7


  • Учителю
  • Конспекты ашық сабақ 'Отырар' 5 сынып

Конспекты ашық сабақ 'Отырар' 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов «Отырар»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Белгілі ақын М.Шахановтың «Отырар» поэмасының мазмұны арқылы тарихи тұлғалар өмірінен деректер беру, әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға дағдыландыру

  2. Дамытушылық: Қорытынды ой түю, әдеби шығарманы талдау біліктілігін дамыту

3) Тәрбиелік: Туған жерді қадірлеу, халқына қызмет ету, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың типі: Аралас (интеграцияланған)

Сабақтың әдісі: дамытушы, мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: тарих, биология


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

Жапырақшалардың артындағы сұрақтарға жауап беру арқылы түймедағы өсімдігінің бейнесін жасау

  1. М.Шаханов қай жылы, қайда дүниеге келген?

  2. М.Шахановтың қандай шығармаларын білесің?

  3. М.Шаханов кім? (ақын)

  4. Отырар қаласының тарихы

  5. Отырардың билеушісі кім?

  6. Отырар Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

  7. М.Шахановтың сөзіне жазылған қандай әндерін білесіңдер?

Міне, балалар алдарыіңызда түймедағы өсімдігі. Түймедағы - өте шипалы, емдік қасиеті бар өсімдік. Ол бір жылдық, көпжылдық болып өседі. Түсі ақ, сары, қызғылт. Дәрілік қасиеті өте жоғары: тер шығарады, сіреспе, асқазан, бас ауруларына мың да бір ем. Бұл гүлді тектен-тек Мұхтарға теңеп отырған жоқпыз. Мұхтар да елдің қай жері ауырады, қай жағы ақсап жатыр, сол жерден табылады. Емші ауруды емдесе, Мұхаң - халық толғандырған мәселені дөп басып, ел мұңын емдеген адам.

Біз өткен сабақта М.Шахановтың «Отырар» поэмасын өткен болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда сол «Отырар» поэмасын талдайтын боламыз. Сабағымыздың мақсаты: «Отырар» поэмасының мазмұны арқылы тарихи тұлғалар өмірінен деректер беру, әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға дағдыландыру.

Жеті саны қандай сан? (қасиетті)

Сондықтан сабағымыз жеті сатыдан тұрады.

І саты

Кейіпкерлерге мінездеме беру

Поэма кейіпкерлері

Шыңғыс хан

Шағатай

Қайырхан

Қарашоқы

Қария

Керекті сөздер: Монғол хан, Сатқынның әкесі, Отырар ханы, Шыңғыс ханның ұлы, айлакер, тәжірибесі мол қолбасшы, сатқын, опасыз, туған жердің қадірін білмейді, мейірімді, әділ, дана, ел тарихын ойлаушы, ел болашағын ойлаушы, ел болашағын ойлаған намысшыл

ІІ саты

«Отырар» поэмасына жоспар құр

  1. Шыңғысхан мен Шағатайдың әңгімесі

  2. Шыңғысханның Отырарды жаулап алуы

  3. Шыңғысханның Қайырханмен кездесуі

  4. Қарашоқының сатқындығы

  5. Шыңғысхан мен қарияның кездесуі

  6. Шыңғысханның шешімі

  7. Қарияның баланы құтқаруы

  8. Қайырханның өкініші


ІІІ саты

Ребус шешу.

Жауабы: Қаншама иттік етсе де олар жауына,

Туған жерін сатпасына сенемін

ІҮ саты

Мына өлеңді қара сөзбен баянда

Егер бүкпей баяндасам шындықты,

Рухы - өр,

Тәні - бекем

Бұл бір қайсар халық екен,

Тірліктен де артық қойған бірлікті

Өлең жолын мақалмен сәйкестендір...

Жылан туса жыланнан

Құлан туса құланнан

Таңданатын түк те жоқ.

Бірақ жылан қалай туды қыраннан

( Бір биеден ала да туады, құла да туады)

Ү саты

Сиқырлы сөздер

Қайран тірлік бақ пенен сор қырқысқан

Түлкі - сайға,

Қыран - өрге тырмысқан,- дегендегі түлкі кім? Қыран кім? Неге олай деді?

ҮІ саты

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтан тауып оқы

Шыңғысханның Қайырханға берген бағасы қандай?

ҮІІ саты

Шығармашылық жұмыс

Бүгінгі сабақтан алған әсерім...

Егер де мен ақын болсам....

Қорытындылау


Үйге тапсырма: «Есте қалсын Отырардың жанқиярлық ерлігі» тақырыбына шығарма жазу.


Бағалау.

Ақшұқыр мектеп - лицейі

М.Шаханов «Отырар»


Дайындаған: С.Сейдахметова



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал