7


  • Учителю
  • Білім беру жүйесіндегі өзгерістер

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер

Қазір әлемде көптеген өзгерістер болып жатыр. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар: қоғам дамуының қарқындылығы; ақпараттық қоғамға көшу; мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі; қоғамның демократиялануы; экономиканың қарқынды дамуы; бәсекелестіктің өсуі; адам капиталының мәнінің артуы.

С. Бичтің айтуынша, әлем өзгергендіктен, біз де өзгереміз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білеміз. Жалпы мектептер үшін , мұғалімдер үшін басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «... нені оқыту керек?» және «... оқушыларды қалай дайындау керек?» . Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің , дағдылардың тең дәрежеде маңызды екендігін көрсетеді. Замануи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, сондай-ақ С.Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қазіргі заман талабына сай көптеген оқыту стратегиялары мен педагогикалық тәсілдерді араластырып қолданып жүр. Нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажет екенін жақсы біледі. Мұғалімдер пайдаланатын стратегиялар жалпы алғанда, бүкіл сыныпты оқыту мәселелеріне, сонымен қатар жүргізілетін зерттеулердің бағытына, топтық жұмыстарға, өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болады. Мұғалімдер сабақтарында АКТ, СТО, диалогтік оқыту, дарынды және талантты балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау деген жаңа технологиялардың стратегияларын шеберлікпен пайдаланады. Оның үстіне әрбір оқушымен болатын жеке кері байланысты да естен шығармайды. Мұғалімдер жекелеген оқушыларды оқуға ынталандыру, олардың көңіл-күйлері, толғаныстары туралы және олардың мектептен тыс өмірі туралы толық біліп жүреді.

Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын тиімді пайдалану.

«Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтқандай ,бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу-бүгінгі заманның талабы.
RWST бағдарламасы -ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді.Бұл бағдарлама 60 түрлі стратегияларынан тұрады.Мақсаты - шығармашылық ойлауды,сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Мұғалімнің міндеті - баланың өзіне деген шығармашылық қабілетін дамыту,өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу.Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі материалдарды іздеп дәлелдеуі.Ол бұрын тек тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойланушы,өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,өз ойын еркін және зерттей талпындырып ,тұжырым жасау;
ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,естігенін ,білгенін талдап,салыстырып, реттеп,сұраптап, жүйелеп,білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға ,өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.Оқушылардың осындай қабілеттерін дамытуға әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде,балаларды шығармашылыққа баулуда,ойларын еркін айтуға тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға,өз бетінше білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігіне көзім жетті:
1.Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып,ортақ қорытынды шығарады.
2.Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3.Бірлесе отырып сұрақтарына жауап береді.
4.Қорытынды шығарады ,өз пікірлерін дәлелдейді.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады .Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек.Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет.Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып,іске асыруына жол көрсетеді.
Сабақтың мақсаты үш бөліктен тұрады:
а)қызығушылықты ояту-сұрақ қою;
б)мағынаны ажырату - жауаптар іздеу,мәселені зерттеу;
в)ой толғаныс - ойлау процесінің ең жоғарғы сатысы.

Мен сабақтарымда СТО стратегияларымен оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданамын. Қызығушылықты ояту кезеңінде: бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.Сондықтан да,сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғату,ояту,ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.Оқушы өз білетінің еске түсіреді,қағазға жазады,көршісімен бөліседі,тобында талқылайды.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау», «Ыстық орындық» т.б. стратегиялармен пайдаланамын.
Екінші кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.Оның өз бетімен жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасаймын. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Соның бірі INSERT.Ол бойынша оқушыға тақырыппен танысу барысында V- «білемін»,- - «мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаңа ақпарат» ?- «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT -оқығаның түсінуге,өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бұл кезеңінде оқушылар білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.
Бағдарламаның үшінші кезеңі: ой толғаныс. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді.Оқушылар өз ойларын,өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру,ой түйістіру,өз үйрену жолын,кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді.Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне ,ауыр -жеңілдігіне лайықтыла қолданылады.
Сын тұрғысынан ойлау-жеке тұлғаға әсер етеді:1)танымдық процестеріне,2)еріктік процестеріне,3)сезімдеріне,эмоцияларына.
Осының бәрі :
-өздігінен білім ала білуін
-сын тұрғысынан ойлау іскерлігін,
-кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
1)бір-бірінің пікірін тыңдау,сыйлауға ; 2)өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; 3)бір-біріне құрметпен қарауға; 4)өз ойын ашық,еркін айтуға,пікір алмасуға; 5)өзін-өзі,бірін-бірі бағалауға; 6)мұғаліммен еркін сөйлесіп,пікір алмастыруға; 7)достарының ойын тыңдай отырып,проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге көмектесу; 8)белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.
Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы былай депті: «Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу.»Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен оқушылардың табыстары қуантады. Биылғы оқу жылында біздің мектептің оқушыларының білім сапасы жоғарылады, сыныптан тыс шараларға белсенді қатысады, аудандық, облыстық байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға иеленіп жүр. Мұндай табыстар көп ізденудің,жаңаға деген айрықша ұмтылыстың нәтижесінде деп ойлаймын.

Оразбаева Айнагүл Алғалиқызы

С.Мұқанов ат. Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал