7


  • Учителю
  • Интеллектуалды олимпиада 'Тіл -ұлттың жаны' қазақ әдебиетінен 10-11- сыныптар

Интеллектуалды олимпиада 'Тіл -ұлттың жаны' қазақ әдебиетінен 10-11- сыныптар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Тіл - ұлттың жаны ( интеллектуалды олимпиада)

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп,өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп,оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер,мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушыбойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, сұрақтар мен тапсырмалар

Сабақ формасы: топтық жұмыс

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1-топ. Тапқырлар 2-топ Зеректер 3-топ Ойшылдар

Негізгі кезең.

1-бекет. Жылдар бекеті.

Торғайда Ыбырайдың мектебі қай жылы ашылды?

Абай қай жылдары «Қара сөздер» атты шығармасын жазды?

Жамбыл қай жылы «Патша әмірі тарылды» өлеңін жазды?

Жамбыл Құлмамбет ақынды қай жылы жеңді?

Тіл туралы Заң қашан қабылданды?

«Қазақ айнасы» қай жылы жарық көрді?

А.Байтұрсынов қай жылдары «Қазақ» газетінің редакторы болды?

А.Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ж.Аймауытовтар қай жылдары ақталды?

Ж.Аймауытов қай жылдары өмір сүрді?

«Оян, қазақ» өлеңдер жинағы қай жылы жарыққа шықты?

Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

Махамбет қай жылдары өмір сүрді?

С.Торайғыров қай жылы дүниеге келді?

С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров қай жылдары өмір сүрді?

«Абай жолы» роман-эпопеясы қай жылдары жазылды?

ІІ. Білім бекеті. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша тақырыптық сұрақтарды таңдайды, әр дұрыс сұраққа 20, 30, 40, 50 ұпай беріледі.

ІІІ. Ғалым бекеті. Тест сұрақтарына жауап беру.

1.Гете мұражайында Абай Құнанбаев өлеңі сақталған (иә, жоқ)

2Қаз дауысты Қазыбек "Қарлығаш би" атанған. (иә, жоқ)

3. Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы" Орынборда басылып шықты. (иә, жоқ)

4.Қазақстанның ең биік шыңы - Хан тәңірі. (иә, жоқ)

5.Өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесінің жол аяғында қайталануын анафора дейді. (иә, жоқ)

6.М.Әуезовтің әңгімесінің басты кейіпкері Құрмаш 1-інші буыны езулік, 2-нші буыны еріндік дауыстыдан құралған. (иә, жоқ)

7.Қазақстанның батысындағы өзен -Жайық . (иә, жоқ)

8.1856 жылы Шоқан Ыстықкөл аймағына саяхатқа шығады. (иә, жоқ)

9.Ғафу Қайырбековтің "Дала қоңырауы" атты поэмасы С.Торайғыров туралы жазылған. (иә, жоқ)

10.Абай "Ескендір" поэмасында қақпа мен адамның көз сүйегін адал жолға бастайтын символ ретінде алып, ол жұмбақты Ескендірге шештіреді. (иә, жоқ)

1.Тіл туралы Заң қашан

қабылданды? А) 1987ж. 17 қарашаВ) 1989ж. 22 қыркүйекС) 1990ж. 13 маусым

Д) 1992ж. 15 қазан Е) 1991ж. 17 қыркүйек

2.Тіл білімінің негізін салған кім?А) Ш.УәлихановВ) М. ЖұмабаевС) А. Байтұрсынов

Д) Ы. АлтынсаринЕ) А. Құнанбаев

3.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?А) хиндиВ) арабС) португалД) испанЕ) түркі

4. «Ана тілің-арың бұл, ұятың боп тұр бетте» деген өлең жолдарының авторы кім?

А) Қ. МырзалиевВ) Ә. ТәжібаевС) С. ТорайғыровД) М. ШахановЕ) М. Мақатаев

5. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың ән-өлеңдер жинағы қайсысы?

А) «Айтым саған, қаламқас»В) «Дариға жүрек» С) «Сөйле, менің жүрегім»

Д) «Асау жүрек»Е) «Өмір-өзен»

Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашу

ІҮ. Дарын бекеті. Шығармашылық. Өлең, әңгіме құрастыру. «Ана тілім-ардағым»

Ү. Шешен бекеті. «Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл - бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды».

С.Негимов пікірі. Сондықтан... ( ойды қорытындылап, шешен сөйлеу қабілетін көрсету)

Топ ұпайларын санап жеңімпаздарды анықтау.

Қорытынды. Кіршіксіз қардай сақтаңдар, Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл - арым, иманым, Аманат, саған, аманат.

( М. Әлімбаев.)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал