7


  • Учителю
  • Урок для 8 класса по казахскому языку на тему 'Қимыл-бағыныңқылы сабақтас құрмалас'

Урок для 8 класса по казахскому языку на тему 'Қимыл-бағыныңқылы сабақтас құрмалас'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі, 8-сынып

Ашық сабақтың тақырыбы: Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары

ІІ. Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем туралы мәлімет беріп, жасалу жолын түсіндіру, меңгеру;
2.Дамытушылық: Қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сойлемді ажырата білуге дағдыландыру;
3. Тәрбиелік мәні: Адамгершілік тәрбиесін беру, өз ұлтына оның тіліне құрмет көрсетуге үйрету.


Сабақтың түрі: жаңа теориялық ұғым қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау - жинақтау.
а) сұрақ - жауап
ә) баяндау
в) көрнекілік - сызбалармен жұмыс істеуге үйрету.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, топтастыру, инсерт кестесі, электронды оқулық
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі - 1 мин
2. Өткен тақырыпты пысықтау, бекіту - 5 мин
3. Жаңа сабақты түсіндіру - 15 мин
4. Жаңа сабақты бекіту - 10 мин
5. Әр түрлі жұмыстар, жаттығу орындау - 12 мин
6. Бағалау - 1мин
7. Үйге тапсырма - 1мин
ІІ. Психологиялық дайындық: (аудио жазба тыңдалады)

Қазақ тілі - қазақтың ана тілі,
Қазақ тілі - қазақтың дара тілі,

Бірақ оған адам аз бас иетін.
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Неге олар «тілім» деп қуанбайды,
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл -ойым.
Қасиетті қазақ тіл - бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым! - дей отырып қазақ тілі сабағын бастаймыз.



ІІІ. «Қайталау -білім анасы» Ұяшықтардағы берілген сұрақтар арқылы тақырыптарды қайталау:

  1. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2. Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай қаншаға бөлінеді? -6

  3. Себеп бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не? Мысал келтір

Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрі. Сұрақтары: Неліктен?не себепті? Неге?Не деп?

Есімшенің өткен шақ формасына -дықтан, -діктен жұрнақ пен жалғауы қосылады. Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы; Көсемшенің й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады. Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігі тіркесу арқылы

  1. Шартты бағ. Сабақтас дегеніміз не? Сұрақтары, жасалуы:

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрі.
Шартты бағыныңқылы сөйлем қайтсе? не етсе? Қайткенде? Не еткенде? Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше ? деген сұрақтарға жауап береді.
Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) Етістіктің шартты рай түрінен болады. Осындай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, сол көптің бірі боп біз қандай оп - оңай араласып кетер едік.
ә) Болымсыз етістіктің -й тұлғалы көсемше түрінен болады: Мен үйге келмей, іс бітпейді. Ма+й, ме+й, майынша, мейінше
б) Жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады. Қара теке Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі - сары теке қатар тұр еді. Ған+да, ген+де

5. Қарсылықты бағ. Саб: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құмалас сөйлем басыңқысөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойылатын сабақтастың түрі...

Шарты рай: са да, -се де қайтсе де? Не етсе де?

Көсемше а,-е,-й + тұра көмекші етістігі тіркесіп жасалады. : қайте?Не ете тұра? Көре тұра

Есімше: ған (мен)-ған-ша -ген-ше, ған-ы -ген-і болмаса шаршағаны болмаса

Ған+ы-на, ген+і+не қарамастан, қарамай шаршағанына қарамастан

6. Мезгіл ба.саб.: Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған ой, екіншісінде айтылған ойдың мезгілін білдіреді.

Жасалуы: есімшенің ған, ген жұрнағына-ша, ше жалғану арқылы, ған+да, ген+де жатыс жалғаулы есімшеден, есімшеге септеулік шылауларының кейін, сайын, бері, шейін, мезгіл мәнді көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Көсемшеден ғалы, -гелі, -а, -е, й және етістіктің түбіріне -са, -се, -ысымен, ісімен қосымшасының жалғануы арқылы жасалады. Сұрақтары: Қашан? Қашанға шейін? Қашаннан бері? Мысалы: Тыстағы жұмыс біткен кезде, кешкі ас лезде дайын болды.

ІІІ. Топтастыру стратегиясы (топтық жұмыс)

1-топ:

2-топ:

3-топ:

Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері;

Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары, сұрақтары;

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары, сұрақтары.



VI. Жаңа сабақ: Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың жасалу жолы:

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтасқа түсінік беру.

Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы бағыныңқыдағы істің, қимылдың қалай орындалғандығын білдіретін құрмаластың түрін қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас дейміз.



1

-а,-е,-й,-ып,-іп,-п

Екі қолы дірілдеп, Оспан ішке кірді.

2

(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе)+с+(-тан,-тен)

Екі қолы дірілдеместен, Оспан ішке кірді.

3

(-ған,-ген,-қан,-кен)+күйі, қалпы, бойы

Екі қолы дірілдеген күйі, Оспан ішке кірді.

4

(-ған,-ген,-қан,-кен)+ (-дай,-дей)+болып

Екі қолы дірілдегендей, Оспан ішке кірді.



V. Дәптермен жұмыс:



Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтаста сатылай кешенді талдау үлгісі тақтаға ілінеді Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтасқа түсінік беру.
Сабақтас құрмаластың құрамына енген жай сөйлемдер үтірмен бөлінеді. Мысалы: Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты.
I.Айтылу сазы мен мазмұнына қарай:
Хабарлы сөйлем
II.Құрылысына қарай:
1.құрмалас сөйлем
2.Құрамындағы жай сөйлемнің байланысу тәсіліне қарай:
А) Сабақтас құрмалас сөйлем.
III. Басыңқы сөйлем
Әбіш ешбір белгі бермей, сұлық жатты.
IV.Бағыныңқы сөйлем:
Жаңа ғана талып қалғандай
V. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының формалары:
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы -ған есімше формасына -дай жұрнағы жалғану арқылы.
VI. Басыңқыдан қойылатын сұрақтардың мәні:
Қалай? Қимыл мәнде
VII. Құрмалас сөйлемнің мағыналық түрі:
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
VIII. Құрмалас сөйлемдегі сөйлемдердің тыныс белгілері:
Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің арасына үтір қойылады.(,)
VІ. Сергіту сәті: 1,5 минут «Мен қазақпын» әні орындалады.

VІІ. «Артық білім кітапта» оқулықпен жұмыс:

3 топқа тапсырмалар беріледі.

141-жаттығу. Құрмалас сөйлемнің айтылмай қалған баяндауышының орнына көп нүкте қойылған. Көп нүктенің орнына сөйлемнің ыңғайына қарай баяндауыш болатын сөздерді ойдан тауып, сөйлемді аяқтаңдар.

Бірақ бұлақтай құйылған көз жасы ..................,

Шәйзасын құшақтап өксіп-өксіп .................... ,

қара құрым үйін дауыс қып ... ................. .

«Құлыным-ау!»-деп Қалиша құшағын жайып

.........................., Шәйза өзіне деген бір сұмдықтың болғанын сезініп еді.

Өксіп еңіреген ана дауысын ..........................,

Шәйзаға не күйге ұшырағанын .......................



VІІІ Семантикалық кесте толтыру: Оқушылар тақтада жазылған сөйлемдердің қай шығармадан алынғандығы туралы айтады.



Сөйлемдер

Сабақтас құрмаластың түрі

шартты

Себеп

мезгіл

Қимыл-сын

Домбырадан босап кетсе, қолың тағы да тізгінде болады.

Осы әңгімеден екеуінің де көңілі жүдеп, үнсіз келе жатты.

Қыз көзіне көзі түсіп кеткенде, жүрегі бүлк ете қалды.

Естемес қиялынан сергіп, нарға қарады.

Боздан айырылып қалған соң, Бақтығұл жалғыз оқты шиті мылтықты оқтап алды.

Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Бақтығұл айтам деген оқшау сөзін бастай алмады.



ІХ. Елерник оқыту жүйесімен жұмыс жасау. 4 тапсырма орындау

Х. Қорытынды. Топтық жұмыс жасаланады. Оқушылар ережені қайтада айтады.

ХІ. Үйге тапсырма:

Шығармашылық жұмыс: «Мен ХХІ ғасырдың перзентімін» тақырыбында эссе жазу.

(қимыл - сын бағыныңқы сабақтасты қатыстырып жазу)

Ережелерді қайталау.

ХІІ. Бағалау.



Қосымша:
Әр адымы айлық жолдай болып, Қалиша үйіне әрең келді.
I.Айтылу сазы мен мазмұнына қарай:
Хабарлы сөйлем
III.Құрылысына қарай:
3.Құрмалас сөйлем
4.Құрамындағы жай сөйлемнің байланысу тәсіліне қарай:
А) Сабақтас құрмалас сөйлем.
III. Басыңқы сөйлем:
Қалиша үйіне әрең келді.
IV.Бағыныңқы сөйлем :
Әр адымы айлық жолдай болып
V.Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының формалары:
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы -ып көсемше формасына -дай жұрнағы жалғану арқылы.
VI. Басыңқыдан қойылатын сұрақтардың мәні:
Қалай? Қимыл мәнде
VII. Құрмалас сөйлемнің мағыналық түрі:
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
VIII. Құрмалас сөйлемдегі сөйлемдердің тыныс белгілері:
Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің арасына үтір қойылады.(,)


Сабақтың тақырыбы: Қимыл - сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қимыл - сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем сөйлем туралы мағлұмат беру, ерекшелігіне тоқталып меңгерту, жаттығулар арқылы қимыл - сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді таба білу білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқулықтағы жаттығулар мен топтық тапсырмалар арқылы өз бетінше ізденуге дағдыландыру. Алдыңғы сабақтармен байланыстыру арқылы есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін дамыту, тіл байлықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Сабақ барысында мәдениетті, дұрыс сөйлеуге баулу, мәтіндер мазмұнын ұғындыру арқылы ізгілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі (жаңа білім беру)

Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, кітаппен жұмыс, СТО элементтері.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,

Қосымша материалдар: Г.Қосымова, Н.Құрманова Қазақ тілі (8-сынып, әдістемелік нұсқау), Қ. Есенов Құрмалас сөйлем синтаксисі Алматы; Білім 1995ж

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, тақырыпты және мақсатын хабарлау)

2. Үй тапсырмасын тексеру (ауызша сұрақтар қою арқылы)

Тапсырмалары тексеріледі.

3. Жаңа сабақ

Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың қалай орындалғандығын білдіретін құрмаластың түрін қимыл-сын бағыныңқы сабақтас дейміз.

Тақтадан кесте көрсетіледі, жасалу жолдары түсіндіріледі.

Екі көзі қанталап, денесі ашумен булыға қалшылдайды.

Жылтыр көйлегі жалт-жұлт етіп, сықылықтап күле Майра келді.

Қалжыңы, күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді.

Кең бөлме бос қалғандай болып, ой ұясы қаңырап тұр.

Сынап-мінеудің реті келгеніне риза болғандай, Манецкий қозғалақтап отырды.

Хакім кітапты ұстаған күйі, Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады.

Күні-түні жалықпастан, Мағжанның өлеңдерін оқитын.



ә). Жаттығулармен жұмыс

140-жаттығу. Үтірлерін қойып жазыңдар.

Қиымл-сын сабақтас құрмаластарды тауып, қалай жасалып тұрғанын анықтаңдар.

141-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті баяндауыштарын қойып жазыңдар..

б). Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Тапсырмалары жазылған карточкалар беріледі. Тақтаға жазып, сыныппен бірге тексереміз.

Мыс: 1. Қимыл-сын сабақтасты тауып, жасалу жолын көрсет.

2.Сабақтас құрмаластың бағыныңқысының баяндауышын жаз. Ол келген кісілерді ... , жылы шырай танытты.

Бағыныңқының баяндауышы қалай жасалған? Ол екеуі ренжісіп қалғандай, бір-біріне үн-түнсіз қарап отыр.



4. Жаңа сабақты бекіту

- Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас деген не?

-Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдарына мысалдар келтіріп айтыңдар.

Тақтадан сөйлемдерді оқып, жасалу жолдарын айтады.

5. Үйге тапсырма

- Ережені оқу, жаттау. 142-жаттығу. 1, 2-тапсырмалары



6. Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал