- Учителю
- Қазақ тілі пәнінен 'Синонимдер' тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Қазақ тілі пәнінен 'Синонимдер' тақырыбы бойынша сабақ жоспары
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
___________
Сабақ жоспары № 11
Пәні: Қазақ тілі
Тобы: ________ Мерзімі: ___________
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Жәнібек пен бала.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Синоним.
Эпиграф:
Шешеннің парызы - шындықты айту.
Шешендік - ақылмен билеу өнері.
(Платон)
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: оқушыларға шешендік сөздер жайлы білімдерін толықтыру; Айтулы тұлға - Жиренше шешен жөнінде мағлұмат беру; Синонимдер туралы түсінік беру.
ә) дамытушылық: оқушылардың тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайтып, көркем әдеби тілде сөйлеу мәнерлерін дамыту;
б) тәрбиелік: оқушылардың шешендік өнерге деген қызуғышылықтарын арттырып, шешен кемеңгерлердің сөздерінен тәрбие алуға баулу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.
Оқыту құралдары: тірек сызбалар, компьютер.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Синонимы»
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Оқушылардың дәптерлерін тексеру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
-
«Жәнібек пен бала» мәтінін оқу, аудару.
-
Мәтіндегі түсініксіз сөздерді түсіндіру:
Көз жазып қап - жоғалтып, тұсап қою - байлап қою (аяғын); жетектеп келеді - алып келеді; қайран қалады - таңғалады; мана - бағана.
-
Мәтіндегі Жиренше шешен туралы қысқаша мағлұмат беру.
Жиренше шешен - қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиеті арқылы халық арасына атақ-даңқы кеңінен жайылған айтулы тұлға. Оның туған жылын, қайсы атадан шыққанын, өмір жолдарын дәл тауып айту мүмкін емес. Өйткені Жиренше шешен - ауыз әдебиетіндегі Алдар Көсе, Қожанасыр тәрізді аңызға айналып кеткен фольклорлық бейне. Аңыз бойынша ол әз-Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Жиренше шешен сол әз-Жәнібектің сарай биі, шешен болғанға ұқсайды. Өйткені халық аузында да, тарихи шежірелерде де екеуінің есімі қатар аталып отырады.
Әз-Жәнібектің 1406-1473 жылдар аралығында өмір сүргені аян. Бір аңызда аң аулап серуен құрып жүрген Жәнібек жігіт кезінде 7-8 жасар шамасындағы аққұбаша жетім балаға кездесіп, танысады. Оны үйіне әкеліп, жуындырып өзіне серік етіп алады. Аққұбаша бала өсе келе сол Әз Жәнібек ханның сарай би-шешені боп кетеді.
Жиренше шешен жөнінде Қазақ Совет энциклопедиясында былай жазылған: «Жиренше шешен - қазақ ауыз әдебиетіндегі кейіпкер, ақыл-парасаттың, тапқырлықтың символы. Қазақ аңыздары бойынша Жиренше шешен тарихта болған. Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі».
Сабақтың грамматикалық тақырыбын түсіндіру:
Ереже.
Мағыналары бір-біріне жуық, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын синонимдер дейміз.
Сызба № 1
Синонимдер
мынадай белгілеріне қарай топтастырылады:
-
Сөздің дыбысталуында өзгешелік болуы керек.
-
Сөздер бір ғана ұғымды білдіреді.
-
Сөздер бір ғана өз табына қатысты болуы тиіс.
Сызба № 2
Сызба № 3 (қоса берілген)
ІІІ. Бекіту.
-
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
-
2,3,4 жаттығуларды орындау
Тапсырма:
Мәтіннен төменде берілген сөздердің антонимдік сыңарын тауып жазыңдар:
елді жер -
көп -
тірі -
сараң -
Тапсырма:
Синоним сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.
Кез болады, кездеседі, жолығады;
Таңданады; қайран қалады;
Бағана, мана, бұрын;
Шырағым, қарағым, қалқам;
Іздеп жүр едім; қарап жүр едім;
Қону, түнеу, демалу;
Үлгі: Бала түйесін іздеп жүр еді.