- Учителю
- Открытый урок на тему 'Кәсіби сөздер' (5 класс)
Открытый урок на тему 'Кәсіби сөздер' (5 класс)
Cынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Кәсіби сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларға қазақ тіліндегі кәсіби сөздер жайлы мағлұмат беріп ,жаттығу жұмыстарын жүргізу;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау,ой жинақтау еркін сөйлеу,шығармашылық қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік : Дұрыс сөйлей білуге, өз білімін бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, рефлексия, суреттер
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, жаттығу , ой жинақтау, сұрақ-жауап
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ процесіне дайындау
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Ережені оқу
187 -жаттығу. Мына диалект сөздердің әдеби тілдегі баламаларын жазып шығыңдар.
Үлгі: сүгірет-сурет, ішқұста-ішқұса...
III.Жаңа сабақ
Кәсіби сөздер-жұрттың бәріне түсінікті бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана қолданылатын сөздер.
Кәсіби сөздер
Қолөнершілікке Ауыл шаруашылығына
қатысты сөздер қатысты сөздер
пышқы-араның бір түрі қоза-мақта өсімдігі
ыңғыру-ағаш оятын құрал терімші-мақта теруші
IV. Бекіту
Жаттығу жұмыстары
195-жаттығу.Мәтіннен ұсталық кәсіпке қатысты сөздерді теріп жазыңдар.
Үлгі: көмбе, қара қорыс ...
197-жаттығу. Кәсіби сөздерді теріп жазып, олардың қай кәсіпке қатысты екенін айтыңдар.
Үлгі: ремарка, пьеса ...
Суреттегі бейнелердің қай кәсіпке жататынын анықтаңдар.
V.Сабақты қорытындылау:
Білетінім
Білгенім
Білгім келеді
VI.Үйге тапсырма
Ережені оқу
196 -жаттығу. Суреттер топтамасындағы 6-суретте бейнеленген ыдыс түрлерінің аттарын атап шығыңдар.
«Қазақтың тұрмыстық бұйымдары» деген тақырыпта шағын мәтін құрастырып жазыңдар.
VII. Оқушыларды бағалау.