7


  • Учителю
  • «Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру»

«Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру»Мақсаты:Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың коммуникативті дағдылары мен ауыз-екі сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.Міндеті:•Оқушылардың біл
предварительный просмотр материала

Астана қаласы

Сырбай Мәуленов атындағы

№37 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Шапиева Жұлдыз Жұмашевна

«Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру»


Мақсаты:

Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың коммуникативті дағдылары мен ауыз-екі сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.


Міндеті:

  • Оқушылардың білім деңгейін жетілдіру мақсатында қазақ

тілі сабағына тиімді ойын түрлерін жинақтау;

  • Фонетикалық ойындар арқылы тән тыбыстардың дұрыс

айтылуын үйрету;

  • Лексикалық ойындар арқылы сөздік қорларын байыту;

  • Ойын түрлері арқылы оқушылардың ауыз-екі сөйлеу тілін

дамыту;

Өзектілігі:

Егеменді еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ. Елбасымыздың тіл мәселесіне қойған талаптарына сәйкес заман талабына сай тәрбие беру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Осы ойын технологиясының тиімді әдіс - тәсілдері оқушының тілге деген қызығушылығын арттыратын ең басты мәселелердің бірі.


Нәтижеге жету кезеңдері:


1 - кезең

2007 - 2008 оқу жылында ойын технологиясының әдіс - тәсілдерін қарастыру


2 - кезең

2008 - 2009 оқу жылында іс - тәжірибеге енгізу


3 - кезең

2009 - 2010 оқу жылында зерттеу нәтижесін жүйелеу

Кез келген ұстаздың басты мақсат - міндеті - оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез - келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Ойын - дегеніміз не? Ойын дегеніз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігерімен араласатыны анық.

Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.

Сондықтан кез - келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы «Сауат ашу» оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т.б. ойындар.

Сабақ үнемі үйрету, тәрбиелеуден ғана тұрса, оқушы жалығып кетуі мүмкін. Сондықтан да әр оқытушы өз сабағын түрлендіріп, жұмыстың небір түрлерін кезектестіріп өткізуді жоспарлайды. Осындай мақсатпен қазақ тілін меңгертудің ойын әдістері тиімді қолдану бірден бір өзекті мәселе болып отыр. Қазақ тілінің фонетика, лексика, орфография саласына сай құрастырылған, жалпы грамматикалық ойындар және түрлі тақырыптарға негізделген лексикалық ойындар жатады. Сабақ беру барысын талдай келе сабақ түрінің 2 түрлі кестесін көрсетуге болады. Ол дәстүрлі сабақ пен жаңа сабақ сызбасы.

Ойын ойнатудың әдістемелік мәні неде? Ойын - жағымды эмоция сыйлаушы құрал. Ойын ойнату барысындағы ойламаған жерден ойынға кірісіп кетудің өзі қызығушылық тудырады. Адамның психологиялық қалпы жақсарады. Тыңдаушылардың, тіл үйренуші мен оқытушының арасында сенімділік, түсінушілік пайда болады. Достық әрі ресми қарым - қатынас дұрыс жолға қойылады. Ең бастысы - жоғарыда айтылған «көңілінде күдігі» бар тыңдаушы өз - өзіне сене бастайды. Ал тыңдаушы мен оқытушының арасында қандай байланыс болуы қажет?
1. Ресми қарым - қатынас емес, жеке тұлғалар ретінде еркін сөйлесу, тепе - тең қарым-қатынас жағдайы болу керек.
2. Олай болмаған жағдайда, сабақта психологиялық микроклимат дұрыс болмауы ықтимал.
3. Қарым - қатынас тыңдаушы қажеттілігінен туындап, шын ниетті болуы шарт. Әйтпеген жағдайда коммуникативтілік іске аспауы мүмкін.
4. Жоғарыда айтылған қарым - қатынастың үш түрі де жұмыс істеуі тиіс. Мысалы, интерактивті - бір іс - әрекет негізінде бір тыңдаушы, екінші тіл үйренушіге әсер етуі; перцептивті адамдардың бірін - бірі жеке тұлға ретінде қабылдауы; ақпараттық - бір - бірімен пікір алмасуы.
Демек, тілді ойын арқылы меңгерту - орыс тілді адамдарды қазақша қарым - қатынас жасап, қазақша сөйлетуге апарар бірден - бір жол болмақ.

Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесі дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет.

  1. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын

алдын - ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау

  1. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын

жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын - ала әзірлеу.

  1. Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық

ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.

  1. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен

қамтамасыз ету.

  1. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың

ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат - ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой - өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.

Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс - әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады.


Олар :

  1. Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға

жаттықтыруға;

  1. Оқушыларды тілдік қарым - қатынасқа түсу дағдыларын

дамытуға;

  1. Жағдаяттар туғызып, іс - әрекеттер арқылы сөйлетіп

үйренуге.

Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап көрсеткен. Сабақта ойналатын дидактикалық ойындардың пайдасы өте зор. Ол ойындарды тақырып бойынша өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Ойынның мақсаты, шарты балаларға түсіндіріледі.

Қазақ тілі сабағындағы ойын технологиясының мақсаты оқушылардың сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуде, күнделікті қарым - қатынаста дұрыс қолдануға үйрету. Барлық сыныптарда «Жыл мезгілдері» деген модуль бар. Мен өз сабақтарымда көптеген ойын түрлерін қолданамын. «Бұл қай мезгіл?» ойынын жүргізудің мақсаты - жаңа сабақты бекіту.

Бұл ойынды жеке, топ бойынша өткізуге болады. Бұл ойын оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытады. «Күз айлары» тақырыбын өткенде оқушылардың қызығып ойнайтын «Қайталату» ойынын өткіземін. Ойынның шарты бойынша күз мезгілдері айларын қайталау арқылы естерінде сақтайды. Сөздерден сөз тіркесін, сөйлем құрайды.

Жаңа сабақты бастамас бұрын жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі. Берілген сөздердің синонимдерін табу арқылы оқушылардың сөздік қорын байытуға ықпал тидіреді:

Жыл мезгілдерінің бірі - мерзім

Жапырақтар сарғаяды - мезгіл бойынша өзгереді

Егін - алқап

Орылады - жиналады

Жемістер - дақылдар

Жаңа сөздермен жұмыс жүргізген соң мәтінмен жұмыс жүргізіледі.

Күз - жыл мезгілдерінің бірі. Күз айлары - қырүйек, қазан, қараша. Күзде жапырақтар сарғаяды. Егін орылады. Жеміс - жидек жиналады.

Берілетін тапсырмалар:

  1. Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды.

  2. Жіктеп оқиды.

  3. Жоспар құрғызу.


Мәтін бойынша сұрақтарды ойын түрінде береміз. «Алтын сандық» ойыны уақытпен ойнатылады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын байқаймыз..

Шарты:

  • Сандықшада жасырылған сұрақтарға жауап беру;

  • Сұрақтар:

  1. Күз айларын ата?

  2. Күзде жапырақтар не істейді?

  3. Егінді не істейміз?

  4. Күз қандай мезгіл?

Грамматикалық тапсырмаларды орындауда оқушылардың

қызығушылықтарын арттыру үшін әр түрлі түрде өткізіледі.

І тапсырма

Жақшаны ашып, тиісті сөзді қойып оқы.

Бір жылда (бес, төрт) мезгіл бар. (Қыркүйек, ақпан) - күз айы. Күзде (қар, жеміс - жидек көп болады).

«Сөйлем құрау» ойынын оқушылардың сөздерді байланыстырып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

  • Келді, күз.

  • Басталды, жылы, оқу.

  • Оқушылар, барды, мектепке.

  • Көңілді, олар.

  • Күз, алтын.

  • Келдің, хош!

Сабақта ұлттық ойын элементтерін қолдану барысында мұғалім сөздермен таныстырады, дұрыс айтуға үйретеді, салт - дәстүрді сүюге тәрбиелейді. Оқушылар көбінесе сабақта ойын түрлерінің жиі болуына жақсы дағдыланады. Қорытынды кезеңде «Бәйге» атты қазақтың ұлттық ойынын жүргізіледі.

Берілетін тапсырмалар: /Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою/.

Күз айлары - ............., ............., ................. .

Күзде .................. сарғаяды.

.............. орылады. Жеміс-жидек ................

Күз мезгілі - ............!

Үлкен бір модульді аяқтаған кезде нәтиже сабақта «Иә», «Жоқ» деген ойын ойнаймыз. Үш қатар болса оқушылар 3 топқа бөлінеді. Кестедегі сұрақтарға қай топ тез дұрыс жауабын айтса, сол топ жеңімпаз атанады. Бұл ойын арқылы өткізілген модуль бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін тексере аламын.


Сөйлемдер

Иә

Жоқ

1. Қазан күз айы ма?

2. Сенің туған күнің күзде ме?

3. Күзде күн жылына ма?

4. Құстар ұшып кете ме?

5. Алма, алмұрт көкөніс пе?

6. Диқандар егін ора ма?


Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Қатесін тап» ойыны өткізіледі.

Берілетін тапсырмалар:

Мезгл, жеміс - жіидек,сарғайяды, жаңбұр, көкөнс, қылыпынай, егнші, көмекетеседі.

Өткен сабақта алған білімдерін тексеру мақсатында тест әдісін жиі қолданамын. Берілетін тест тапсырмасы:

1. Бір жылда неше мезгіл болады?

  • А) үш

  • Ә) төрт

  • Б) бес

2. Күз айларын көрсет?

  • А) Наурыз, сәуір, мамыр

  • Ә) желтоқсан, қаңтар, мамыр

  • Б) Қыркүйек, қазан, қараша

3. Күзде күн қайтеді?

  • А) Суыта бастайды

  • Ә) жылына бастайды

  • Б) ысиды

4. Күзде жапырақтар қандай түсті болады?

  • А) қара

  • Ә) сары

  • Б) жасыл

5. Егіншілер не істейді?

  • А) жеміс-жидек жинайды

  • Ә) Үлкендерге көмектеседі

  • Б) Егін орады

Сабақтарда қолданылатын ойын элементтері оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Кез келген ойын элементі сабақта екі түрлі мақсатқа бағытталады. Оның біріншісі - оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі - оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейініне, ойлау қабілетін арттыру.

Ойын элементтерін тиімді қолдану 1 - 4 сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, мақмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал