7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары қазақ тілінен, тақырыбы: 'Тәуелдік жалғау'

Сабақ жоспары қазақ тілінен, тақырыбы: 'Тәуелдік жалғау'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Тәуелдік жалғау.Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қосымша туралы білімдерін кеңейте отырып жалғаулар мен онын түрлері жөнінде нақты білім беру, тәуелдік жалғау меңгерту.Міндеттері:Білімділік: жалғау түрлерін жан – жақты менгерте отырып тәуелдік жалғау
предварительный просмотр материала

«Мақтарал» мектеп - гимназиясы мемлекеттік мекемесі




Ашық сабақ

Тақырыбы: Тәуелдік жалғау.

6 «Б» сынып

Мұғалім: Айнабаева Г..

2014-2015 оқу жылы.


Сабақтың тақырыбы: Тәуелдік жалғау.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қосымша туралы білімдерін кеңейте отырып жалғаулар мен онын түрлері жөнінде нақты білім беру, тәуелдік жалғау меңгерту.

Міндеттері:

Білімділік: жалғау түрлерін жан - жақты менгерте отырып тәуелдік жалғауларының ерекшелігін таныту.

Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденісін, ойлау қабілітін дамыту.

Тәрбиелік: сауаттылыққа баули отырып ана тілін сүюге, тұған жерді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.

Пән аралық байланыс: орыс тілі.

Көрнекілікгі: қима қағаздар, интерактив тақта, кестелер, мәтін.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Жай септеу және тәуелдік септеу қалай жасалады?

  2. Қазақ халқының дәстүрі бойынша қонақ күту, шақыру қалай жасалады?

  3. Қазақ халқының бойынша мәтіннен қонақ күту, шақыру диалог құру.

Жарыс 3 сайыстан тұрады:

1. Таныстыру
2. Мақал - сөздің мәйегі
3. Өлең - сөздің патшасы

Жаңа сабақ:

Мұғалімнің сөзі: Тіл - әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы - сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде. Ашық сабағымыз оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілінің меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында екі топтың жарысы түрінде өтеді «Сұңқар» тобы мен «Тұлпар» тобы.

Ал балалар, бүгінгі ашық сабағымыздың жаңа тақырыбы тәуелдік жалғау.

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді.

Ал енді балалар, алдарыңыздағы суретке қарап зат есімнің тәуелдік жалғауларын екі топқа бөліп тез жіктеу керек.


2. Мақал - сөздің мәйегі

1. Тіл тас жарады, тас жармаса...бас жарады.
2. Ине көзінен сынады...шешен сөзінен сынады
3. Піл көтермегенді...тіл көтереді
4. Жеті жұрттың тілін біл...жеті түрлі ілім біл
5. Шебердің қолы ортақ...шешеннің қолы ортақ
6. Айтылған сөз ...атылған оқпен тең

7. Бірлік болмай … тірлік болмас.

8. Ерді намыс өлтірер, …. Қоянды қамыс өлтірер.

9. Көз қорқақ, … қол батыр.

10. Ел құлағы … елу.

11. Судың да … сұрауы бар.

12. Тұр-тұрдан қабар келсе,

Ұйқыдан маза кетеді.


  1. Өлең - сөздің патшасы


Анашым!

Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,

Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,

Оқытып кешеу барған хаттарымды

Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,

Оқуын ұлың жақсы аяқтады.

Анашым, білем сені, қарсы емессің

Кеттім мен тың даланы оятқалы.


Отан

Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем


Ана тілі

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім
Туған тілім-анам тілі -өз тілім
Туған тілім-далам тілі -өз тілім
Туған тілім -адам тілі -өз тілім
Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар


Сабақты бекіту

Сурақ жауап арқылы жалғауларды қайталау.

Тілімізде 7 септік жалғау бар. Олар: атау септік, ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік.

Атау - кім? не?
Ілік - кімнің? ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.
Барыс - кімге? неге? қайда? -ға, -ге, -қа, -ке.
Табыс - кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.
Жатыс - кімде? неде? қайда? -да, -де, -та, -те.
Шығыс - кімнен? неден? қайдан? -нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.
Көмектес - кіммен? немен? -мен, -бен, -пен.


Көптік жалғау.

Көптік жалғау алты түрлі: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.

Мысалы: оқушы-лар, үй-лер, қыз-дар, мектеп-тер т. б.


Жіктік жалғау.

Жекеше:
I жак: мен оқушы-мын

II жак: сен оқушы-сың

II жак: ciз оқушы-сыз
III жак ол оқушы
Копше:
I жак: бiз оқушы-мыз
II жак: сендер оқушы-сындар

II жак: сіздер оқушы-сыздар
III жак: олар оқушылар


Тәуелдік жалғау

Жекеше түрі:

I жақ менің дос-ым, менің әже-м

II жақ сенің дос-ың, сенің әже-ң

II жақ сіздің дос-ыңыз сіздің әже-ңіз

III жақ оның дос-ы оның әже-ci

Көпше түрі:

I жақ біздің кітабымыз

II жақ сендердің кітаптарың

II жақ сіздердің кітаптарыңыз

III жақ олардың кітаптары

Үйге тапсырма:

«Ана тілім - ар, намысым, ардақтым» тақырыбына шығарма жазу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал