- Учителю
- Сабақ жоспары 'Алпамыс батыр' (6-сынып)
Сабақ жоспары 'Алпамыс батыр' (6-сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жыры
Сабақтың мақсаты:
а) батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру т.б
Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге «Қобыланды батыр» жырының кейіпкерлеріне мінездеме беріп келуге берілген соны тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Қобылынды батырдың ерлігін қандай іс-әрекеттерімен байқадыңдар?
2. Жағымды кейіпкерлерге кімді жатқызасыңдар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
«Алпамыс батыр» жырының мазмұнын түсіндіремін.
1.Байбөрінің баласыз жүруі. 2. Ұлтанды асырап алуы.
3. Ұлтанның бұларға зорлық-зомбылық көрсетуі
4. Аналықтың зар жылауы. 5. Әулие-әмбиелерден бала сұрауы.
6. Алпамыс пен Қарлығаштың дүниегше келуі
Кітаппен жұмыс: Кітаптан жырды мәнерлеп,нақышына келтіре оқытқызып, түсінгендерін сұрап отырымын.
Екеуара жұмыс: Екі оқушыны тақтаға шығарып,Алпамыс пен Гүлбаршынның диалогін кезек оқытқызамын.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
-
Не себепті Ұлтанды бала етіп асырап алды?
-
Алпамыс қандай кедергілерге ұшырады?
-
Кейқуат қандай көмек көрсетеді?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Алпамыс батыр» жырын оқып,мазмұндап келуге беремін.