7


  • Учителю
  • М. Мақатаев 'Аққулар ұйықтағанда' открытый урок

М. Мақатаев 'Аққулар ұйықтағанда' открытый урок

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасының композициясы мен сюжеті (сын тұрғысынан ойлау сабағы)

Сабақтың мақсаты:

Мұқағали поэзиясына талдау жасау, поэманың тақырыбы мен идеясы, композициясы туралы теориялық білім беру

1.Білімділік: Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұрындыру себебін таныту,қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жетелеу.

ә) Аққудың басқа құстардан өзіндік ерекшелігі,қасиеті,киелі құс екендігін суреттеудегі ақынның шынайы сезімін таныту.

2.Дамытушылық: Оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру,өз ойын дұрыс тұжырымдап,дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, талдаулар жасай білу, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту, ізденгіштік, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

3.Тәрбиелік:Ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы эстетикалық талғамдарын шыңдау, көркем шығарма арқылы табиғаттың сұлулығын сезіне отырып табиғатты қорғау, қамқорлықпен аялай білуге баулу, табиғатқа деген адамгершілік қарым-қатынасын,экологиялық мәдениетін қалыптастыру.


Сабақтың түрі: СТО сабағы.

Пәнаралық байланыс:Экология,бейнелеу өнері, музыка, жаратылыстану, қазақ тілі т.б.


Сабақ көрнекілігі:ақын суреті,техникалық құралдар,компьютер,аққу туралы жазылған нақыл сөздер,тақырыптық суреттер,көрініс,сызба- кестелер, түсіндірме сөздер.


Сабақтың әдіс-тәсілдер:

  1. Адасқан жоспар (Мазмұндық жоспар құру).

  2. Сюжеттік-композициялық жоспар -талдау.

  3. Сахналық көрініс.

  4. Шығармашылық ізденіс бағытында:"Дебат-пікір- сайыс "

  5. Бес жолды өлең-тақырыптық өлең құрастыру

  6. Эссе- ой толғаныс.

  7. Түртіп алу.


Сабақ барысы.


I.Ұйымдастыру.

1.Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету.(Ақынға берілген бағалар)

Енді осы поэма жайлы Т.Молдағалиев ағаларыңның мына бір тамаша сөзіне назар аударалық.

«Мұқағали поэмаларының ең асылы,ең биігі деп мен «Моцарт», «Жан азасы» мен «Аққулар ұйықтағанда»деген дүниесін атаймын. Бұлар-алтын ішіндегі меруерттей сәуле шашатын ұлы дүниелер.

Бұл - оқырманын бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін оқыттыратын, адам жанына мұң тарту ететін ерекше туынды.Сендерге бұл поэманың мазмұнын оқып, талдауға берілген болатын.Ендеше тапсырмаларды талдауда топтық жұмысына кірісейік.

II.Үй тапсырмасын пысықтау. І Талдау кезеңі.

а) Қызығушылығын ояту кезеңі. «Адасқан жоспар»

ә) Сюжеттік-композициялық жоспар бойынша талдауға арналған сұрақтар.

Поэманың композициялық элементтері.

Поэманың экспозициясы туралы не айтасыңдар?

Оқиға қалай басталады?

Оқиғаны байланыстырып тұрған не?

Оқиғаның дамуын қалай түсінесіндер?

Психологиялық шегініс жасасақ, ананың қандай

көңіл - күйі берілген?

Оқиғаның шиеленісуі неде?

Оқиғаның шарықтау шегі қалай көрініс тапты?

Оқиғаның шешімі қандай болды?

Оқиға соңы немен аяқталды? Эпилог.


Б) «Ана қасіретін» бейнелейтін тұстары қалай суреттелген, теориялық айшықтаулардың қандай түрін таптың?


Ойшақыру "Поэманың өзегіне арқау болған қандай тақырыптар?"- табиғат, аққу, ана

Сергіту сәті: Полиглоттық ойын(поэмаға арқау болған сөздерді үш тілге аудару).


II Жалғау кезеңі. Мағынаны ажырату. \пікірталас\

Поэма \қасиет, қасірет\ туралы.

а\ «Поэма осылай туған еді».

  • Бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма "Аққулар ұйықтағанда»- ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.

  • Поэманы мейлінше талдадық, енді содан туған ойымызды одан ары қарай жалғайық.

  • 1.Жақтаушы топ: «Аққу»

  • Тақырыбы: "Аққулар ұйықтағанда"

  • -экология тақырыбындағы поэма.

  • Кілт сөздер: "Аққуды атуға болмайды".

  • Дәлелдеме: 1.Көлдің сәні-аққулар.

  • 2.Аққу киесі оңдырмайды.

  • 2.Даттаушы топ: «Ана»

  • Тақырыбы: "Аққулар ұйықтағанда"

  • поэманың тақырыбы экология емес.

  • Кілт сөздер: "Ана-махаббатымен құдіретті"

  • Дәлелдеме: 1.Бәрі де адам үшін жаратылған.

  • 2.Наным-сенімнен де ана махаббаты құдіретті.


3. Үкім шығарушы топ: «Табиғат»

Болжам:

Қорытынды: - Балалар, адам - табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар.

Бірі - тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы.Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.

  • Ал біз, адамдар, солай етіп жүрміз бе? Жоқ, керісінше, біз қаталдық пен жауыздықты бірінші соларға көрсетіп жүрген жоқпыз ба?

  • Қасиетке оқ атқызған (анаға) қандай күш?

Баласы үшін өлімге де баратын ана қасиетке (аққуға) оқ атты. Ол ана үшін өліммен бірдей еді. Қасиетке оқ ату қасірет болды.


Көруге келген қатысушыларды сабаққа тарту:

Мақал-мәтелдер айту тақырыпқа қатысты


ІІІ Самғау кезеңі. Ой толғау.

Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?

Сендер үшін тәрбиелік мәні қаншалықты, бүгінгі сабақтан маңызды не алдыңдар өздеріңе? Білген, түйгендеріміз жөнінде тереңірек толғайық.

Шығармашылық жұмыс.

Міндеті: «Жеңіске жеткің келе ме, ізден, ойыңды дәлелдей білуге үйрен, біліміңді ұшта»

1.Бес жолды өлең-тақырыптық өлең құрастыру (дарынды оқушылар)

1.Зат есім- Аққу Ана

2. Сын есім- сұлу,киелі, ақ мейірімді, арашашы,бақытсыз

З. Етістік- жүзеді,таранады,ұшады қайғырады, атады, өкінеді

4. Сөйлем- аққу Жетімкөлді мекен еткен. Ана аққуды атқанына өкінеді.

5. Зат есім- құс адамзат


2.Эссе- ой толғаныс.


3.Сөздіктер әлеміне саяхат-түсініксіз сөздердің мағынасын ашып, оған сөйлем құрау, сөйлем мүшесінің қай түрі екенін анықтау.(түртіп алу стратегиясы)

(үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс).

1.тәуіп 2.аракідік 3. Адуынды 4. Кәззап 5. Байыз 6. Сүле-сопа.

V Сабақты бекіту: Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу

анаға оңай түсті ме? Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Оқушылар, ақын Ф. Оңғарсынова «Мұқағалидай ақыны бар халық - бақытты халық» деген екен. Олай болса, сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың ұрпағысыңдар.

VI Үйге тапсырма:

  1. «Ақын және аққу» тақырыбына өлең жаз (шығармашылық топ).

  2. Поэманы оқып, ұнаған шумағын жатта.(мүмкіндігі келсе сурет салу)

ҮІІ Бағалау. Топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал