- Учителю
- ҚАзақ тілі 'Менің мектебім. Сын есім' (5 сынып)
ҚАзақ тілі 'Менің мектебім. Сын есім' (5 сынып)
5 «Б» сынып
Қазақ тілі
Мұғалімі Калдыбаева Сауле Жаксылыковна
Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім. Сын есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім беру мекемесі туралы алған білімдерін кеңейту , сын есімнің басқа сөз таптарынан ерекшелігін түсіндіру. Дамытушылық: түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тапқырлығын, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Мейірімділікке өзгелердің ойын, пікірін сыйлауға, құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, іздендіру.
Сабақтың әдісі-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, эссе.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер, сызбалар, плакат, қарындаштар, стикер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин)
Шаттық шеңбері
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену.
Еңбектену арқылы
Бестікке қолды жеткізу!
(Балалар өз тілектерін білдіреді, екі топқа бөліп отырғызу)
ІІ Өткен сабақты пысықтау(Викториналық сұрақтар 1 слайд ) (5 мин)
Қазір қай жыл мезгілі?
Қыс мезгілінің айларын атап беріңіз.
Қыста ауа райы қандай болады?
Қысқы қандай ойындарды білесіңдер?
Қазақ тілінде неше жалғау бар?
Неше септік бар?
Зат есім дегеніміз не?
Зат есімнің сұрақтары?
Жалқы есімдерге мысал келтіріңдер.
Синоним дегеніміз не?
Антонимге мысалдар келтір.
ІІІ Жаңа тақырыпты меңгерту. (15 мин)
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу (2 слайд) Учитель. Широкий. Дежурный. Книга. Окно. Класс.
М
Е
К
Т
Е
П
- Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің мектебім».
Сабақтың мақсатымен таныстыру (3-слайд)
1.Мектеп туралы не білеміз? (ассосация құру)
Өнер, тәрбие ,оқу, әдептілік ережесі ,мектеп, мұғалім ,шеберлік, білім
2. Мағынаны тану. Қосымша мәлімет (4- слайд)
1.Ы.Алтынсарин - ең алғаш мектеп ашып, бала оқытқан ағартушы ақын,
жазушы. А.Байтұрсынұлы - ақын, мемлекет қайраткері. Ол ұлттық әліпбиді
тұңғыш рет жасап жаңа үлгі ұсынды. А.Байтұрсынұлы « Оқуқұралы» атты тұңғыш әліппелердің бірін жазды.
2.Қазір білім беру саласы жаңаша дамып жатыр. Біздің елімізде оқымайтын,
Білім алмайтын бала жоқ. Жаңаша үлгіде қаншама мектеп, оқу орындары бар.Мектеп - білім беретін мекеме. Ол - жоғарғы оқу орнына апаратын
алғашқы баспалдақ.
3. Тірек-сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіру. (5-слайд)
Сын есімнің анықтамасы. Сын есім қандай? қай? сұрақтарына жауап беріп, заттың түрін- түсін, сапасын, көлемін, қасиетін, сыр-сипатын білдіретін сөз табы.
ІҮ.Сабақты пысықтау. (12 мин)
1-тапсырма. «Менің мектебім» тақырыбына кесте бойынша сөйлемдер құрау. (6-слайд)
Менің мектебім
Қай көшеде орналасқан?
Қандай?
Неше қабатты?
Нелер бар?
Ауласы қандай?
Қандай пән кабинеттері бар?
І топ Кесте бойынша диаолог құраңдар.
ІІ топ Әр сұраққа сөйлемдер құраңдар.
2-тапсырма. Көп нүтенің орнына заттың сынын білдіретін сөзді жаз, сұрақ қой. (7- слайд)
І топ
Қызыл бояу (қандай бояу?).
Жалпақ тақтай (қандай тақтай?).
Өткір пышақ (қандай пышақ?).
Аласа үй (қандай үй?).
Қызық кітап (қандай кітап?).
Суық жел (қандай жел?).
ІІ топ
Жүйрік ат (қандай ат?).
Тегіс жер (қандай жер?).
Шұбар жылан (қандай жылан?).
Сұр жемпір (қандай жемпір?).
Таза көйлек (қандай көйлек?).
Қалың жіп (қандай жіп?).
3- тапсырма. Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс. Мақалдарды толықтыр.
1.Анаңа .............. сөз айтпа.
2. .......... бой бергенше,
.......... ой бер.
3. ........... бала қонаққа үйір,
.......... тай атқа үйір.
4. .......... сен сыйласаң,
.......... сені сыйлайды.
Презентация оқушылардың өздері дайындаған «Менің мектебім» тақырыбына материалдарын тамашалау.
Ү. Сабақты бекіту. (7 мин)
Шығармашылық жұмыс «Жаңа үлгідегі мектебім» -класстер жасау
ҮІІ. Үйге тапсырмасы. «Біздің мектеп» тақырыбына эссе жау, ережені жаттау. (2 мин)
ҮІ. Бағалау. Әр топтағы оқушылардың ұпайларын санап, бағалау. (1мин)
Ақмола облысы
Жарқайың «Білім бөлімі» ММ
«Уәлиханов орта мектебі» ММ
(аудандық семинар)
Дайындаған қазақ тілі пәнінің мұғалімі:
Калдыбаева Сауле Жаксылыковна
Уәлиханов а, 2016 жылы