- Учителю
- Методическая разработка
Методическая разработка
Сабақтың тақырыбы: Алматы қаласы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестерін, сөйлемдер жасау арқылы ауызекі сөлеуге үйрету, тақырып бойынша қысқаша әңгіме айтуға баулу. Зат есімді түсіндіру, септік жалғауы (атау) туралы түсінік беру және оны меңгерту.
Тәрбиелік: Пәнге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: ойландыру, іздендіру, сұрақ- жауап.
Көрнекіліктер: Үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме!
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта оқушылар түгелме?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Ауа райы қандай?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
-
Буын дегеніміз не?
-
Буын нешеге бөлінеді?
-
Көптік жалғауларды атаңдар.
-
Үндестік заңын түсіндіріңдер.
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту. Зат есім туралы түсінік қалыптастыру. Атау септігімен таныстыру. Тапсырма жұмыстарын орындату.
Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз. Зат есім кім? не? кімдер? нелер? Деген сұрақтарға жауап береді.
Кімдер? кімдер? сұрақтары адамға, мамандық атауларына қойылады. Мысалы: ата, ана, Мұрат.
Басқа сөздердің (жанды, жансыз) барлығына не? нелер? сұрақтары қойылады. Мысалы: сиыр, ит, торғай, Астана.
Атау септігінің сұрақтары: кім? не? Мысалы: не? -қала.
IV. Сөздік жұмысы.
Қала -город
Алаң - площадь
Қонақ үй - гостиница
Ескерткіш - памятник
Саябақ - парк
Ықшамаудан - микрорайон
Мұражай - музей
1. Оқушыларға жаңа сөздерді таныстыру, дәптерге жазу.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.
V. Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма . Сөздікті пайдаланып диологты толықтыру.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Атау септікте тұрған зат есімдерді теріп жазыңдар. Аудару.
3-тапсырма. Төмендегі зат есімдерді үлгі бойынша екі топқа бөліп жазыңдар.
VI. Сабақты қорытындылау.
VII. Үйге тапсырма беру. 4-тапсырма. Ережені жаттау.
VIII. Оқушылардың білімін бағалау.
Сау болыңдар!