- Учителю
- Ахмет Байтұрсынов Екі шыбын
Ахмет Байтұрсынов Екі шыбын
Сабақ тақырыбы: |
Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын» | ||
Жалпы мақсат: |
А.Байтұрсынұлының аудармаларынан мәлімет алады, мысал өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады, сыни ойлауы қалыптасады,шығармашылық қабілеті дамиды.
| ||
Сілтеме: |
Электронды оқулық,оқулық 7-сынып, әдебиетті оқыту әдістемесі. | ||
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: |
А.Байтұрсынұлының аудармаларын біледі, мысал өлеңінің идеясын түсінеді, әдеби-теориялық білімдерін тереңдейді ,бағалайды.
| ||
Негізгі идеялар: |
Аударма, мысалдар,адам мінезіндегі қасиеттер. | ||
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Оқулық, АКТ, электрондық.оқулық, интернет көздері | ||
Оқыту әдістері: |
Диалогтік оқыту, жуан және жіңішке сұрақтар,рөлдік ойындар. | ||
Дерек көздері: |
А.Байтұрсынов туралы бейне жазба, электронды оқулық, Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. | ||
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: | |||
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) |
Сыныпты топқа бөлу ( Аңдармен жәндіктердің суреті арқылы топқа бөліну)
|
Сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлінеді. | |
Үй тапсырмасын сұрау |
Өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды -«Ақын ініме» өлеңінің идеясы не? -Өлеңнің тәрбиелік мәні қандай? -Оның шығармаларының ерекшелігі неде?
|
Берілген сұрақтарға оқушылар ұтымды жауап беру керек. | |
І. Қызығушылықты ояту
|
1.Аңдар көркем әдебиетте қандай шығармаларда бейнеленеді? 2.А.Байтұрсынұлының аудармалары туралы бейнежазбадан үзінді көрсетеді.
|
Оқушылар жауап дереді
Барлық оқушылар тыңдайды.
| |
ІІ.Мағынаны тану |
1«Екі шыбын өлеңін » электронды оқулықтан тыңдатады. Оқушыларға сұрақтар қояды. - Шығарманың кейіпкері кімдер? -Оның қасиеті қандай? -Мысалда қандай мінезді адамды сынайды? -Өмірден қандай мысал келтіруге болады? -Жақсы-жаман қасиеттер туралы қандай мақал-мәтелдер ,қасиетті сөздер білеміз? 2.Деңгейлік тапсырма береді. І.Өлеңге жоспар құрып, әңгімелеңдер ІІ.Ахмет Байтұрсынов аудармашы ІІІ.Шығармалары арқылы бізге қандай тәрбие береді? |
Өздерінің ой -пікірлерін айтады.
Топтық жұмыс Оқушылар постер мен қорғайды. | |
Ой толғаныс |
«Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым» (рөлдік ойын, диалогтік әңгіме қолдану. Мысал өлең жазу) |
Жұппен,топпен бүгінгі сабақтақ бойынша көрініс көрсетеді, диалогтік әңгімені қолданады, мысал өлең жазады. | |
Ү.Үйге тапсырма |
Мысал өлеңдер оқумен бірге мысал өлең жазу. |
Мысал өлеңдер оқиды,мысал өлең жазады қосымша мәліметтерді ғаламтордан іздейді. | |
ҮІ. Бағалау |
Формативті бағалау. |
Өзара бағалау | |
Кері байланыс |
Сабақ бойынша кері байланыс алады |
Оқушылар кері байланыс парағын жазады. |