7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку на тему 'Кім не істеді?'

Открытый урок по казахскому языку на тему 'Кім не істеді?'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Зат есім туралы түсінік беру, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімдерді ажыратуға үйрету.
2. Дамытушылық. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелік. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Көрнекі - құралдар: интерактивті тақта, сөзжұмбақ, суреттер, жұмбақтар
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ассоциация, топтастыру стратегиясы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:
Сабақтың ұраны:
Қазақ тілім - өз тілім дара тілім.
Абай, Мұқтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым қазақ тілім

Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
2. Психологиялық дайындық орындау.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
"5 "- ке қолды жеткізу!

3. Үй тапсырмасын тексеру:
Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»
Мысал ------ Зат есім ----- Сан есім ------ Сын есім -------- Етістік
алма
барды
жеті
қызыл
тарақ
оқыды
қоңыр
он

4. Өткенге шолу. "Ой ашар"
Өткен сөз таптарын, олардың ережелерін, сұрақтарын еске түсіру үшін
Сөз табы
Зат ес ім: Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Сын есім: Қандай? Қай?
Сан есім: Қанша? Неше? Нешінші?
Етістік: Не істеді? Қайтті Не қылды?

ІІ. Мағынаны тану.
1. Ой қозғау:«Сөзжұмбақты шешіп көр».
Шешуі:
1. Қыз
2. Шаңырақ
3. Түйе
4. Шеге
5. Сандық
6. Бүркіт
7. Домбыра

• Қане, балалар бұл суреттер ненің атын білдіреді?
• Заттың атын білдіреді.
• Олай болса, сөзжұмбақтың тігінен қандай сөз тіркесі шықты?
Зат есім
• Шаңғы сөзіне - шы жұрнағын қосып жазамыз, қандай сөз шықты?
Шаңғышы
• Қандай сұрақ қоямыз? Кім?
Кім сұрағына жауап беретін сөздерге мысал келтіреміз.
• Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
Олай болса, біз бүгін тағы бір ұғыммен таныстық. Ол қандай ұғым?
Зат есім?
Зат есім дегеніміз не?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал