7


  • Учителю
  • 'Кітап білім бұлағы' (тәрбие сағаты мектепалды тобы)

'Кітап білім бұлағы' (тәрбие сағаты мектепалды тобы)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 1.Сыныптан тыс жұмыс оқушының сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты: - оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту. - өзіндік қабілеттерін дамыту - қоғамдық қарым - қатынасты қалыптастыру.Міндеті: - алған білі
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Отбасындағы қыз бала тәрбиесі.

Мақсаты : қыз баланы ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және кішіні бірдей сыйлауға тәрбиелеу. . Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым- қатынасқа тәрбиеленген қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі - жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері - ағысы қатты арналы өзен сияқты, бірі момын да, жуас , енді бірі өткір де өжет.

Қай ұлттың, қай халықтың ой қазынасын ақтарсаң да ананы құрметтеу, қастерлеу алғашқы орында. Мысалы жапон халқы: «Көргенді көгершін анасынан үш бұтақ төмен қонақтайды»-дейді. Бүгінгі ұрпақ өз отбасындағы ананы сыйлау арқылы Отанын, елін, жерін сүю бойында қалыптастырады. Осы тұрғыда Мұхаммед пайғамбарымыздың Хадисінде де 377 - хадис: «Жаннатқа кіру үшін ешуақытта аналарды ренжітпей, разылығын алып отыру керек. Балаға ананың разылығы шарт болса, ананың міндеті де өте зор. Баланың жақсы, ибалы болып өсуі ананың тәрбиесіне байланысты. Егер анасы баласын дұрыс тәрбиелемесе, баланың мінезі бұзылып, теріс жолға түседі де, әр нәрседен құр қалады»-деген, және ананы құрметтеу парыз екені жайлы: «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса»-деген. «Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса әуелі анаңа жауап бер»-деген, ананы құрметтеу жайлы Пайғамбарымыздың қасиетті сөздерінде. Осы ретте халқымыздың даналық сөздерінен: «Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас»-деген терең ой жатыр.

Ұлы ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің «Ананың сүюі» деген өлеңінде ананың қадір-қасиетін, жарық дүниені сыйлаған ана күшінің алыптығын, алысқа ғылым іздеп кеткенде, сағынып, сарғаятын, баласының адам болуын өле-өлгенше тілейтін ана ғана екендігін сөз еткен. Ананы құрметтеу әлеуметтік мәселе, сонымен қатар діни сана жағынан жоғары орында тұр.

Қыз - болашақ ана...

Қыз үшін ең басты нәрсе оның ақыл-парасаты, мінез-құлқы, ар-ұяты, әдеп-инабаты.

Біздің этикалық-эстетикалық мұратымыз қыздардың сырт көрінісінің әдемілігі мен рухани кемелдіктің біте қайнасуы сонымен қатар, ол жасынан өз денесін бағуға, киім-кешегін, орамал-дастархан, төсек орын жабдықтарының тазалығын сақтауды үйренуі абзал, әрине, қыз бала жастайынан қолын жаттықтырып, ісмерлікке (тұс киіз, шымылдық тігу, кілем тоқу) үйрене беруі жөн. Міне, осылардың барлығын қыз бойында баули отырып, олардың бойында нәзіктік, биязылық, имандылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіре бергеніміз абзал.

Егер Абай суреттегендей, өзін-өзі күткен, шашын қос бұрым етіп, сырт бейнесінен, киім кие білуінен қыз мәдениеті мен тәрбие деңгейін аңғаруға болады.

Қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Шаш - адамның, әсіресе қыз баланың көркі. Бүгінде өкінішке орай көп қыздар шаштарын қиғызып, қалай болса солай бұйралап әуре. Шаш күтімін жетік біле бермейді.

Қыз бала жастайынан үй-ішіндегі тұрмыс-тіршілікке (шай құю, кесте тігу, киім тігу, ою оя білу, ет мүшелеу, ас әзірлеу, үй-ішін күту, т.б.) араласқан, анасының, жеңгенің қасында жүріп үйренетін болған. Қыз тәрбиесінде халқымыздың ұлттық дәстүріндегі бір ерекшелік - қыз балаға айқайламай, жекімей оның санасына тұспалдап, жалтармай жеткізген.

Қызға қырық өнер де аз.

Қыз тәрбиесі - киелі ұғым. Ана - бала бақытының бағбаны. «Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен», - деп ана ұл-қыздарын имандылық-кісіліктің өнегесіне баулыған. Қыз баланы тәрбиелеуде ана рөлі ерекше. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады», - деген халық мақалы осыны растайды. Қыздарымыздың рухын биіктетіп, жанын нәзік, жүрегін мейірімді, ой-түйсігін ұшқыр ғып жастайынан баулу керек. Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан-ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Дүниеге қыз келді... Үйге бір нұр құйылғандай, көңілдің нәзік пернесі күмбірлеп, жанымыз әсемдік әлеміне енгендей. Үміт, арман жаңадан оянғандай болды. Ендігі мақсат - осы бүлдіршін қыз балаға дұрыс тәрбие беріп, денін сау, көңілін шат етіп өсіру.

Қыз тәрбиесі - анадан.

Қыз болып қылтия бастағаннан «ақ отауға» енгенге дейін қызды қаншама сынақ күтіп тұрады. Оларды ең алдымен алып-ұшпа сезімді тежей білуге дағдыландырады. Олай болса, қыз баланың тәрбиесі де осылардан басталады, ол ең алдымен анаға байланысты.

Елжіреп қорғасындай кетті-ау ішім, - дейді Тұрмағамбет Ізтілеуов. Халқымыз ерте кезден-ақ әдепті жоғары бағалай білген. Қазақ ұлдары мен қыздарының да өне бойынан әдептілік қасиеттері байқалып тұрған.

Әдеп, адамгершілік жөніндегі қағидалар қашанда халықтың өлең жырларынан, тапқыр, шешендік сөздерінен, ауыз әдебиеті үлгілерінен тиісті орын алып отырған.

Әдептілік барлық адамға жарасатын қасиет. Бұл адамның бала жасынан алған тәрбиесіне, өскен ортасына, төңіректегі адамдардың қарым-қатынасына байланысты қалыптасқан қасиет. Қыз баланың әдептілігі оның сөйлеген сөзінен, істеген ісінен, мінез-құлқынан, әр түрлі жағдайда өзін ұстай білуінен, құрбы-құрдастарымен және өзге адамдармен арақатынасынан көрініп тұрады.

Ата-ананың адамгершілік бейнесі - балаларды әдептілікке тәрбиелеу ісіндегі негізгі көз.

Халқымыздың арғы тарихына үңіліп, оның көркем әдебиеттегі өмір жолдары жөнінде Мәделі Жүсіпқожаұлы қыз тәрбиесі жайлы өзінің жырында өсу, бой түзеу, еңбекке араласу, ана болуға дейінгі кезеңдерді анық көрсете білген.

«Адам - әдебімен көрікті» деген халық даналығы босқа айтылмаса керек. Осы тұрғыдан алғанда әр азаматтың өзін-өзі жас ұрпақ алдында жақсы, ұнамды әдебі жағынан көрсете білуге ұмтылып, оны жақсылыққа, адамгершіліктің жоғары қасиеттеріне баулу, болашағымызға сенімді болу деген сөз. Болашақ ұрпағымыздың бойындағы жаман қасиеттерді жиып-тере бермей, солардың бойындағы жақсылықты іздеу.

Қазақ халқы этникалық, рухани жағынан мыңдаған жылдық дәстүрі, мәдениеті, философиясы, әдебиеті, тарихы бар халық. Бұл халық қыздарға құрметпен қарауға айрықша мән берген, оны адамгершілік өнеге ретінде тұтынған.

Қортынды: Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі.

Қыздар тәрбиесін ұйымдастыру нақты принциптер арқылы жүзеге асады. Қыздарды тәрбиелеуде бұл принциптер әдіснамалық негізі болып табылады. Біз халық ұсынған принциптерді басшылыққа алдық. Өйткені, әр халық өзінің ұрпақ жалғастығын, отбасының ұйытқысы, береке - бірліктің бастауы - қыздарын тек жақсылыққа тәрбиелеген. Бойжеткеннің абыройлы ізгілігін, жан сұлулығы мен тән сұлулығын, еңбекқорлығын, ақыл парасатын ең құнды қасиеті деп бағалаған.

Қыздарды тәрбиелеуде негізгі күш-жігер халық тәлім-тәрбиесін бүгінгі күннің уақыт талабына үйлестіре жүргізіп, қазіргі проблемаларды шешу мүмкіндігіне сай тозығын тастап, озығын алу арқылы қыздар тәрбиесіндегі тығырықтан шығуда жәрдемі көп. Қыздар тәрбиесін ұйымдастыруда адамгершілік тағылымдарын ұқтырып, оны ішкі сыр-сипаты мен түрлерін терең меңгертіп, халықтың тарихи даму жолында бізге жеткен халықтың тәжірибелік принциптерін көзге алу керек.


Тақырыбы : Мектеп , ата-ана , бала.

Мақсаты :Жаныңда жүрген жақын адамдарды,сыйлауға , құрметтеуге үйрету.

-Адамдардың бір -біріне деген мейірім шапағатының мән -мағынасын түсіндіру.

- жанында жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншілігін дамыту

-жаныңда жүрген жақын адамдарды қадірлей білуге үйрету.

Шаттық шеңбері

«Ана туралы жыр » үнтаспаға қосылып айтады.

Әңгімелесу

  • Аялау , қадіріне жету ,қадірін білу дегенді қалай түсінесің?

  • Айналаңдағы адамдардың мейірімін сезініп бағалайсың ба ? Қалай?

  • Адамдар саған рақмет айтама өзің ше ?

Аялау , қадірлеу сөзінің антонимдік және синонимдік мағынасын қарастырыңдар



Жаңа ақпарат

Жаныңда жүрген адамдарға жүрек жылуын жеткізе білу , Айнала қоршаған адамдар , отбасы мүшелері , құрбы-құрдастар , достар ,арасындағы сыйластық ,құрмет.

Адамдардың бір-біріне мейірім -шапағаты. Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне білу, оларды аялай білу . әрбір ізгі қарым -қатынас құрған жағыдайда ауызбіршілік сақталып , жүректер үйлесімділік табады.

Мәтінмен жұмыс .Ана махаббаты

Талдау , сұрақтарға жауап беру.

Жағыдаятты талдау.

Дәйексөз

Өзінің айналасындағы жора -жодастарының , бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді. Және айналасына зиянын тигізеді

Тапсырма

Өзіңнің жақындарыңды қалай қуантар едің?

Жүректен -жүрекке

Қ.Қазыбековтың «Әке арманы » әнін орындау

Тақырыбы : Ата салтым- асыл қазынам!

Мақсаты :

- халық дәстүрлері туралы түсінік беру ,түсініктерін кеңейту

-Оқушыларды салт -дәстүрімізді құрметтеуге, білуге міндетті екендіктерін ұғындыру

- ізгілікті жауапкершілікті , ұқыпты болуға тәрбиелеу

Көрнекіліктер : Фотоальбом , энциклопедия , кітаптар .

Шаттық шеңбері

Елім менің Сөзі : Назарбаевтікі әні : Б.тілеухановтікі

Қазақ халқы салт -дәстүрге өте байел. Бұл -оның мәдениеті , әрі тәрбиелі екендігі туралы айғақ.

Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұл қасиетін салт-дәстүрімен , өнегелі әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әде,пті ырым-тиыммен тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып, жол екендігін көрсетті. Отаншылдық , ерлік, мәрттік , жомарттық , қайырымдылық , жоғарғы адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған.

Мәтінмен жұмыс

Шаңырақ. Қ.Толыбаевтікі

  • Қазақ ұғымында қара шаңырақтың маңызы қандай ?

  • Қара шаңырақты қастерлеу ұрпаққа неілктен парыз болып саналады?

  • Қара шаңырақты аялауда отбасылрыңда қандай дәстүр сақталған?

Дәйексөз

Дәстүрін ел-жұртымның ардақтаймын,

Ежелгі ата -баба салтын сақтап. (Халық өлеңі )

***

1 Тапсырма . нақыл сөздерді оқып, мағынасын өз ойларыңмен тұжырымда .

Елдің -елдігін сақтайтын-әдебиеті, тарихы , жол-жорасы .М.Жұмабаев

***

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға тараған тілімізді ұмыту -бүкіл ата-бабамызды , тарихымызды ұмыту . Бауыржан Момышұлы



***

Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес , жалпы адамды силауға баулиды . Ғабиден Мұстафин

2 тапсырма

Халқымыздың салт -дәстүрін жалғастыру неліктен қажет деп ойлайсыңдар?

Жүректен жүрекке

Үш бақытым Сөзі : М.Мақатаевтікі Әні : Б.Жұмалиндікі






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал