7


  • Учителю
  • Исследовательская работа '«Қазақ тілі сабағында 3 «Б» сынып оқушысы Вячеслав Татарковқа мақтау мен мадақтау қалай әсер етеді?»

Исследовательская работа '«Қазақ тілі сабағында 3 «Б» сынып оқушысы Вячеслав Татарковқа мақтау мен мадақтау қалай әсер етеді?»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ибраева Динара Амангельдиновна

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

(3 деңгей)


Тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында 3 «Б» сынып оқушысы Вячеслав Татарковқа мақтау мен мадақтау қалай әсер етеді?»

Өзектілік: 3 «Б» сынып оқушысы Вячеслав Татарковтың пәнге деген қызығушылығының жоқтығы.

Мақсаты: Сабақ барасында мақтау мен мадақтау және жаңа әдіс - тәсілдер арқылы 3 «Б» сынып оқушысы Вячеслав Татарковтың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Міндет

«Ұстаздар мен оқушылардың тұлға болып қалыптасуындағы басты құзыреттілігінің дамуы» № 30 мектеп - гимназияның ғылыми - әдістемелік тақырыбы болып табылады. Ал «Қазақ тілі сабақтарында жеке тұлғаның білімділік және тәрбиелік мүмкіндіктерін жүзеге асыру» қазақ тілі әдістемелік бірлестігінің тақырыбы болғандықтан, мен жеке тұлға ретінде 3 «Б» сынып оқушысы Вячеслав Татарковты зерттеу жұмысын жүргіздім.

Мен бұл сыныпта екінші жыл сабақ берем. Татарков Вячеслав бірінші күннен бастап көзге түсті. Өйткені бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығының жоқтығын байқадым. Сабақ барысында ауызша, жазбаша жұмыстарын орындамайтын. Сынып жетекшісінің, мектеп психолгының, әкесінің көмегіне де жүгіндім. Бірақ ешқандай өзгеріс болмады. Бұл үлкен проблема екендігін түсіндім және өзіме Татарковты сабаққа қалай да қатыстыру.

Сабақ барысында Татарковқа көбірек көңіл бөліп, мақтау керектігін шештім. Бұл шешімім дұрыс болды, Татарков сабаққа бетін бұра бастады. Біріншіден биыл сабақтарымда тренингтерді, ойындарды, топтық пен жеке жұмыстарын өткізіп, байқадым. Сабақ сайын тақтада фонетикалық талдау жасауға тілек білдірді. Басқа оқушылардың жасаған талдауларын тексеріп, бағалады.

Екіншіден сабақ барысында оқушыларды мақтау мен бірге мадақтап, «сыйлық» (фишкалар «5»баға- , «4»- , «3»- ) бере бастадым. Татарковтың және басқа оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі арта бастады.

Оқушыларға сауалнама таратып, жауаптарын қорытындыладым.



Бұл сауаланаманың қорытындысы бойынша топта жұмыс істеу 78 % оқушыға ұнады, оқушының 43% -не мұғалім әрдайым мақтап, мадақтайтындығын белгіледі, ал оқушылардың 35 % сабақ барысында өзін -өзі және 21 % бірі -бірін бағалауын ұнататының байқатты.

Ашық сабақ өткізу барысында Татарков өте белсене қатысты. Интерактивті тақтада фонетикалық талдау жасады, сұрақтарға жауап берді және топтық жұмысына да, тренингтерге де қатысты.

Қорыта келе мен өзім мынадай шешімге келдім: әр сабағымда мақтау мен мадақтау әдісін жиі қолдану, проблемалы оқушыларды сабақ барысына тарту, сыныптағы оқушыларының жұмыстарын әділ бағалау, жаңа әдіс -тәсілдерді пайдалана отырып білім беру.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал