7


  • Учителю
  • Поурочное планирование по казахской литературе

Поурочное планирование по казахской литературе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



7-сынып күні:6.09.

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға өнердің бір саласы болған - әдебиет туралы білім беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, еңбектенулеріне тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту ,көркем әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оятып,қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару



ІV. Жаңа сабаққа дайындық:

1.Сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.

2. Сабақ мақсатын түсіндіру.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1..Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ халық жазушыларының шығармаларымен танысу.

Белгілі жазушы Ғ.Мұстафин: «Өнер алды -қызыл тіл.Тілді халық өмір бойы жасап,жаңартып,байытып келеді.Жазушының жалғыз құралы -тіл.Жүрек кілті де сол.Ата-баба өткен қауымдар қалдырған ,адамдарды адам өткен бұл абзал құралды жаңа қауымға,кейінгі ұрпаққа жоғалтпай,бүлдірмей мәпелеп жетікізетін -әдебиет» -деп айиқан аталы сөзінің мәніне назар аударайық.



VІ. Түсінік тексеру:

Әәдебиет деген не ?



VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Қандай қазақтың ақын-жазушыларын білесің ?

Олардың қандай шығармаларымен танысың?

Қазақ халықының жазушылары

Сызбаны толтыр.

VІІІ.Сабақты қорыту.

  1. Бағалау


  1. Үй тапсырмасын беру.сөздер

7 сынып күні: 13.09

Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: 1. Батырлар жыры туралы түсініктерін одан әрі дамыту.

2. Тарихи кезеңдермен байланыстыра отырып,

батырлар ерлігіне деген қызығушылықтарын арттыру.

3. Өз елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Әдіс: сұрақ-жауап, көрсету, түсінік беру

Көрнекілік: «Батырлар жыры» туралы кесте.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің сүйікті кітабым» тақырыбында эссе жазу. Оны тыңдау, бағалау, сұрақтар қою.

III. Жаңа сабақ.

  1. Қызығушылығын ояту.

  • Көркем туындыларды көрсету, ол қандай кітаптар, не туралы екенін сұрау.

  • «Батырлар жыры » не туралы ? Қандай батырларды білесіңдер ?

    1. Мағынаны ажырату.

  • Іштей 7- беттегі мәтінді оқиды.

  • Сұрақтарға жауап іздейді.

  • Батырлар жыры не туралы ?

  • Басты кейіпкерлер кім ?

  • Қалай аяқталады ?

  • Сөздерінің ерекшеліктері неде ?

  • 9- беттегі тірек сызбаны жұмыс дәптерінде толтырып, «Батырлар жыры » туралы әңгімелеп беріңдер:

Батырлар жыры



  • Ерлік ,батырлық туралы мақал-мәтелдерді естеріңе түсіріп,жатқа айтыңдар.

  • Ауызекі сөйлеу

Парталастарыңмен мәтін мазмұны бойынша әңгімелесіңдер.

Үйге тапсырма 7-8 беттерді оқу, мазмұнын айту.

Бекіту

Қазақ батырларының қару-жарақтарын, сауыт- саймандарын атаңдар.



7 сынып күні: 20.09

Сабақтың тақырыбы «Қобыланды батыр» жыры.

Сабақтың мақсаты: 1. «Қобыланды батыр» жырындағы патриоттық сезімдерді саналарына дарыту, бейнелі сөздерге қөңілдерін аударып, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін тереңдету.

2. Қобыланды батыр" жырындағы асыл сөз айшықтары арқылы ойлау, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту, ұтқырлыққа баулу.

3. Оқушыларды туған жерін суюге, эстетикалық сезімін оятуға, ана тілін ардақтауға, оны қорғай білуге, адал достыққа, бауырластыққа тәрбиелеу.

Әдіс: сұрақ-жауап, көрсету, түсінік беру, оқыту.

Көрнекілік: «Қобыланды батыр» жыры туралы кесте.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Батырлар жыры туралы түсініктерін ортаға салу. «Қобыланды батыр» жырын жоспар бойынша айту, толықтыру. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, түзетеді, жауап береді.

  1. Жаңа сабақ.

  • «Қобыланды батыр» жырын оқыта отырып, «Әдебиет лотосы» ойыны өткізу.



Жырдың аты

Қазақ әдебиетінің

түрі

Басты кейіпкерлер

Жағымды кейіпкерлер

Жағымсыз кейіпкерлер

Батырлар жырының тәрбиелік мәні неде ?

  • Венн диаграммасы

Құртқа Қарлыға



  • Мына жолдардың мағыналарын түсіндір.

Асып- тасып екеуі

Алланы алман аузына

«Барайық десең жүр» деді

Екі батыр жөнелген

Сиынбай пірге жаңыла.

  • Сөздікпен жұмыс жасау.

  • Баяндау



      1. Тоқтарбайдың қайғысы

      2. Қобыландының тууы

      3. Естеміс ердің баулуы

      4. Қызылбас елі. Қыз Құртқа

      5. Қызыл ермен жекпе-жек

      6. Қыз Құртқаның таңдауы болған бурыл құлын

      7. Қараман батыр

      8. Ер Қазанның жеңілісі

      9. Көбіктіге шабуылы

      10. Қарлыға сұлу

      11. Еліне шапқан Алшағырды жеңуі

      12. Артық туған Қобыланды.

Бекіту:

  • Тірек сызбаны толықтырып, «Қобыланды батыр» тақырыбы бойынша баяндап беріңдер:



Қобыланды батыр

  • «Егер мен батыр болсам,...» .Сөйлемді аяқтаңдар.

Үйге тапсырма Хрестоматиядан Тайбұрылдың шабысы суреттелген үзіндіні мәнерлеп оқып,жаттап алыңдар.



Бағалау.



7 сынып күні: 27.09

Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Батыр деп кімді атаймыз?»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: батырлар туралы ойларын пысықтау,

сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық

көзқарастарын қалыптастыру;

б) тәрбиелік: батырларды құрметтеуге ,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сауатты жазу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

Шығарма

«Батыр деп кімді атаймыз?»

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма : Өткенді қайталау

VІ. Бағалау бөлімі :Шығарма жұмысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау.

7 сы77 сынып күні: 11.10

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шешендік сөздер туралы түсінік бере отырып, жаңа сабақты меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, тұлғалық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жүйелі ойлап, шешен сөйлеуге, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: шаттық шеңбері, тест,ойқозғау,«Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы, пкіралысу, «Теңге алу» ойыны, рефлексия

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, кітаптар, тиын парақшалары

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, тарих,

Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Сыныпты сабаққа ұйымдастыру (ынтымақтастық атмосфера орнату)
Шаттық шеңберін құрады: «Сен әдемі сөздерді білесің бе?»

Үй тапсырмасын тексеру

Салыстырмалы тест

Жаңа сабақтың тұсаукесері

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау стратегиясы

ІІ.Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Мағынаны тану

Мақсаты: Оқушыларға тірек - сызба ұсына отырып, жаңа сабақты өздері танып білуіне жағдай жасау.

Шарты: Берілген тірек-сызбадағы мәліметтерді оқушылар өзара бір-бірімен танысып, талқылап түсіндіреді.

әнгіме,сын, әзіл терме, толғау, өсиет, жер дауы, жесір дауы,

сөз нақыл, толғау, тоқтау, жетім дауы, күн дауы,

естірту ар-намыс дауы

Мазмұнына қарай

Сараптау

«Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы

Шешен мен сөзшең айырмашылықтары неде?

Шешен

Сөзшең

Жүйелі, мағыналы, тапқыр, бірлікке шақырады.

Жүйесіз, өсек, берекесін алады.

Пкіралысу

«Шешен адам болу оңай ма?» деген сұрақ төңірегінде пікіралысу

ІІІ. Қорытынды бөлім

«Теңге алу» ойыны

Шарты: Төменде берілген теңгедегі сұрақтарға жауап беру

10тг- Белгілі шешен, билерді ата? Сөз, тіл, өнер туралы мақал-мәтел

20тг- Шешендік сөз өнері дамыған елдер?

50тг- Шешендік сөз нешеге бөлінеді?

100тг- «От ауызды, орақ тілді» деп кімдерді айтқан?

5тг- Мазмұнына қарай шешендік өнер нешеге бөлінеді?

1тг- Шешендер кімнің мүддесін қорғайды?

Үй жұмысы

Шешендік өнер туралы қосымша материал жинақтау

Рефлексия (Кері байланыс)
«2 stars and a wish «2 жұлдыз, бір тілек»

Екі жұлдыз - екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы);

Тілек - жақсартуды қажет ететін нәрсе

Бағалау.



7 сынып күні: 18.10
Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер
Сабақтың мақсаты: а) білімділік - Шешендік өнердің алуан сипаттары, шешендік сөздің түрлері мен ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру; өсиет - нақыл, даналық, аталы сөздердің, шешендік толғау, арнау, даулардың мазмұнын меңгерту, мәнін ашу;
Шешендік сөз тарихынан алған білімдерін ғылыми түрде тереңдету, сөз асылы - шешендік туралы ой-танымдарын қорытындылау.

ә) дамытушылық - Шешендік өнер туралы білімдерін тереңдете отырып, ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сезімтал, шешен бола білуге ұмтылдыру, оқушының тіл байлығын, сөздік қорын байыту;
тапқырлыққа, шешен сөйлей білуге баулу.

б) тәрбиелік - Оқушыларды халықтық мұра - шешендік сөздерді айтып үйренуге, тәлім - тәрбие алуға және халықтық салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу болып табылады.
Халықтың баға жетпес рухани байлығын, ауызша жасалып, ауызша таралып, заманнан - заманға, бүгінгі күнге жеткен шешендік сөз өнерін меңгерген, шешендік сөздерді өз заманына, ортасына лайық қолдана білетін, сөз құдіретін бағалайтын, сөз сөйлеуде үлкен жауапкершілікті сезінетін, тіл байлығы мол, жан-жақты білімді, саналы азамат қалыптастыру.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, топтастыру, шығармашылық тапсырма т. б.
Сабақтың көрнекілігі: итербелсенді тақта, үнтаспа, қанатты сөздер, тірек сызбалар, портреттер.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, шешендіктану, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ
І.. Билер ауылына саяхат.
ІІ. «Атаның сөзі - ақылдың кені» атты интеллектуалды ойыны
4. Бекіту.

Жаңа сабақ
Мұғалім: - Балалар, Өткірдің жүзі
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан
Білмеске арзан
Надандар баһра ала алмас.
Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең, өзің біл, - деген Абайдың бұл өлең жолдары не туралы деп ойлайсыңдар?
(Сөз өнері, шешендік туралы)
- Ендеше, бүгінгі сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ.
Қазақ - сөз қадірін өз қадірім деп білген, кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Қазақ халқында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр - бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай - ақ білсін. Қазақ халқы - қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай өнеге - үлгі ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан, басынан сөз асырмаған, ешкімге есе бермеген, бір ауыз сөзге тоқтаған данышпан халық. Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар - тәрбие құралы. Қазақ елі қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би - шешендерінің сөзін жадында сақтап, жаттап айта жүруді, одан үлгі - өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер мен билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі қасиеті - айтылған ойға тапқыр, әрі жедел жауап қайтару. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту.
Жиренше, Асанқайғы, Саққұлақ шешен, Ақтайлақ шешен, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер - қазақ шешендік өнерінің майталман өкілдері.

1) Билер ауылына саяхат.
2) Шығармашылық тапсырма:
1 - топ. «РАФТ»
2 - топ. «5 жолды өлең»
3 - топ. «Таза, мінсіз асыл сөз»

Бекіту. «Атаның сөзі - ақылдың кені» атты интеллектуалды ойыны.
- Ал, балалар, би-шешендеріміздің өнегелі сөздерін жадымызға жаттап, қаншалықты санамызға сақтағанымызды байқау үшін
«Атаның сөзі - ақылдың кені» атты интеллектуалды ойынын жүргізбекпіз.
Ойын талабы - ұяшықтарда берілген би-шешендердің сөздерін жалғастыру, сұрақтарға жауап беру.

Қорытындылау.
Мінеки, балалар, біз бүгін би-шешендер ауылына саяхат жасай отырып, шешендік сөздер туралы ойымызды дамытып, қиынынан қиыстырып, төтеннен төге сөйлейтін олардың аталы да баталы сөздерінен мол ғибрат алдық. «Аталы сөзге арсыз тоқтамайды» дегендей сөз қадірін түсініп, орынды қолдана білуге, ана тіліміздің асыл құндылықтарын еркін қолдана білуге үйрендік. Ерлікке, бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған, жадында сақталған сөзі мәңгі өмір сүретіні сөзсіз.

Үй тапсырмасын беру. Шешен-билердің сөздерін жаттау.
Бағалау

7 сынып күні: 25.10 Сабақтың тақырыбы: «Қанатты, нақыл сөздер »

Сабақтың мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің түрлерін оқыта отырып, білімдерін кеңейту, түрлі әдістер арқылы шығармашылық, ойлау қабілеттерін арттыру.Оқушылардың білімдерін тереңдету, түсініктерін кеңейту. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, кестелер, плакаттар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,

Күтілетін нәтиже: Топта қарым- қатынас жасай білуді үйрету,өзін -өзі басқара білуі, өз бетімен ізденеді

Көрнекілігі: ребус, суреттер, электрондық оқулық, афоризмдер/интерактивтік тақта/.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі : Топтық жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі.

- оқушылармен амандасу, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу, оқу құралдарының түгелдігін қадағалау. Балалар, біз өткен сабағымызда қанатты сөздер, соның ішінде тұрақты сөз тіркестерімен және мақал- мәтелдермен танысқан болатынбыз. Бүгінгі сабағымыздың басты мақсаты - осы өтілген тақырыпты есімізге түсіре отырып ойымызды жинақтау, алған білімімізді бекіту. Кәне, есімізге түсіріп жіберейік. Қанатты сөздер дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? /Қанатты сөздер дегеніміз- белгілі бір тәрбиелік мәні бар, көп сөзді шағын оймен жеткізе алатын сөздер.Олар: тұрақты тіркестер, мақал, мәтел, афоризмдер(нақыл сөздер), идиомалар/. Интерактивтік тақтада тірек сызба көрсетіледі.
Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не еді?
Олар бізге не үшін керек?
Мақал, мәтел деген не?Мақал мен мәтелді қалай ажыратамыз?

-Бүгінгі біздің сабағымыз сайыс түрінде өтпек, сынып оқушылары екі топқа бөлінді. Алдымен білімімізді бағалап отыратын қазылар алқысын сайлап алайық:

А.О.Муханова, М.Х.Мерғалиева,Г.Е.Сұңғатова.

Сайысымыз ІV кезеңнен тұрады: /интерактивтік тақтада көрсетіледі/

І кезең - үй тапсырмасы (топ жетекшісі тұрып берілген сурет бойынша құраған әңгімелерін оқып береді).

ІІ кезең - «Кім жылдам…» /мақал-мәтел сайысы/

ІІІ кезең - «Сәйкесін тап» / тұрақты тіркестер/

ІV кезең - «Сиқырлы сандықша» (грамматикалық тур)

І кезең. Үй тапсырмасының шарты: әңгіменің ішінде тұрақты тіркестер болуы міндетті.

ІІ кезең. «Кім жылдам» деп аталады. Бұл кезең 2 тапсырмадан тұрады.

  1. Ітапсырма- тақтада 10 мақал 30 секунд көрсетіліп, жабылады. Осы уақыт ішінде оқушылар жаттап үлгеруі тиіс. 2 минут уақыт беріліп, оқушылар есінде сақтағандарын жазады.

1.Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге.

2.Ақылды қария- ағып жатқан дария.

3.Туған үйдің түтіні жылы.

4. Ер қанаты- ат.

5. денсаулық- зор байлық.

6. Өнер алды- қызыл тіл.

7.Көз қорқақ, қол батыр.

8.Еңбек түбі- береке.

9.Жігітті жолдасынан таны.

10.Сабыр түбі- сары алтын.

  1. ІІ тапсырма- берілген мақалдың жалғасын табу керек.

    1. Не ексең…/соны орасың/

    2. Тұз астың дәмін келтіреді,мақал …/сөздің сәнін келтіреді/

    3. Қоянды қамыс өлтіреді, …./жігітті намыс өлтіреді/

    4. Көп сөз көмір, …./аз сөз алтын/

    5. Ақыл тозбайтын тон, білім…/таусылмайтын кен/

    6. Оқу - білім азығы, білім- …./ырыс қазығы/

«Афоризмдер» (нақыл сөздер) туралы түсінік беру.

- Алдымен тақтаға назар аударайық, мына суреттегі адамдар сіздерге таныс па?

/Тақтада суреттер көрсетіліп, әр суреттің астында нақыл сөздер жазылған).

  1. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі» /Ы.Алтынсарин./

  2. «Әділдікті мойындау - адал кісінің ісі» /Б.Момышұлы/

  3. «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмақ» (М.Әуезов)

  4. «Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл- қуатты тіл, қазақ тілі - сондай тіл» /Н.Ә.Назарбаев/

Нақыл сөз (афоризм)- мағынасы терең ойды қысқаша бейнелейтін, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар.

ІІІ кезең. «Сәйкесін тап».Тұрақты тіркестерге қатысты суреттер беріліп, жазылған тұрақты тіркестерді суреттермен сәйкестендіріп, мағынасын түсіндіруі қажет.

төбе шашы тік тұрды. -кірерге тесік таппады.

-соқырға таяқ ұстатқандай. -төбесі көкке жетті.

-көзі жету /сену/. -таудан тас арқалау/азаптану/.

-жел аяқ/жүйрік/. - құралайды көзге атқан /мерген/.
-арасынан қыл өтпейтін/тату/. - қолы ашық/жомарт/.

ІV кезең - «Сиқырлы сандықша» (грамматикалық тур).

1) Екі топқа бір сөзден беріліп, сол сөзге синонимдес болатындай тұрақты тіркестерді тауып жазу керек./интерактивтік тақтада/. Және берілген сөзге фонетикалық талдау жасалады.Тапсырманы 2 топтан бір оқушыдан тақтаға шығып орындайды.

Асығы алшасынан түсті

Жолы болды

Айы оңынан туды

Тасы өрге домалады

Жұлдызы оңынан туды

Көзі алақандай болу

Қорқу төбе шашы тік тұру

Зәресі зәр түбіне жету

Зәре құты қалмау

Ж -дау-з ,ұяң Қ- дау-з,қатаң

О-дау-ы,жуан, ашық,еріндік О-дау-ы,жуан, ашық,еріндік

Л-дау-з,үнді Р-дау-з,үнді

Ы-дау-ы,жуан,қысаң,езулік Қ- дау-з,қатаң У- дау-ы,жуан, еріндік,ашық

Б-дау-з,ұяң

О-дау-ы,жуан,ашық,еріндік

Л-дау-з,үнді

Д-дау-з,ұяң

Ы- дау-ы,жуан,қысаң,езулік

Қорытынды.

- Балалар, сонымен бүгінгі сабағымызда тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді есімізге түсірдік. /Интерактивтік тақтада №1кесте көрсетіледі/.Қанатты сөздердің бізге күнделікті өмірде өз ойымызды жеткізуде сөзімізді әсерлі, көркем етіп жеткізуде маңызы зор екенін байқады. Өз ойымызды жай қарапайым сөзбен айта салмай, мақал-мәтелдермен,тұрақты тіркестерді кірістіре отырып сөйлесек, сөзіміз өтімді, ұтқыр болады.

Бағалау.

- Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

Үй тапсырмасы.

- Өткенді қайталау

- Салыстыру диаграммасы. Мақал мен мәтелдің ұқсастығы, айырмашылығы.

- Өз досыңа мінездеме бер./Мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді қатыстыра отырып/.

Қазылар алқасын тыңдау.

7 сынып күні: 1.11

Сабақтың тақырыбы:Д. Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

Сабақтың мақсаты:

а) біліміділігі:ақын өмірі жайлы мәлімет беру, өлеңді мәнерлеп оқу, идеялық мазмұнын ашу;

ә) дамытушылық: оқушы білімін кеңейту, ой өрісін дамыту;

б) тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:мәнерлеп оқу, түсіндіру, топтау, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, кітаптары, кесте, нақыл сөздер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

а) сыныптың сабаққа даярлығын тексеру

ә) оқушыларды түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Жаңа сабақ

1. Дулат өмір сүрген кезең жайлы

2. Дулат-заман туралы терең толғаған ақын.

Дулат Бабатайұлы-қазақ халқының әдебиетінде елеулі орын алатын ақынның бірі. Дулат өз заманындағы ең білімді адамдардың бірі болды. Шығармалары Отан, туған жер, атамекен жайлы. Өлеңдерінде туған жерге деген сезімін ерекше толғаныспен жырлайды. Ол-заман туралы, халқының мұңы мен зарын, арманы мен қиялын жаны ауыра жырлаған ақын.

Оқулықпен жұмыс

«О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Бұл өлең жетім бала Ақтанға арналған.Демек, арнау өлең.Ақын бала болашағына көз жүгіртіп, мақсатына жету үшін қажымай-талмай күресу керек екенін айтады, оған деген сенімін білдіреді.

Дәптермен жұмыс.

Ақын Ақтан жасқа қандай үміт артады?

Ақын үміті

Сен ұсынар жол

1.Сен де жетер ме екенсің?

2.Шаруа жиып кенеліп,

Бала сүйіп, мал жиып,

Өмір сүрер ме екенсің?

3.Жетімдіктен өтерсің,

Жетерсің, әлі жетерсің.

ІV.Жаңа сабақты меңгерту.

Өлеңнің идеясы: іздене еңбек етуге, білімге шақырады.

Ой-түйін: Ерді еңбек жеткізер. Еңбек етсең-емерсің, Ерінбесең-женерсің.

V.Білімді бекіту:

Сөзмаржан

Бержін ер-батырлардың астына сай ер.

Керсен-тегеш, тегене.

Білтелі-майшамның талшығы.

Бадана көз-үлкен көз.

Сауыт-денеге киетін торкөзді кіреуке.

Риторикалық сұрау(лепті сұрау)-ойды сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту.Мысал келтіру.

VІ.Білімді бағалау.

VІІ.Үйге тапсырма беру:оқу, 57 бет өлеңді мәнерлеп оқу.



7 - сынып күні: 3.11.
Сабақтың тақырыбы: М. Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: М. Өтемісұлы шығармаларының ерекшелігін түсіндіру, ақын өмір сүрген дәуірдегі түрлі қайшылықтардың ақын шығармашылығына әсері туралы мағлұмат беру, Исатай портретінің шебер жасалуын, теңеу ерекшелігін білдіру, өлеңді мәнерлеп оқыту, өлеңді талдай білуге үйрету, тақырыбын ашу, өлеңдегі көркемдеуіш сөздерді табу.
Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын арттыру, өз ойларын еркін жеткізуге, шығармашылықпен, ұжымдық жұмыс жасауға жұмылдыру
Тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу
Типі: дәстүрлі
Түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау
Көрнекілігі: электронды оқулық, слайдтар
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка
Тех. құрал - жабдық: интербелсенді тақта
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
Сыныпты 4 топқа бөлу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Мен саған, сен маған» әдісі
1.«Мені жалғастыр» әдісі

1. Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» атты өлеңінен сұрақтар қою «Мен саған, сен маған» әдісі.
2. Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» атты өлеңін жатқа оқу.
Әр топтан 3 оқушы шығып «Мені жалғастыр» әдісімен жаттау айту
1. Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» атты өлеңінің тақырыбы қандай?
2. Өлеңге арқау болған не жағдай?
3. «Аягөз кімнің жері еді?»деген өкінішін қалай түсінесіңдер?
4. Өлеңнің түйіні қандай?
2. «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін мәнерлеп оқыту.
ІІІ Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Ой толғаныс
Сабақтың барысы:
IҮ Жаңа сабақ
Ой қозғау үшін оқушыларға қойылатын сұрақ:
М. Өтемісұлы кім?
Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер?
Дауылпаз ақынның 200 жылдығы қай жылы Юнеско көлемінде аталып өтті?
«Тарланым» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?
Білемін Білгім келеді Үйрендім
1804 жылы Орал облысы, Нарындағы Бекетай құмында туған. Махамбет беріш руынан. Арабша, орысша хат таныған. Оның 70 шақты өлеңі және бірнеше күйлері бар. Батырдың сүйегі Алматы, Гурьев, Мәскеуді 17 жыл шарлап, 1983жылы 15 мамыр күні туған жері Қараойға жерленді. Батырға 12 қабырғалы, ішінде11 шумақты өлеңі жазылған мазар салды. Исатай туралы толық мәлімет алу. Тарланым сөзінің мағынасын ашу. Өлеңді жазудағы мақсатын түсіну
Олай болса, туып - өскен жерін, қарыс қадам жері үшін басын бәйгеге тіккен М. Өтемісұлы батырдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, «Тарланым» атты өлеңіне кеңінен тоқталамыз.
Оқушыларға бұрыннан таныс «Соғыс»өлеңін естеріне түсіру. Махамбет өмір сүрген дәуірдегі соғыс картинасын жасау.(Өлеңнің қанды соғысқа арналғанын, Исатайдың ерлік бейнесін еске түсіреді)
- М. Өтемісұлының өлеңдерінде даналық сөздер көптеп кездеседі. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы ерлік, батырлықты жырлайды. Сондай - ақ, 1836 - 1839жылғы ұлт - азаттық көтерілісіне қатысты. Оларды уақытына қарай үш топқа бөліп қарастыруға болады. Өлеңдері азаматтық, ел мен жер, азаматтық парызды, рух қайсарлығын жырлайды. Оның көптеген өлеңдері көтеріліс басшысы Исатайға арналды. Махамбеттің «Тарланым», «Мінкен ер», «Исатай сөзі», «Ей, Махамбет жолдасым!», «Исатай деген ағам бар», «Есіл ер»,«Тайманның ұлы - Исатай!», «Исатай сөзі»т. б өлеңдері бар. Махамбет осынша көп өлеңдерін арнаған Исатай кім? (Исатай туралы мәліметтермен таныстыру) Осылайша аға тұтып, ерге тірек, халыққа көсем санаған, қаза тапқаннан кейін аза тұтып, аруағына сыйынып өткен адамы - Исатай. Исатай қазасы Махамбетті қатты қайғыртты, күңіренте егілтті.
- Исатай батырдың киген киімдеріне, ұстаған қару - жарағына назар аударайық.(дулыға, сауыт киген, қалқан, садақ, жебе, адырна сөздерінің ерекшелігін ай айтады) «Тарланым» өлеңін үнтаспадан тыңдатамын (оқушылардан алған әсерін сұрау) «Тарланым» өлеңін мәнерлеп оқыту.
- Өлеңдегі сөз қолданыстарынан ақынның күйзелісте екенін сеземіз.
Өлеңді терең талдау мақсатында оқушыларға өлеңнің өн бойында бір өкініш, қимастық бар екендігін ескерте отырып, дауылпаз ақынның бұл өлеңінің қандай өзгешелігі бар екендігі сұралады.(жоқтау сарынында жазылғандығы айтылады. Қазақ әдебиеті тарихында жоқтау жырлары ерекше орын алатыны сөз болады)
Сөздікпен жұмыс
Кермиық, кербез - паң, сұлу
Тарлан - 1) биікті мекендейтін еркін құс; 2) тұлпар.
Керіскедей - дардай, алпамсадай.
Керіске - көбіне ашық жерде өмір сүреді, жүрісі өте майпаз, сәнді қозғалатын, денесі аса үлкен бауырымен жорғалаушы.(слайд)
Фәни - өмір
Жебе - садақ оғы
Сусар - аң
Адырна - садақ жебесін тіреп ататын тарамысы
Шандоз - асыл, ардақты
Академик. З. Қабдолов пікірімен түйіндеу.
(«…Махамбеттің есімі - өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі - қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап - таза қорғасыннан құйылған ап - ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең - жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.»)
Өлеңді мазмұнын ашу үшін талдауға қойылатын сұрақтар:
- Исатайдың батырға тән бейнесін, ақылдылығын қандай жолдардан көреміз?(кермиығым, кербезім, тебіренбес ауыр мінезім)
- Ал ерлік ісін қандай жолдардан көруге болады?(садағына сары жебе салдырған…, көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан)
- Табиғат халқына тіреу болуға жаратқан сегіз қырлы, бір сырлы туысы бөлек тұлға екенін қандай жолдардан білуге болады?
- Сыртқы тұрпатының көз сүрінетіндей келісті де айбындылығын қалай суреттейді?
- Исатайдың батырлар жырындағы Қобыланды, Алпамыстарға ұқсастықтары бар ма?
- Енді ақынның арманын, өкінішін қай жолдардан байқауға болады?(таудан мұнартып ұшқан тарланым, саған да менің арманым, Арыстан еді - ау Исатай!…)
- Өлеңнің батыр қайтыс болғаннан кейін шығарылғанын қалай білуге болады?(өткен шақта айтылған сөйлемге қараймыз. «Арыстан еді - ау Исатай!…»
- Елі үшін қан майданға тайсалмай түскен қайыспас қайсар, қара қазақ қамы үшін халықтан туған ер ұлды жырлаған, соны өнеге еткен, соған асыл сөз маржандарын тізген. Исатай батырдың сом тұлғасын жасаған.
Ү Жаңа сабақты бекіту
1 - топтың тапсырмасы
Электронды оқулықтан «Тарланым»өлеңін ашып көрсетіп, өлең құрылысына талдау.
2 - топтың тапсырмасы
Ақын өлеңіндегі метафора, эпитет, теңеулерді теріп, олардың бейнелік мәнін түсіндіріңдер.
Көркем тіл Мысалдар
Метафора Таудан мұнартып ұшқан тарланым, Арыстаным, көп болды - ау,
Саған менің арманым!
Тарланым, арыстаным, мүйіздім т. б..
Эпитет Ащы дауыстым, терең ақылдым, ауыр мінездім, сұр жебе
Теңеу

Аллитерация

Құландай ащы дауыстым, Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым!
Теңіздей терең ақылдым! т. б.

Құландай ащы дауыстым,
Құлжадай айбар мүйіздім
Қырмызыдай ажарлым!

3 - топтың тапсырмасы
Махамбет пен Исатайға мінездеме жазу. Венн диаграммасы
Алуан сөз образдарын сәйкестендіре отырып, Исатай бейнесін сомда.
Нұр сипатты, келбетті, көркем сымбатты - кермиығым, кербезім,
қырмызыдай ажарлым
Жауының құтын қашыратын қаһарлы - құландай ащы дауысты
Зор тұлғалы айбарлы - құлжадай айбар мүйізді
Отырған жері сәнді - думанды, сері - Хиуадай базарлым
Сабырлы, ойлы, парасатты жан - теңіздей терең ақылдым, тебіренбес ауыр мінездім
Исатайдың ерлігі - Арыстан еді - ау Исатай…
-«Тарланым»өлеңінде Исатайдың «жұртына құрбан болсам» деген мақсатының ірі де ізгілігім ғажап тартымды суреттелген. Махамбет - күйші. Оның бізге жеткен 7 күйі болды. Атап айтсақ, «Шілтерлі терезе»,«Исатайдың Ақтабаны - ай»,«Жайық асу»,« Қиыл қырғыны»,«Жұмыр қылыш», «Қайран, Нарын!». «Өкініш»күйі Махамбеттің бұл күйлерінің барлығы көтерілісті немесе көтеріліс жеңіліс тауып, Исатай қайтыс болып, Махамбет өз елінен безіп, қудалауға түсіп жүрген кезінде шығарылған екен.«Өкініш»күйін таспадан тыңдайық.
ҮІ Жаңа сабақты қорыту
- Міне, біз «Тарланым» өлеңін талдап шықтық. Сонымен Махамбет Өтемісұлы кім?
Топтастыру стратегиясы
1804 - 1846 ж
Исатай - Махамбет көтерілісі тарихта айтулы оқиғалар қатарына кіреді. Көтеріліс жеңіліс тапқанымен, халыққа қысым көрсеткен хан - сұлтандар тағында тұра алмады. Халқы үшін құрбан болған ұлдардың бүгінгі ұрпағы Қазақстанның тәуелсіздігіне куә болып отыр.
Жылдар, ғасырлар алмаса келе талай оқиға көмескі тартары заңдылық. Ал Махамбеттің ісі мен жырына ондай қауіп төнген емес, төнбейді де. Олай болатыны, оның батырлығы бір жекпе - жектегі қайратты емес, жалпы адам бойындағы қайсарлық пен ерліктің символы. Жыр - толғауы бір кезеңнің баяны емес, күллі адамзатқа тән азаттық пен теңдіктің өшпейтін ұраны..
YI Үйге тапсырма беру
«Тарланым»өлеңін жаттау.
«Туады ерлер ел үшін» тақырыбында ойтолғау жазу
Шығармашылықпен жұмыс. «Махамбетше жырлаймын.
YIІ Оқушы білімін бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал