7


  • Учителю
  • Разработка вне классного мероприятия ' Язык - душа народа'

Разработка вне классного мероприятия ' Язык - душа народа'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қайырлы күн құрметті әріптестер мен сайыскерлер!

Бүгінгі біздің «Тілім -менің тірлігімнің айғағы »атты сайысымыз № 4 орта мектебіндегі тілдер күні апталығына байланысты өткізіліп отыр.

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз әріптестерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,

Әділқазы алқасымен танысайық.

Әділқазылар алқасы:

  1. Мектеп директоры- Б.К Жусупова.

  2. Оқу тәрбиғе ісінің меңгерушісі-Ж.Қ Алғуатова.

  3. Мейірбике- А.Ғ Нұрымжанова

Жүргізуші: ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.

  1. Кезең. «Сәлем- сөздің атасы»-деп аталады,әр сайыскер өзін-өзі таныстырады.(2 мин)

  2. Кезең. «Өнерлі өрге жүзер», әр сайыскер өз өнерін көрсетеді.( Барлық өнер түрі жатады,ән, би,мәнерлеп оқу, қолөнер, сахналық қойылым),(3 мин)

  3. Кезең. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» (мақал-мәтелді кім көп айтады?)(2 мин)

  4. Кезең. «Ас-мәзірі»(Ұлттық тағамды қорғау),(3 мин)

Ал енді сайыскерлерімізбен таныстырып өтейін.

Мың бұралған арулар билей басп,

Келеді міне ортаға толқып тасып,

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қшеметпен қарсы алайық.

  1. Әдемі де салмақты------------

  2. Белсенді де батыл-------------

  3. Көрікті де білімді-------------

  4. Батыл да әдемі-------------------

  5. Жауапты да ұқыпты----------

  6. Білімді де үлгілі---------------

  7. Біліміне көркі сай---------------

  8. Әдемі де ару---------------------

  9. Бойына білім жиған----------

  10. Жауапты да көрікті---------------

Жүргізуші: Сайыскерлерді мерекелерімен құттықтауға шәкірттеріміз келіп отыр.

Макеева Лизаның орындауында «Көзімнің қарасы» әні

Теміртасова Аружанның орындауында М.Мақатаев «Үш бақытым».

Жүргізуші:

Көңілге түй сен мұны,

Әр сайыскер мектеп гүлі,

Бақытты елде туғаның,

Есіміңнен белгілі(Таныстыру)

Жүргізуші:

Өенр-білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал, сайыста,

Өнер көрсет, құрбылармен жарыста.(өнерлерін көрсету)

Жүргізуші:

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, келесі сайысымыз мақал-мәтелдер сайысы

Жүргізуші:

Әдет-ғұрап, салт-дәстүрі қазақтың,

Жарасымды,үйлесімді ғажап шын,

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, ұлттық тағамды қорғайық.

Жүргізуші:

Міне, сайысымыз өз мәресіне де жетіп келеді. Әділқазы алқасы қорытындысын шығарғанға дейін ,жанкүйерлер, сіздерге бірнеше сұрақ қоя отырайын.

  1. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алдық?

  2. Тіл туралы Заң қай жылы күшіне енді?

  3. Қазақтың ұлттық ойындары.

  4. Салт- дәстүрлері.

  5. Мемлекеттік рәміздер?

  6. Наурыз мерекесі қашан?

  7. Бір аптада неше күн?

  8. Бір жылда неше ай?

  9. Елбасшымыз кім?

  10. Қай көшеде тұрасың?

Жүргізуші:

Құттықтау сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.(марапаттау)

Жүргізуші:

Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда.

Баршаңызға денсаулық, құт-береке тілей отырып, сайысымызды осымен аяқтаймыз. Сау - саламат болыңыздар.



Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Щучинск қаласы

«Тілім -менің тірлігімнің айғағы» ұлты басқа педагогтар арасындағы сайыс





Өткізген:Р.А Игубаева



2014 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал