7


  • Учителю
  • Тәкен Әлімқұлов «Қараой». ӘңГіме туралы.

Тәкен Әлімқұлов «Қараой». ӘңГіме туралы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: С/тақырыбы:Тәкен Әлімқұлов «Қараой». Әңгіме туралы. С/мақсаты: Білімділік: Т. Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру, әдебиет теориясынан - әңгіме туралы түсінік беру.Дамытушылық:Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ойын, тілін дамыту, сөздік қорларын толықт
предварительный просмотр материала

С/тақырыбы:Тәкен Әлімқұлов «Қараой». Әңгіме туралы. С/мақсаты: Білімділік: Т. Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру, әдебиет теориясынан - әңгіме туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ойын, тілін дамыту, сөздік қорларын толықтыру, қойылған сұрақтарға жауап іздеуге, қосымша ақпарат түрлерімен жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, шығармашылық қабілеттерін, зейінін дамытуға ықпал ету. Жұппен жұмыс істеген кезде бір-бірін құрметтеуге, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру.

Сабақ өткізу формасы: ізденіс сабағы.

Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих

Құрал-жабдықтары: мультимедиялық проектор, әр партаға арналған тарихи мағлұмат туралы таратпа материал, сөздіктер.

Күтілетін нәтиже:

• Патриотизм ұғымы туралы түсінік алу;

• Алған білімдерін қолдана білу;

• Сабақ барысында үйренген жаңа сөздерді сөйлеу тілде қолдана білу;

Сабақта қолданатын стратегиялар: " Кластер", " Білемін - Білгім келеді - Білдім" кестесі, «Мәтіннен негізгіні түртіп алу» - инсерт.

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Білетін ақпараттарды еске түсіру.

3. Жаңа тақырыпты меңгерту.

4. Жаңа материалды түсінгендігін тексеру, алған білімдерін бекіту.

5. Рефлексия.

7. Қорытынды.

8. Үй тапсырмасы


Сабақ барысы:

1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығы. Бағдарлау.

Оқушылар мен құрал-жабдықтардың сабаққа толықтай дайындығы, жұмысқа кірісуі.

Оқушыларды сабаққа мотивациялау, сабақтың мақсат-міндеттерін қабылдауы.

Оқушылардың үстелдерінде қазақ әдебиеті оқулығы, дәптер, кеспе карточкалар.

Жұппен жұмыс.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Әр адамның туған жері, Отаны болады. Отан - ата-анаң, бауырларың, жақындарың, туып өскен жерің. «Отан - отбасынан басталады», «Отан үшін отқа түс - күймейсің, Арың үшін алыссаң - өлмейсің» дейді қазақ мақалы. Талай азаматтар бүгінгі тәуелсіз, егеменді еліміз, Отанымыз Қазақстан үшін маңдай терлерін төгіп, ұмытылмас із қалдырды. Солардың бірі қазақтың айбынды ақыны Махамбет Өтемісұлы. Ол қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді армандаған, өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлігін, олардың адамгершілік қасиеттерін жыр еткен.

Мұғалім: Балалар, сабаққа дайындалған кезде келесі өлең жолдары есіме түсті:

Керілген кең дала,

Бір ойға батамын,

Сенде өстім, сен ғана - Туған жер, Отаным.

Өзіңнен нәр алар, жабықса көңілім.

Сен үшін сан адам, қиды өз өмірін.

Сенде адам үміті, сенде ауыр жарасы,

Байтақ, құдіретті, Қазақтың даласы!


Сабақтың тақырыбын, мақсат-міндеттерін, сабақ жоспарын айтады.

Оқушылар дәптерлеріне сабақ тақырыбын жазады Т.Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі (үзінді), сонымен қоса тақырыпты оқу барысында оқушылар қандай мақсатқа жеткісі келетіндігі туралы жазады .

2. Білетін ақпараттарды еске түсіру: "Шақырту"

Сұрақтар:

1. Махамбет Өтемісұлы кім? Ол туралы не білесіңдер?

2. Исатай Тайманов кім? Ол туралы не білесіңдер?


Мұғалім: Қазақстан тарихы пәнінен сендер 1836-1838 жылдары болған ірі халық-азаттық . Соған орай келесі тапсырманы орындаңдар.


Тапсырма № 1. 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс туралы не білесіңдер?

(көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі, шұрайлы жерлердің бәрін ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойды. Қатардағы қарапайым жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.)


«Шақыру» кезеңі

Мұғалім қызметі

Оқушы қызметі

1. Дәптерлеріңе кесте сызып, көтеріліс туралы білетіндеріңді қысқаша толтырыңдар.

Тақтаға кесте сызады. «Білемін - Білгім келеді - Білдім» стратегиясы (БББ)


2. Кестенің сол жағына білетіндеріңді толтырыңдар.

3. Білетіндеріңді жұптарыңа айтып білім алмасыңдар.

4. Ал енді не білеміз соны талқылайық(кестені оқушылардың айтқаны бойынша толтырады).


1. Әр оқушы дәптерлеріне кесте сызып, көтеріліс туралы естеріне түсіріп, кестенің сол жағын толтырады.

«Білемін - Білгім келеді - Білдім» стратегиясы (БББ)


Білемін

Білгім келеді

Білдім

2. Бір-бірімен білетіндері туралы білім алмасады.

3. Әр оқушы білетін ақпаратты айтады, естіген жаңа ақпараттары дәптеріндегі кестеге толтырып отырады.


«Кластер» әдісі. Мұғалім тақтаға кластер сызады.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Бұл кезеңде оқушылар сабақ тақырыбымен жұмыс жүргізеді.


А) Жұппен жұмыс:


Тақырыптар

1 жұп

Т. Әлімқұлов туралы өмірдерек.

2 жұп

Т. Әлімқұлов шығармалары.

3 жұп

Т. Әлімқұловтың аудармалары.

4 жұп

М. Өтемісұлы


«Мәтіннен негізгіні түртіп алу» - инсерт стратегиясы.

Т. Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесінен үзіндіні оқу.

Мақсаты: мәтінді оқу барысында түсініп оқу, талдау жасауға үйрету.

Мәтінмен жұмысқа 10 минут беріледі. Осы уақытта оқушылар мәтінді мұқият оқиды да қарындашпен ескертулер жасайды:

«v» - «мен білемін»;

«+» - «бұл ақпарат мен үшін жаңа»;

«-» - « бұл ақпарат менің білетініме қайшы келеді»;

«?» - «мен бұл ақпарат туралы білмедім, көбірек білгім келеді; қояр сұрақтарым бар»;

«!» - «бұл қызық екен».

Ә) «Презентация немесе жобаны қорғау» - кезеңі. Әр жұптан бір оқушы өз тақырыбы бойынша презентациясын немесе жобасын қорғайды. 4.Жаңа материалды түсінгендігін тексеру, алған білімдерін бекіту. «Қараой» әңгімесі бойынша сұрақтар. 1.Шығармада Махамбеттің несі суреттеледі?

Жауабы: Шығармада Махамбеттің ішкі жан күйзелісі, ой-арманы,

мақсат-мүддесі суреттеледі.

  1. Жазушының «Қараой» әңгімесінде қазақтың қандай ырым-

тыйымдары кездеседі?

Жауабы: адамның үй айналуы, күннің батар шағында айдың

тұтылуы.

  1. Әңгімеде Махамбет өмірінің қандай сәттері сөз болады?

Жауабы: Әңгімеде Махамбет өмірінің соңғы сәттері сөз болады.

  1. Махамбетке қастандық жасаған кім?

Жауабы: Махамбетке қастандық жасаған оның алыс тумасы (жиені) ,

әрі досы Ықылас

  1. Махамбет келген қонақтардан кімді сұрайды?

Жауабы: Өзінің досын ақын Төлепбергенді сұрайды

  1. Махамбеттің әйелінің , ұлының аты кім?

Жауабы: Әйелінің аты Әуес, ұлының аты Нұрсұлтан.

  1. Махамбеттің ақырғы үні мен ақырғы ойы «не» еді?

Жауабы: Ақырғы үні «Әуес!», ақырғы ойы «Қайран халқым!»


Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме


Махамбет

Әуес

Жаңаберген

Ықылас

Еліне елеулі, халқына қалаулы, нағыз патриот, халқының қамын ойлаған ержүрек батыр, қайталанбас, біртуар ақын

Батырға лайық, адал жар, мейірімді ана

Байсалды, айлалы, тек өз қамын ойлайтын, арамдығы ішіндегі адам

Шегір, тұманды көзді, сатқын, өз тумасына қол көтерген қатыгез адам.


Рефлексия кезеңі: Сабақ басында қойылған міндеттерге жауап берейік:

1. Сабақта не туралы білдіңдер?

2. «Қараой» әңгімесінде қазақтың қандай ырыммен таныстыңдар?

3. Патриотизм дегеніміз не?


Қорытынды (оқушылар шығарады): Махамбет өмірінің соңғы сәттері туралы, қайсар ақынның ешкімге бас имеген асыл рухы туралы, басын қатерге тігіп, жауына қызмет етпеуі, серіктерінен айрылып, жалғыздықпен дос болуы және осылардың жанға салған сызаты шығармады терең суреттелгендігі туралы білдік. Қаламгер ұлттық психологиядағы ұғымдарды орнымен пайдаланған.

«Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегін айтылмаса керек.

Патриотизм - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезім.


Тапсырма № 1. «Синквейн жазу» әдісі.

Синквейн жазу үлгісі:

Бірінші тармақта бір сөз жазылады - зат есім. Ол сөз синквейн тақырыбы болады.

Екінші тармақта - синквейн тақырыбын ашатын екі сын есім жазылады.

Үшінші тармақта - синквейн тақырыбының қызметін ашатын үш етістік жазылады.

Төртінші тармақта - тақырыпқа деген оқушының көз қарасын ашатын сөйлем немесе сөз тіркесі жазылады. Тақырыпқа негізделген қанатты сөз, цитата немесе оқушы фразасы болуы мүмкін.

Соңғы тармақта - тақырыпқа сниним жазылады.


Қорытындылау кезеңі: Мұғалім жұптардың шығармашылық жұмыстарын, кестемен жұмыс істеуін, презентацияларын бағалайды. Сонымен қоса оқушыларға өздерін бағалауды ұсынады.


Үй тапсырмасы:

  • Патриотизм туралы эссе жазу.

  • Жаңа сөздерді жаттау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал