- Учителю
 - Халық ауыз әдебиеті күнделікті сабақ жоспары
 
Халық ауыз әдебиеті күнделікті сабақ жоспары
|   Қазақ әдебиеті  |   Мұғалім  |   Уақыты:  |   Кабинет  | |
|   Сабақтың атауы  |   Халық ауыз әдебиеті  | |||
|   Мақсаты  |   а) Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу; б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;  | |||
|   Топқа бөлу  |   Пазл арқылы топтарға бөлу  | |||
|   Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру  |   «Сәлемдеме хат» жаттығуы Мақсаты: жағымды көңіл-күй, топ ұйымшылдығын арттыру, симпатия сезімін дамыту. Нұсқау: мен сіздерден өз сәлемдемелеріңізді параққа жазып, мына тақташаның үстіне қоюларыңызды сұраймын. Ал енді бұларды араластырамын.Сіздер оны қайтадан алып, өзіңізге келген сәлемдемені оқисыздар. Қаласаңыз осы кездесудің естелігі ретінде өзіңізде қалдырасыз.  | |||
|   Сабақтың барысы  |   Мұғалімнің іс-әрекеті  |   Оқушының іс-әрекеті  | ||
|   Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту  |   «Ауыз әдебиеті» туралы не білеміз?  |   Таныстырылымды тамашалайды, әңгімелеседі  | ||
|   Мағынаны тану  |   Ауыз әдебиеті - халқымыздың асыл мұрасы. Ол - төгілген сөз маржаңдарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген. Бұл тарауға тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз- әңгімелер, батырлық дастан мен лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер үлгілері сияқты ауыз әдебиетінің әр түрі енген. Оларды оқып-үйрену үстінде әдебиеттің көркемдік әлеміне енесіндер. Асыл сөз өрнектерімен сусыңдап, рухани жан дүниелерің байи түседі. Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті - олардың құнарлы топырағы Ауыз әдебиеті - талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген. Топпен жұмыс: .Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру. Тұрмыс-салт жырлары мақалдар жұмбақтар Ауыз әдебиеті ертегілер 
 аңыз әңгімелер мәтелдер шешендік сөздер айтыстар  | |||
|   Ой толғаныс  |   1-топ Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді? 2-топ Ауыз әдебиеті дегеніміз не? 3-топ Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?  | |||
|   Бағалау  |   Оқушыларға бағалау парақшаларын үлестіру  | |||
|   Үйге тапсырма  |   Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келу.  | |||