- Учителю
- Открытый урок родной язык на тему «Қайсар»
Открытый урок родной язык на тему «Қайсар»
Ана тілі, 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қайсар»
Мақсаты:
1) Білімділік: Мәтін талдауға, шығармашылық жұмыс жасауға машықтандыру. Аймақтық компонентті пайдалану.
2) Тәрбиелік: Өнерге баулу. Ұжымдық жұмыс арқылы өзара татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқу, сөйлеу дағдыларын, ой-қиялдарын дамыта түсу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, т.б.
Әдіс - тәсілдер: оқу, талдау, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегияларын пайдалану, сурет салу және мүсіндеу, аймақтық компонентті қолдану.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, информатика.
Түрі: шығармашылық сабақ.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг.
Шеңберге тұрып, сәлемдесу:
-
Амансың ба, алтын Күн!
-
Амансың ба, көк Аспан!
-
Амансың ба, Жер - ана!
-
Амансың ба, достарым!
Бір -біріне жүрек ұсынып, тілек білдіру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Тақырыпты хабарлау. («Қайсар»)
«Ой қозғау».
-
Қане, кім қайсар деген сөзге мағынасы жуық сөздерді айтып жібереді?
-
Өжет, төзімді, шыдамды, батыл, тайсалмас, т.б.
Ұстамды, тайсалмайтын батыл, өжет болсын деп кісіге де Қайсар деген есім береді. (Кітап суретін слайдтан көрсете отыра мәтінді оқу - 191 бет).
Енді талдау жұмысына кірісейік:
-
Осы әңгімеде қандай ағаш туралы айтылып отыр?
-
Қарағай ағашы туралы.
(Слайдтан көрсету)
Мынау - қарағай ағашы мен оның бүршігі. Қарағай - қылқан жапырақты ағаш, яғни жапырақтары тікенді, ине тәрізді, жасыл ағаш, ол биікке бойлай, тігінен өседі. Көктемде гүлдейді, бүршігімен аң - құс қоректенеді. Қарағайлы орманда түрлі құстар, тиін, боршатышқандар көп болады. Қарағай - құрылыс материалы.
-
Қарағай ағашы біздің өлкемізде өсе ме?
-
Өседі. Бұл ауданымыздың Бесқарағай деп аталуынан-ақ белгілі. Онда қарағайлы орман бар. Біз оны мақтан етеміз. Орманды өрттен, бүлдіруден сақтауға тырысамыз.
-
Қарағайдан басқа тағы қандай ағаштар кездеседі?
-
Қайың, терек, тал ,шырша, т.б.
-
Осы мәтінде қысқы аязды қалай суреттеген? (оқу)
-
Әңгімеде аяздан ықпаған қарағай туралы не айтылған?
Қарағай аязға мыңқ етпейді, иілікпейді, ықпайды. Ол өзінің қауқарына, күш-қуатына сенеді. Қайсарлығы жебейді. Төзімділігіне айналасындағылар қызыға қарайды. Табанды қылығымен маңындағыларға дем береді. Өзіне қызығушыларды асқақ кескінмен қайсарлыққа шақырады. Қарағай - ағаштардың өнеге тұтар, тәлім алар, қайсарлыққа үйретер үлгісі.
- Сол асқақ қарағайдан қайсарлықты үйренетін ағаштың бірі - қайың екен.
(Слайд көрсету арқылы қайыңның қасиетін айту)
Қайың - сымбатты да сұлу, қабығы аппақ, жапырақты, гүлі сырға тәрізді ағаш. Одан - үй жиһазы, қабығынан - ыдыстар жасалып, себет тоқылады. Сыпыртқыш, дәрі - дәрмек, шырын, фанер жасайды.
Енді осы екі ағаштың ортақ белгілерін Венн диаграммасына түсірейік:
Ағаш, тірі табиғат, өсімдік; мүшелері бар; ауаны тазартады; көлеңке, сая; әдемі; отын.
Қайың Қайың
ааапаҚҚайың
Қарағай
-Балалар, өз туыстарыңның, достарыңның қайсарлығы жөнінде шағын эссе құрастырып көріңдерші.
Оны «Автор орындағанда» оқу.
Еркежан: Менің әкем сабырлы, салмақты адам. Бізге әрқашан қамқоршы, әкем ауырып қалған кезінде шыдамдылық, төзімділік, қайсарлық көрсетеді. Мен әкемді мақтан етемін.
Алдияр: Менің әжем өте қарапайым кісі. Балаларын, енді бізді -немерелерін қарап, өсіріп отыр. Мінезі табанды, ақылды. Біздің еркелігімізді көтеріп, ақыл айтады. Мен әжемді жақсы көремін. Сыйлаймын.
Нұрболат: Менің әжем іскер кісі. Ою ояды, киім тігеді. Жасы 70-ке келсе де, шаршамайды, ерінбей - жалықпай құрақ құрайды, әдемі көрпе жасайды. Бұл да қайсарлық мінезден шығар...
Топтық жұмыс: (2 топқа бөлу). Тапсырмалар: 1-топ: «Сурет» орталығында Бесқарағай орманының ағаштарын салып, бояу.
2 - топ: «Мүсіндеу» орталығында қайсар қарағайды ермексаздан жасау, әр топ лидері белгіленіп, жұмыстарын қорғап шығу.
Қорытынды:
Рахмет, балалар! Талаптарыңа нұр жаусын! Табиғатты қорғаңдар. Ағаштар мен гүлдерді сындырмаңдар, көкті жұлмаңдар. Оларды көбейтіп, егіп, өсіріңдер. Қамқор болыңдар. Бойларыңа қайсарлық қасиетті дарыта біліңдер.
«Өзіңді бағалау» парақшасын толтыр.
Үйге тапсырма беру.