- Учителю
- Батырлар жыры. «Қамбар батыр» жырындағы Қамбар және Назым бейнелері
Батырлар жыры. «Қамбар батыр» жырындағы Қамбар және Назым бейнелері
Сабақ жоспары
Өтілетін уақыты: 17.09.2014жыл
Сыныбы 9«з»
Пәні: қазақ әдебиеті
Мұғалім: Бакаева Жүзім
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. «Қамбар батыр» жырындағы Қамбар және Назым бейнелері
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың батырлар жыры туралы алған білімдерін молайту.Қамбардың батырлығы мен адамгершілігін,адалдығын,Назымның байлыққа қызықпай адал жар таңдауын,елі үшін қызмет ететін батырды ұнататынын кейінгі ұрпаққа үлгі ету.
Күтілетін нәтиже:Батырлар жыры туралы түсінік алады. Қамбар мен Назымның адал жан екендінін таниды.Еліне, жеріне деген патриоттық сезімдері оянады.
Деңгей
Оқу тапсырмалары сұрақтар
Оқушы іс-әрекеті
Теориясы «Білу»
(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)
1.Эпостық жыр деп қандай жырларды атаймыз?
2. Эпостық жыр мен лиро-эпостық жырдың айырмашылығы бар ма?
3.Қамбар батыр жырының негізгі тақырыбы не?
Берілген сұрақтар бойынша жауаптар іздейді.
Теориясы «Түсіну»(Неге? Неліктен? Не үшін?)
Эпостық жыр-батырлардың елі,жері үшін көрсеткен ерліктерін кейінгі ұрпаққа дәріптеу. Ал лиро-эпостық жыр-ғашықтар жыры.Бірін-бірі жақсы көрген екі жастың махаббаты жолындағы күресі.Қамбар батыр жырының өзекті мәселесі-батырдың халыққа адал еңбегі мен қайырымдылығы,елін қорғау үшін жауға қарсы шығып,жауды талқандап жеңуі туралы баяндалады.
Тақырыптың мазмұнына сәйкес образ, портрет,пейзаж,суреттеу арқылы түсініктерінен мәлімет береді.
Практикасы «Қолдану»(Оқу лықта берілген тақырыптар бойынша жұмыс)
Эпостың мақсаты-ертеде өткен ерлердің ісін кейінгі ұрпақ өздеріне үлгі ету. Жыр кейіпкерлері Алшыораз, Қамбар,Назым-үшеуі де кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық істер істейді. Қамбар -елін сүйген батыр,сондықтан да Назым ел сүйген батырды сүйіп, ер қадірін арттырмақ.
Жаңа тақырыпты оқи отырып, оқулықпен жұмыс жасайды. Сабақ мазмұнына қарай әртүрлі баяндама рефераттар жазу.
Теориясы «Талдау»(Оқушылардың топтық белсенділігін және бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайту.)
Қамбар кедей отбасынан шыққан.Ол өзінің ағайын-жұртын аңшылықпен асырайды.Халқына қайырымбы.Елін, жерін жаудан қорға-ған батыр.
Ортақ қасиет
Екеуі де адалдықты
сүйеді. Бірін-бірі ұнатады.Олар, ең алдымен азаматтық,адамдық борышын жоғары қояды.
Назым байдың қызы.Ел сүйген батырды сүйіп, ер қадірін арттырмақ.Қамбар кедей болса да адамгершілігін жоғары бағалап ұнатады.
Жаңа сабақ бойынша түсініктерін жинақтап, бір-бірінің білімдерін толықтырады.
Теориясы «Жинақтау»(Алын -ған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)
Жырдың негізі-алайда елдің ардақты ұлына аяулы аруын қосу. Эпоста олардың өмір тіршіліктеріндегі теңсіздіктерді кейінгі оқиға тартыстарымен жойып, ақыры бір-бірін сүйетіндіктерін мойындатады.
Назымның ағаларының ішіндегі ақылдысы Алшыораз ғана басқа ағаларына Қамбардың ерлігін бастарына ауыр күн туғанда дәлелдете біледі.
Жаңа сабақ бойынша түсініктерін жинақтап, бір-бірінің білімдерін толықтырады.
Практикасы «Бағалау»(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)
«Туады ерлер, ел үшін»атты тақырыпта шағын шығарма жазу.
Жаңа және өткен тақырып бойынша түсініктері анықталып, тиісті бағалары қойылады. Қамбардың және Назымның орнында болсаңыз сіздер не істер едіңіз?
Өткен және жаңа сабақ бойынша жауап берген оқушыларға өз көзқарастарын білдіреді,ойларын айтады.