7


  • Учителю
  • План урока по казахскому языку на тему Менің сыйлықтарым

План урока по казахскому языку на тему Менің сыйлықтарым

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақ: Менің сыйлықтарым

Мектеп: Х.Хамраев

Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Н.Ж.Ниетбаева

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

«Менің сыйлықтарым» тақырыбы арқылы айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру. Тәуелдік жалғауларын қайталау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Сөздерді тәуелдейді. Мәнерлеп оқиды. Құттықтау хат жасайды.

Көпшілігі орындай алады:

Тірек сөздерді пайдалану арқылы тілек жазады. Ән айтады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Суреттерді пайдалана отырып мәтін құрайды. Сыйлық таңдаудың мәнін түсіндіреді.

Тілдік мақсат:

Оқушылар істей алады:

Берілген сөздерді тәуелдейді. Постер жасайды.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Азамат, бақыт, денсаулық, озат, сыйлық.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тақырыптар:Сыйлықтардың құны қалай бағаланады?

Жазу үшін ойға алу:Тәуелдік жалғаулардың үндестік заңына қарай жалғануы.

Алдыңғы оқу

Сабақты еңбек, қазақ тілі және музыка пәнінің мұғалімдері бірге бастайды.Оқушылар шеңберге тұрады.Музыка басталған кезде қолдарындағы үш түрлі түсті қағаздарды бір-біріне береді.

Музыка тоқтаған кезде оқушылар қолдарындағы түске байланысты үш топқа бөлінеді. Орындарына отырғаннан кейін өткен сабақта «туған күн» тақырыбындағы сабақтың суреттерінен слайд көрсетемін. 5-мин

Жоспар

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (ескертпелер)

Ресурстар

Басы 2мин





2мин

10мин











































Слайд арқылы жаңа сабақтың мақсаты ашылады. Оқушыларды сабақтың мақсатымен және күтілетін нәтижемен танысады. Оқушылар ауызша «Сыйлық» сөзін тәуелдейді.(жеке жұмыс)

Топтағы балаларға ковертпен сыйлық беріледі. Бұл ерекше сыйлық. Ішіндегі сөздерден өлең жолдарын құрастыруы қажет.(топтық жұмыс) Белгілі бір уақытта аяқтауы қажет. 1-топ құраған өлең жолдарын мәнерлеп оқиды. 2-топ музыкамен мәнерлеп оқиды. 3-топ әндетіп оқиды.

1-топ Анамыздың анасы,

Ақ жаулықты ақ әжем.

Айналайын құлыным,

Деп айтатын дана әжем.

Еркелетіп өсірген,

Айналайын ақ әжем.

2-топ Ей, балалар, балалар,

Бар қасиет нанда бар.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

3-топ Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін жақсысын,

Саған таңдап әперді,

Не деп барып жеу керек?

«Рахмет» сізге деу керек.

жұмбақ

Ортасы

7мин

























15мин

Топтық жұмыс. Оқушылардың алдына түрлі сыйлықтардың суреттері беріледі және сол сыйлықтарды сыйлайтын отбасы мүшелерінің суреттері беріледі. Топ өзара ақылдасып, қай сыйлықты кімге сыйлайтынын шешіп, постер құрады. Екі сурет пен екі отбасы мүшелері болуы қажет. Еңбек пәнінің мұғалімі желімді дұрыс қолданып, суреттерді дұрыс орналастыру туралы нұсқаулық береді. Оқушылар жұмысын бастағанда музыка ойнап тұрады. Нәтижесінде әр отбасы мүшесіне лайықты сыйлық таңдауы қажет. Сонымен қатар неліктен таңдағандарына түсінік береді. Өзара шешім қабылдағанда оқушылар диалогқа түседі. Тақтаға шығып әр топ өз постерлерін қорғайды.

Сабақтың тақырыбына байланысты оқушылар дайын оплкациядан құттықтау хат жасайды. (жеке жұмыс)

Тірек сөздерді пайдаланып, досына тілек жазады. Әрн топтан екі оқушыдан оқып, топтар бір -біріне сыйлықтарын береді. Еңбек, музыка, қазақ тілі пәні мұғалімдері бірлесіп сабақ жүргізеді.



Соңы

4мин

Оқушылар тақтаға шығып «Балдырған» әнін шырқайды. Үйге:119-бет 1-тапсырма

тест

Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушылар постер қорғап, жеке өз пікірін білдіреді. Қосымша көмек күтетін оқушылар сурет арқылы сөйлеп, тарту, итеру сұрақтарына жауап береді.

Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пирамиданың жоғарғы жағына қазақ тілі мұғалімі ортасына еңбек, соңына музыка пәні мұғалімі сабақ барысында смайлик арқылы оқушылардың білімін бағалап отырады. Сабақ соңында қорытындысын шығарады.

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Еңбек, музыка.

Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен жоспарларыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Ауытқуларға жол бердім және неліктен?



Қорытынды бағалау

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды?

1.



2.



Қандай екі нәрсе сіздің сабағыңызды жақсарта алды?

1.



2.



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім?









План урока по казахскому языку на тему Менің сыйлықтарым





План урока по казахскому языку на тему Менің сыйлықтарым

План урока по казахскому языку на тему Менің сыйлықтарым

План урока по казахскому языку на тему Менің сыйлықтарым

План урока по казахскому языку на тему Менің сыйлықтарым













План урока по казахскому языку на тему Менің сыйлықтарым





План урока по казахскому языку на тему Менің сыйлықтарым































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал