- Учителю
- ӘДебиет пәнінен 5 сыныпқа арналған сабақ. Тақырыбы: Ғабит Мүсірепов 'Жаңа достар'
ӘДебиет пәнінен 5 сыныпқа арналған сабақ. Тақырыбы: Ғабит Мүсірепов 'Жаңа достар'
Ашық сабақ
5 сынып оқушыларына қазақ әдебиеті пәніне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
17.02.2015
Сыныбы:
5 а
Пәні:
Қазақ әдебиеті
Сабақ тақырыбы:
Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар»
2- сағаты
Сілтеме:
ҚР Білім беру стандарты,пән бағдарламасы, Әдебиет оқулығы- 5 сынып.
Авторы: Ә.Дайыр. Қ.Айтқалиев. Г.Құрманбаева.Ш.Беркімбаева.
Жалпы мақсаты:
Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту, ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Әдіс- тәсілдер:
Блум таксономиясы бойынша, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдіс- тәсілдері
Күтілетін нәтиже
«Жаңа достар» әңгімесінің мазмұнын толық меңгереді.
Шығарма идеясын таниды. Өзіндік ой түйеді.
Тапсырманы орындағында бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;
Өз бетімен білім алуға мүмкіндік туғызу;
Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.
Негізгі идеялар
Қайрош бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке,мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу
Дереккөздер
Интернет деректері, ресурстар
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
І Ұйымдастыру
Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Менің есімім» тренингін өткіземін
Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды.Өз есімдеріне сын есімді қатыстыра отырып жауап береді (Мыс: Назды Назерке, Шырайлы Шаттық т.б.)
Топқа бөлу
Сыныпты 2 топқа бөлу, сыныпта 16 оқушы , әр топ 8 оқушыдан болады.
Топбасшысын сайлау.
«Ортадағы қаламсап» стратегиясы арқылы «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Кім берілген сұраққа тез жауап берсе, ол сыныптың лидері , яғни топты сол оқушы басқарады.
Сынып оқушылары кесінді фигуралар арқылы топқа бөлінеді.
Ортадағы қаламсап әдісі арқылы, топбасшысы сайланады.
І. Білу,тану
І .«Сен-маған,мен-саған» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын тексеру. Әр топ бір-біріне дайындап келген сұрақтарын қояды.
ІІ. Постер қорғау . І топ- Композиция -Әңгіменің композициялық құрылымын құру.
ІІ топ- Глоссарий -Сюжет . Прототип. Портрет. Тақырып. Идея туралы түсінік береді.
ІІІ. Инсценировка І топ- Танысу. ІІ топ- Уәде. Екі топ дайындап келген көріністерін қояды.
ІІ. Түсіну
(топтық тапсырма)
Ротация . Мінездеме
Екі топқа тапсырма :
Кейіпкер
Іс-әрекеті
Адами қасиеті
Шеген
Бораш
Қайрош
.
Екі топта негізгі кейіпкерлердің бейнесін жазады.
Жазған мінездемелерін бір-бірімен толықтырады.
ІІІ. Қолдану
(жұптас-ойлан-талқыла)
Жұптық жұмыс.
Мәтіннен әдеби-теориялық ұғымдарды табу.
Кейіптеу
Портрет
Пейзаж
Мақал-мәтел
Тұрақты тіркестер
Диалект сөздер
Жер-су атаулары
Табиғатпен байланыс
І жұп- Мәтіннен кейіптеуді табады.
ІІ жұп- Мәтіндегі кейіпкерлер портретін табады.
ІІІ жұп-Мәтіндегі пейзаждың берілуін жазады.
ІVжұп-Мәтінде кездесетін мақал-мәтелдерді жазу.
Vжұп-Тұрақты тіркестердің берілуін табады.
VІ жұп-Диалект сөздерді табады.
VІІ жұп-Жер-су атауларының берілуі.
VІІІ жұп-Табиғат пен Қайроштың көңіл-күйіндегі байланысты табу.
Сергіту сәті
«Кім?Қайда?Қашан?» ойыны
Шығармадан үзінді келтіру,оқушылар қай кейіпкердің қашан,қайда айтқанын айтады.
ІҮ.Талдау
Ой жинақта талдаумен
Ой бөлісу.
І топ
ІІ топ
Соғыс кезіндегі балалар үйі не үшін қажет болды?
Қазіргі кездегі балалар үйі не үшін қажет?
Әр топ өз ойларын айтады.
І топ- Соғыс кезіндегі балалар үйі жоқшылықтан, соғыстың салдарынан болды.
ІІ топ- Қазіргі кездегі балалар үйі тәрбиесіздіктен,тастанды балалар, ата-анасы құқығынан айырылған дардың балалары үшін қажет деп ойлаймыз.
Ү.Жинақтау
« 2 секунд күт» стратегиясы бойынша шығармадан алған әсерлерін айтады.
Достарына тілек жолдайды.
-Шығармадан алған әсерің қандай?
-Шығармадан өзіңе не түйдің?
-Досқа тілек жолдау.
ҮІ.Бағалау
Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау
Тақырып төңірегінде әр оқушының екі үлгілі жағы айтыла келе, бір ұсынысын да айтады..
Қорытынды баға
Критерий бойынша топ басшысы әр мүшені бағалайды
Күнделіктеріне бағасын қойдырады
Рефлексия
Сабақтан алған әсері
Сабақтан алған әсерін айтады. Көңіл күй смайликтеріне стикерлерді орналастырады
Кейінгі тапсырмалар
Екі топқа екі тақырыпта ой толғау жазу. І топ- «Достық» ІІ топ- «Ананың мейірімі».
Ғ.Мүсіреповтің «Жаңа достар» әңгімесі бойынша 2 топ бір-біріне 5 сұрақтан дайындап келу.