7


  • Учителю
  • Қазақ халқының ұлттық аспаптары 8 класс

Қазақ халқының ұлттық аспаптары 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық аспаптары

Сабақтың мақсаты: қазақ халқының ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға, ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.

Көрнекіліктер: күй, презентация, кеспе қағаздар, ұяшықты сурет, ұлттық аспаптар суреттері,тест, күннің көзі және бұлттың суреттері, бағалау парақтары.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, топтық жұмыс, т.б.

Пәнаралық байланыс: музыка, орыс тілі

Ұйымдастыру: сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару.

«Шаттық шеңбері» тренинг, тілек айту

Актуализация:

- Презентация

- Суретте қандай аспаптар? Қайсысы сендерге таныс?

- Бүгінгі сабақ не туралы деп ойлайсыңдар?

Біздің бүгінгі сабағымыз «Қазақтың ұлттық аспаптарына» арналады.

- Балалармен бірге сабақ мақсатын анықтау.

Ұлттық аспаптардың түрлері туралы жалпы мәлімет беру.

Презентация

Жаңа сөздер:

Үрмелі аспаптар - духовые инструменты

Ішекті аспаптар - струнные инструменты

Ұрмалы аспаптар - тревожно-шумные инструменты

Жаттығу жұмыстары:

1 - тапсырма: мәтінмен жұмыс: - оқу, аудару;

  • сызба құрастыру;

  • қорғау.



1-топ:
Қазақтың музыкалық аспаптары шертпелі ( домбыра, адырна, жетіген, шертер), үрмелі аспаптар (сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз), ұрмалы - сілкімелі аспаптар ( дабыл, даңғыра, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ, т. б.) деп топтауға болады.

Сазсырнай

Үрмелі аспаптар тобына жатады. Саздан жасалып, отқа күйдіріледі. Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болып келеді. Аспаптың іші қуыс, қарама-қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкене ойығы бар.



2-топ:
Қазақтың музыкалық аспаптары шертпелі ( домбыра, адырна, жетіген, шертер), үрмелі аспаптар (сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз), ұрмалы - сілкімелі аспаптар ( дабыл, даңғыра, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ, т. б.) деп топтауға болады.

Жорық дабылы

Үлкен етіп жасалады 3 м. 40 см биіктігі - 1 метр болып келеді. Оның екі жағын қаптауға екі түйенің терісі жұмсалады. Даусы 3-4 шақырым жерге дейін естіледі. Бұл аспап ел арасында "аттамыс дабылы" деп аталады.

2-тапсырма:

Берілген суреттерді дұрыс ұяшыққа салу(домбыра, жетіген, қобыз, сыбызғы, сырнай,үскірік, даңғара, дауылпаз, аса таяқ)

Қазақ музыкалық аспаптарының топтары мен түрлері


Үрмелі

Ішекті

Ұрмалы












Сабақты бекіту:

1.Қандай музыкалық аспап? Әуендерге байланысты музыкалық аспаптарды анықтау: домбыра, қобыз, асатаяқ, жетіген, жорық дабыл, сыбызғы.

2.Сен маған, мен саған.... топтар бір-біріне 2 сұрақ құрастырып, жазбаша жауап жазады.

3.Тест сұрақтарына жауап беріндер

  1. Ұлттық аспаптың түрінен үрмелі аспапты табыңдар(духовой инструмент)

А) домбыра

В) сыбызғы(свирель)

С) дауылпаз

Д) жетіген

2. Жеті ішекті шертпелі музыка аспабын табыңдар (семиструнный муз.инст.)

А) домбыра

В) сыбызғы

С) дауылпаз

Д) жетіген

3. Қазақтың ұлттық аспабына жатпайтынын табындар(что не относится к каз.муз.инструментам)

А) домбыра

В) баян

С) сазсырнай

Д) жетіген

4. Берілген сөйлемді толықтырыңдар. Ән ...

А) тартылады

В) қол соғады

С) ойнаймыз

Д) айтамыз

5. Берілген сөйлемді аяқтаңдар. Ән - көңілдің ...

А) келбеті

В) әлпеті

С) ажары

Д) пішіні


Қорытынды:

-Не білдім? Не үйрендім? Әр оқушы өз ойын айтады.

- Топ жұмыстарын бағалау;

- Рефлексия

Оқушылар өздеріне қаншалықты сабақ ұнаса, солай сабақты бағалайды.

Ұнады

Ұнамады

Берілген суреттерді оқушылар таңдауларына байланысты плакатқа іледі.

Бағалау

- Оқушылар бағалау парақтарына өз білімдерін бағалайды;

-Оқушыларды біліміне, өз ойын, пікірін дәлелдей алу қабілетіне қарай бағалау.

Үй жұмысы:

Сөздік, мәтін мазмұндау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал