- Учителю
- Ашық сабақ. Тақырып: Сан есімнің түрленуі (7 сынып)
Ашық сабақ. Тақырып: Сан есімнің түрленуі (7 сынып)
Жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту.
Тақырып: Сан есімнің түрленуі
1- жаттығу.3, 5, 7, 13, 9, 12, 37, 40. деген сандардың жалпы адамның өмірі, наным- сеніміне байланысын айтып, «Сандар сыры » тақырыбына пікір жазу. Өзі қалаған бір сан есімге фонетикалық талдау жаса.
2- жаттығу. Мына сөйлемдердегі асты сызылған сөздерге сұрақ қой. Қатынасып тұрған сөзімен теріп жаз. Бұл сөздер заттың санын, әлде сынын көрсетіп тұр ма?
қанша?
Үлгі: Жиырма бес оқушы. (санын)
Сыныпта жиырма бес оқушы бар. Оның он бесі - ұл, оны- қыз. Бесеуі- үздік оқушы, ал он жетісі үлгілі, үшеуі орташа оқиды.
3- жаттығу. Сан есімдерді қатыстыра отырып, "Дүкенде" немесе "Кітапханада" тақырыптарында диалог құрастыр.
3- жаттығу.Асты сызылған сөздердің орнына сан есімдерді қойып, сөйлем ішінде қолданып көр. Оны басқа сөз табынан қалай ажыратуға болады?
Қоштасар сәт те келді. Сыныптағы оқушылардың бәрі де бірін- бірі құшақтап, жақсы тілектерін жаудырып жатыр. Бір қарағанда әр жерде жұп- жұп боп тұр екен. Біраз уақыттан кейін бәрі қайта топталып мектепке енді, бірақ көп ұзамай қоштасуға мәжбүр болды.
4- жаттығу. Сан есім қандай сөз табымен байланысады? Мысал келтіріп дәлелде.
5- жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жаз.
-
Ер жігіттің ... сөйлегені- өлгені,
Еменнің иілгені- сынғаны.
-
Ер жігіт ... сырлы,
... қырлы болсын.
-
... орда бұзбаған
... қыр аса алмайды.
-
Баланың ... тісі түседі,
... ердің ерге ісі түседі.
Тиісті есептік сан есімдер: екі, бір, сегізінде, сексенінде, бір, сегіз, отызында, қырқында.
6- жаттығу. Төмендегі сан есімдерді сөзбен жазып, құрамына қарай топтастыр. Олардың емлелік ерекшелігін түсіндір.
18, 5, 30- 30-дан, 2000 жыл, 3,5, 40 шақты, 7-еу.
Дара:.................................................................................................................
Күрделі:............................................................................................................
Олардың бір- бірінен айырмашылығы бар ма?
7- жаттығу.Төмендегі мысалдардағы араб және рим цифрларымен берілген реттік сан есімдердің жазылуына (емлесіне) назар аудар. Қалай жазылған? Нені аңғарғаныңды жаз.
-
Ол 6- қатардан орын алды. Сен биыл 7- сыныпқа барасың.
-
ҮІ сынып оқушылары жиналыста отыр. Біз ҮІІ үйде тұрамыз.
-
1 қыркүйекте сабақ басталды. 1991 жылы шілде айында тәуелсіз ел болдық.
8- жаттығу. Сөйлемдерден сан есімдерді тіркесіп тұрған сөзімен теріп жаз. Тіркесіп тұрған сөзі қай сөз табынан екенін анықта.
Үлгі: 1850 жыл (сан есім+ зат есім)
-
Ы.Алтынсарин мектепті 1850 жылы "өте жақсы" деген бағалармен бітірді.
-
Екінші үстелге шахматын жайып салды.
-
Бұл ел Тұрар әулетімен жиырма сегізінші жылы қош айтысты.