7


  • Учителю
  • Методические материалы 7 класс

Методические материалы 7 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі әдебиетінен 8 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

1

Сабақтың тақырыбы:

Қ.Бекхожин «Ақсақ Темір мен ақын»

2

Сілтеме:

Блум таксономиясы.( Б.Блум 1965 жыл.Нұсқаулық 43-бет)

Қазақ әдебиеті.8 сынып

БББ маркировкасы

3

Жалпы мақсаттар:

  • Т.Әбдіков туралы жалпы шолу жасау;

  • Әңгіменің құрылымына талдау, түсіну;

  • Балалардың сыни ойлауын дамыту;

4

Оқытудың нәтижесі:

-Қалихан Бекхожин туралы жалпылама мәлімет біледі;

-«Қонақтар» әңгімесінің композициялық құрылымын игереді;

- Оқушылардың шығармашылық ойы дамиды;

5

Негізгі дерек көздері:

АКТ,постер,меркер мен стикерлер,оқулық,жұлдызшалар.


Кіріспе

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

Кезеңдері

Амандасу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабаққа дайындық жасайды,зейіндерін аударып ден қояды.

1 мин.

Білу

Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар үйге берілген тапсырма бойынша алған білімдеріңізді тексеремін.(үй тапсырмасын орындамаған оқушыға көмек бағдар беріледі)

Т.Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығы жайлы ойларын ортаға салады.

3 мин.

Жаңа сабаққа дайындық

Оқушылардың жаңа сабақ туралы ойларын дамыту үшін,интерактивті тақтаның көмегіне сүйене отырып Қ.Бекхожиннің фото суретін көрсетемін.

  • Балалар мына фотодан кімді көріп тұрмыз,бұл бейне бізге таныс па?

Оқушылар суреттен кімді көргендерін айтады

1 мин.

Жаңа сабақтың мақсаты

-Балалар,біз бүгінгі сабағымызда қазақтың көрнекті жазушысы Қ.Бекхожиннің өмірі және шығармашылығы жайлы жалпылама мәлімет аламыз.Сонымен қатар,ақынның «Ақсақ Темір мен ақын» туралы балладасымен танысамыз.

Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты білгендерін айтуға талпынады.

1 мин.

Түсіну

Бұл кезеңде балаларды топқа бөлемін. (Ол үшін оқушылардың қолына әндердің атаулары жазылған қима қағаздарын үлестіремін Мыс; «Туған жер», «Елім-ай», «Менің елім» .Осы атауларға байланысты әуендерді үнтаспадан тыңдату арқылы оқушылардың топтасуын сұранамын.Оқушылар 3 топқа бөлінеді.)

Оқушылар топқа бөліну әрекеттерін жасайды.

2 мин.

Тапсырма

Топтарға тапсырмалар беремін.

Оқушылар берілген тапсырманы оқиды.Топпен бірлесе отырып постер жасайды.Топтан бір оқушы постер қорғайды.


І топ

Қ.Бекхожинге сипаттама беріңдер.



Қалихан Бекхожин


Балалар интерактивті тақтадан тапсырмаларын көреді,постер қорғайды.


ІІ топ

Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» шығармасындағы көркемдегіш тәсілдерді тауып орналастыр.

Аллитерация


Кейіптеу


Метафора


Эпитет



Оқушылар интерактивті тақтаның көмегіне сүйене отырып баллададан үзінді тыңдайды.



ІІІ топ

Балладаның композициялық құрылымына талдау жасаңдар.

Оқиғаның басталуы:-

Байланысы:

Шығарманың дамуы:

Шығарманың шарықтау шегі:

Шығарманың аяқталуы:

Оқушылар осы тапсырма бойынша постер жасайды.



Қолдану

Сабақты бекіту



Балалар енді жинақтаған білімдеріңді тексеріп көрейік.Балаларға сұрақтар қойылады.

1.Ақсақ Темір Азияға жойқын шабуыл жасамағанда тарихи оқиғалар басқаша болар ма еді?

2.Ақсақ Темір туралы қандай деректер білесіңдер?

3.Ол қай кезде өмір сүрді,оның тарихи жорықтары туралы не білесіңдер?

Балалар топпен өзара ақылдаса отырып топтағы сабаққа төмен қатысып отырған оқушыға қорғатады.



Талдау

Ақсақ Темір туралы мәліметтерді топтастыру әдісі арқылы талдау жасайық.



Барлық топтың оқушылары арасынан мүшелер шығып өз ойын жазады.



Жинақтау

Сонымен бүгінгі сабақтан біз не үйрендік,балалар!

БББ маркировкасы

Білемін

Білдім

Білгім келеді



Қорытынды шығарады



Бағалау



«Екі-жұлдыз,бір-тілек» арқылы бағалау.



Балалар келесі топтарға өздерінің бағаларын береді.



Рефлексия

  • Балалар,бүгінгі сабағымыз туралы не ойлайсыңдар?

(Балаларға стикерлер таратамын)

-Балалар стикерлерге өздерінің ойларын жазады.



Үйге тапсырма

Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» атты балладасын оқып келу.Салыстыру жасау.

Ақын

Ақсақ Темір

Балалар үй тапсырмасын белгілеп алады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал