7


ҚАзақстан -біздің Отанымыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақ тақырыбы: Қазақстан-біздің Отанымыз.Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың білім деңгейлерін көтеру, Отан, атамекен тақырыбында білімдерін тексеру;Дамытушылық: қисынды ойлау қабілеттерін дамыту жолында жұмыс жасау; айтылым, тындалым, жазылым, оқылым әрекетін
предварительный просмотр материала

Күні: 15.12.2014

Сынып: 6б

Сабақ тақырыбы: Қазақстан-біздің Отанымыз.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білім деңгейлерін көтеру, Отан, атамекен тақырыбында білімдерін тексеру;

Дамытушылық: қисынды ойлау қабілеттерін дамыту жолында жұмыс жасау; айтылым, тындалым, жазылым, оқылым әрекетін дамыту; сауатты жазуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу,елордамызды сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық,патриоттық тәрбие беру.


Сабақтың түрі: Қайталау, жүййелеу сабағы
Көрнекілігі: Интерактивті тақта; Қазақстан картасы, бейне фильм

Пәнаралық байланыс: Тарих, орыс тілі


Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі:

Балалармен амандасу

Оқушыларды түгендеу;

Сұрақ-жауап:

-Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын атаңдар?
-Қазір қай ай?

Оқушылардан келе жатқан мереке туралы сұрау.

Осы жерде Черпанов Канан М. Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін мәнерлеп айтып береді.

-Біздің президентіміз кім?
-Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?

Ал, енді балар бүгін біз сапарға шығамыз, біз еліміздің астанасына саяхатқа барамыз, онда жету үшін біз келесі аялдамалардан өтуіміз керек.

Ал, кеттік, іске сәт!

Қазақстан туралы патртоттық кино «Мәңгілік ел»

1 аялдама «Әңгімелесу төбесі»

Көркем фильм бойынша сұрақтарға жауап беру,әңгімелесу.


2-аялдама «Мақал патшалығы»

Мақалды аяқтау.

Отан отбасынан туған елдей ел болмая

Туған жердей жер болмас басталады

Отан оттан да ормансыз бұлбұл

Отансыз адам ыстық

Ер елінде өз еліңде ұлтан бол

Өзге елде сұлтан болғанша гүл жерінде


3 -аялдама «Фонетика тауы»

Сөздерді екі бағанға бөліп жаз

ЖУАН ЖІҢІШКЕ

Ауыл көше

Адам мәдениет

Дара дене


Сөздерді аудар, буын түрлерін атаңдар

Родина-Отан-1б-а.б,2-б.б.

Проспек-даңғыл-1-б.б.,2-б.б.

Столица-

Родился-

Солнце-

Праздник-

Счастье-

Дети-

4-аялдама «Білімділер елі»

1 -деңгей: М.Макатаевтың «Отан туралы» өлеңін әңгімеле

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

2-деңгей: Мәтінді оқып жалғастыр, оқы.

3-деңгей: Сөздерді жікте: әділ, адал, мұғалім, оқушы, патша


СЕРГІТУ СӘТІ! Қос қарлығаш!!!!!!!

5-аялдама «Орфография мұражайы»

Сөздерді қатесіз жаз.

1/Жыл мезгылы, табиғәт, жәңә,байтерек,аймак, ата-аже, оқулық,желтоксан,кунделик, такта, китапхана, буин, дарігер, тұйиқ, даңғіл, аул, облис, кала, кошелер, дәптир, зат есим, ашиқ

2/ Кітаппен жұмыс.

86 бет, 4-тапсырма.

Жіктік жалғауларын жалға.

Мен оқушы... .

Қорытынды: Оқушылар өздері дайындап келген презентацияларын көрсетіп, қорғайды.

Рефлексия:

Үй тапсырмасын беру:87б.7-т.ауызша, 87б.5-т жазбаша

Бағалау:Білімдерін бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал