- Учителю
- 'Түбі адам болатын бала' ашық сабақ, 6 'А' сынып
'Түбі адам болатын бала' ашық сабақ, 6 'А' сынып
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 6 «А»
Тақырып: Түбі адам болатын бала (Қожа бейнесі)
Мұғалімі: Бұлақбаева Айнұр Маратқызы
Күні: 28.11.2015
Сабақтың мақсаты: Оқушылар Қожа бейнесін таниды
Сабақтың міндеттері:
А) білімділік: Оқушыларды мәтін арқылы Қожа бейнесін тануы
Ә) тәрбиелік: Оқушыларды қамқор болуға, мейірімділікке, арманшыл болуға
тәрбиелеу
Б) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейте отырып, логикалық
ойлауын дамыту
Сабақтың барысы:
-
Топқа бөлу. «арманшыл, қиялшыл, қамқор, еркін, әзілқой» сөздері арқылы топқа бөлу.
-
Ой қозғау. Оқушыларға «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсету арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мазмұнын ашу.
-
Топқа бөлінгеннен кейін әр топтан 1 спикер дайындап, оған бағалау парағын беру
-
Үйге берілген тапсырманы сұрау. (Сюжеттік жоспар құру).
-
Әр топқа тарауларды бөліп беру. Тараулар бойынша Қожа бейнесін ашу
1-топқа тапсырма
-
Қожаны қандай оқиғадан көреміз? /1-2 тарау бойынша/
Қысқаша әңгімелеу
2-топқа тапсырма
-
Осы тараудан Қандай Қожаны байқадың? Яғни осы тараудағы Қожа бейнесі. Сендерде осындай оқиғалар болды ма?
3-топқа тапсырма
-
Осы тарайлардан Қожаны қайдан көрдік? Қожа бейнесі тағы қандай қырынан танылды?
4-топқа тапсырма
-
Бұл бөлімнен нені байқадық?
Қожаның уәде беруі. Уәде деген сөз Қожа үшін қаншалықты маңызды?
5-топқа тапсырма
-
Соңғы бөлімнен Қандай Қожаны байқадық?
Осы бөлімнен Қожаның бойындағы қандай қасиетін бағаладың?
5 топ Қожа бейнесін аша отырып, Қожаға кластер жасау
ҚОЖА
Сабақты бекіту
Топтық жұмыс
-
Әр топқа тапсырма
1-топ: Әңгімеден бүкіл Қожаның жаман қасиетін табу
2-топ: Қалай ойлайсың, Қожаның сүйікті, сүйкімді болуына не себеп?
3-топ: Кино жанры мен әдеби жанрды салыстырыңыз
4-топ: РАФТ. Қожаға хат.
5-топ: Қалай ойлайсың, оның арманшыл, қиялшыл болуына не себеп?
Бағалау. Кері байланыс. Оқушыларға сабақ ұнаса, қызыл түспен, онша ұнамаса, көк түспен белгілеу. /Қыран құстың бейнесін шығару./
Қорытынды
Оқушыларды бағалау
Үй тапсырмасын беру. Үйге: «Самға қиял...» атты тақырыпта өз арман-қиялдарыңды жинақтап, шағын эссе жазып келу. ІІ тоқсанның демалысында «Менің атым Қожа» повесін толық оқу.