- Учителю
- Көктемгі мерекелер (4 сынып)
Көктемгі мерекелер (4 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Көктемгі мерекелер.
Мақсаты:
1. Білімдік: Көктем туралы сұрақ-жауап арқылы әңгіме айта білу.
Келер шақты қайталау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың өткен тақырыпты есте сақтау қабілеттерін, тілге деген сезімін дамытып, сөздік қорын байыту. Ақыл-ойын, жеке басын, білімге ынтасын дамыту
3. Тәрбиелік: Еңбекке баулу және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекіліктер: көктем көріністерін бейнелейтін суреттер, кәртішкелер, кестелер, интер тақта.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, аударма, суретпен жұмыс, ойын.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі:
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
Ендеше бүгін қандай тақырып өтеміз?
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Көктемгі мерекелер»
Сабақтың мақсаты:
Білу: Көктемгі мерекелер туралу білу.
Игеру: Келер шақты қайталап, сөйлеу барысында пайдалану.
Жаңа сөздермен таныстыру. Оқушыларға жаңа сөздерді оқыту. Жаңа сөздер арқылы сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрастыру.
(музыка қосу)
Мұғалім сөзі:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген - асыл жандар болаттай,
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай,
О адамдар, қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
- Бұл өлең жолдары кім туралы?
- Сендер мына суретте нені көріп тұрсыңдар? Бұл қандай мереке? Бұл мерекеде сендер не істейсіңдер? Сыныбыңызда қандай мерекелерді атап өттіңдер?
II. Сызбамен жұмыс.
К
Көктемгі мерекелерөктемгі мерекелермен таныстыру.
IIІ.Мәтінді кешендеп талдау.
1. 2- тапсырмадағы мәтінді оқып, аудару, әңгімелеу.
2. Оқушылардың Наурыз мерекесін тойлағаны жайлы дайындаған материалдарын тамашалаймыз.
4 .Жұптық жұмыс. Балаларға конверт таратылады. Оның ішінде қиылған фигуралар бар. Сол фигуралардағы сөйлемдерді дұрыстап құрастырып, қай шақта тұрғанын анықтау керек.
ІV. Сурет бойынша жұмыс.
1. 3-тапсырмадағы сурет бойынша әңгіме құрастыру.
2. Сұрақтарға жауап беру.
- Бұл қандай мереке?
- Әкесі анасына не сыйлады?
- Майраға не сыйлады?
- Майра не деді?
V. Мәнерлеп оқу.
1. 4- тапсырмадағы М.Сарынованың «Наурыз» өлеңін мәнерлеп оқыту.
VІ. Сергіту сәті. Ұшты - ұшты...
VІІ. Жазылым.
1. 5-тапсырмадағы сызбада көрсетілген гүл атауларын айту.
2. Сызба бойынша үш сөйлем жазу.
6- тапсырмадағы сөйлемдерді пайдалана отырып, ұқсас тапсырмаларды орындау.
VІІІ..Ал балалар қазір біз ойын ойнаймыз.
Ойын:
«Ағаштың үш жапырағы»
Мұғалім: Ағашымыз етістік болады.Ағаштың үш жапырағы, етістіктің үш шақтары болады.Тақтаға үш оқушы шығады.Жіктік жалғауын қосып, сөздерді үш шақта жазады.
1 жапырақ--------------------2 жапырақ-------------------3 жапырақ
Нақ осы шақ----------------- Өткен шақ--------------------Келер шақ
Не істеп жатыр? ------------Не істеді?--------------------- Не істеді?
Оян------------------------------Кел----------------------------- Шық
Ал енді тақтаға қараңдар, кім дұрыс жазып болды? (3 оқушыны тексертіп, қызғалдақтарды беру)
Үйге тапсырма: 195 беттегі 2-тапсырманы ауызша айту.
Мұғалім: Бүгін сабақта не істедік? Сабақ сіздерге ұнады ма? Сендер қалай ойлайсыңдар, араларыңда кім жақсы жұмыс істеді?
Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау.
№ 3 Абай атындағы мектеп жасына дейінгі шағын
орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Көктемгі мерекелер.
( 09.04.2013 жылы, 4 «Б» сыныбында өткізілді, 32 кабинет)
Мұғалім: Аманиязова А.С.
Талғар 2013 жыл