма
1. Піл к3ті, піл к9ті емес, тіл к3ті.
2. 6н балдақ қол сәні, әшекей кесте т10 сәні.
3. 1еу білмегенді, 1еу біледі.
4. Әкесіз 7м - жарты 7м
Шешесіз 7м - анық 7м.
5. Өм'1р мен еңб2' '8.
6. Өм'1р адам б6асын еңб2'ке үйр'7' еді.

Сабақты бекіту.
Жерге қонамыз.
Сабақты бекіту
• Сан есім дегеніміз не?
• Сан есімнің сұрақтары қандай?
• Сан есімге мысал келтір.
• Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
• Мағынасын қарай нешеге бөлінеді?
Үй тапсырмасы
4 - жаттығу, 139 - бет
Бағалау

Тақырыбы: Дара және күрделі сан есім

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сан есім туралы білімдерін кеңейте

отырып, дара және күрделі сан есім туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып,

оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылық жұмыстар арқылы білімдерін

дамыта түсу.

Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, шапшаңдыққа, сауаттылыққа, сандар

туралы қазақи ұғымдарды өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, топтау, салыстыру, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: Математика, әдебиеттік оқу.

Көрнекілік: Сызбалар, ребус, мақал-мәтелдер, слайд

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа әзірліктерін

қалыптастыру, назарларын сабаққа аударту, сабақ барысы мен мақсатын

таныстыру.

II. Психологиялық дайындық: Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

Міне, балалар кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың жырлаған тілі - туған тіліміз

қазақ тілі cабағы.

III Өткенді қайталау: Өткен сабақтардағы берілген түсініктерді қаншалықты

түсінгендерін тексеру үшін код арқылы диктант ұйымдастырылады. Ол үшін

анықтамалар айтылады оқушылар тиісті анықтамаларға сәйкес атауға нүкте

қойып, үлестірмелі қағаздарын белгілеп отырады.

Анықтамалар:

1. Заттың атын білдіретін сөздер. (Зат есім)

2. Заттың қимылын білдіретін сөздер.(Етістік)

3. Іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіретін сөздер. (Етістіктің шақтары)

4. Іс-әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін етістіктер. (Өткен шақ)

5. Іс-әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіретін етістіктер. (Келер шақ)

6. Заттың сынын білдіретін сөздер. (Сын есім)

7. Бір сөзден жасалған сын есім. (Дара сын есім)

8. Екі не одан да көп сөзден жасалған сын есім. (Күрделі сын есім)

9. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сын есімдер. (Қарсы мәндес сын

есімдер)

10.Заттың санын білдіретін сөздер. (Сан есім)

Код арқылы диктант

Күрделі сын есім

Сан есім

Келер шақ

Зат есімСын есім

Өткен

Етістік

Дара сын есім

Қарсы мәндес сын есім

Тақырыптар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Аты: Қатесі: Бағасы:

IY. Жаңа сабақ: Мағынаны тану: Ендеше сан есім турал білімдерімізді

толықтыра түсу үшін назарымызды тақтаға аударайық. Тақтадағы көбейтінділер

мен бөлінділердің мәндерін табу.

50 * 2 (жүз) 246 : 2 (жүз жиырма үш)

35 * 2 (жетпіс) 468 : 2 (екі жүз отыз төрт)

Өрнектердің мәнін тақтада жазу, салыстыру.

1-бағандағы сөздер неше сөзден құралған , 2-бағандағы сөздер ше?

Қандай айырмашылықты байқадыңдар? Қандай қорытындыға келеміз?

Осы мысалдарға қарап, сан есім туралы тағы не айтуға болады?

Сан есімнің дара және күрделі болып бөлінетіні жайлы түсінік беру. Ереже

құрастыру.

Y. «Жылдам жауап» ойыны: Жан-жағымыздағы заттарға қарап, бір сыңары сан

есім болатын сөз тіркестерін жасау.

YI. Дәптермен жұмыс: Күн ретін жазу. Көркем жазу жазылады.

YII. Оқулықпен жұмыс: Ережемен таныстырып, жаттығу жұмыстарын

орындату.

1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып,сан есімдерді теріп жазу. Олардың неше сөзден

құралғанын айу.

Cергіту сәті: Он саусақ

2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Дара және күрделі сан есімдерді табу.

YIII. Шығармашылық тапсырмалар.

I қатар: Ребус шешу. Мақал-мәтел құрастыру.

II қатар: Мына сөздерге лайықты сөздерді тауып айту.

Бір асым.... Бір жұтым.... Бір ауыз.... Бір шымшым.... Бір жайма.... Бір шөкім....

Бір ұрттам....

III қатар: Сан есімі бар мақал-мәтел айту.

IX . Тақтамен жұмыс: 4 - жаттығу. Төмендегі сан есімдерді дара және күрделі

түріне топтап, сөзбен жазу.

9, 588, 45, 797 , 25, 10, 888, 5.

X. Терме диктант: Сөйлемдер оқылады, дара және күрделі сан есімдерді теріп

жазу.

XI. Қорытындылау: Сабақ барысын пысықтап, сан есім туралы ойларын

анықтау. Ережелерді қайталап, мысал келтіру. Сан есім түрлеріне топтастыру.

Сабақта орындаған жұмыстар аяқтала отырып, сабақты қорытындылау.XII. Үйге: 5-жаттығу.

XIII. Бағалау: Сабаққа қатысу белсенділіктері бойынша бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал