7


  • Учителю
  • Урок казахского языка в 9 классе

Урок казахского языка в 9 классе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

9 - сынып Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: Қара шаңырақтағы фонетика


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қазақ халқының қара шаңырақ ұғымының мағынасын түсіндіру;осы ұғымға байланысты кенже, шаңырақ иесі, жеті ата, нағашы сияқты түсініктерді тану;

Дамытушылық: түсініп оқу, тыңдау, сөйлеу, сұрақтарға жауап беру, өзара сөйлесу, өз ойын еркін жеткізу, ойлау, іздену, фонетикалық талдау жасау практикалық дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: қара шаңырақты қастерлеу, қадірлеу арқылы үлкендерді, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеу;


Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас, СТО технологияның элементтерін қолдану

Әдіс- тәсілдері: мұғалімнің сөзі, сұрақ- жауап, ассоциация әдісі, ізденіс, жұппен жұмыс, 5 жолдық өлең, аукцион, мәселе туғызу, эстафета ойыны

Сабақтың жабдықталуы: шаңырақ суреті, нақыл сөздер, тапсырма атаулары

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Жұмыс формасы: жекелей, жұптық, сыныптық

Сабақтың барысы


I Ұйымдастыру кезеңі: - сәлемдесу

- с/т, с/м туралы сөз


Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі сабағымыз ерекше с абақ, себебі ол тілдер апталығында өтіп жатыр, тіл мерекесіне арналады. Бұл сабақтың ұраны «Бір ел, бір халық, бір тағдыр»

Бұл сөзді кім айтты? Қандай ойға келеміз?

- Дұрыс! Ендеше мына сөздерден кім сөйлем құрастырады?

Барлық, тату- тәтті, сүріп өмір, шаңырақтың, жатыр, бір, қазақстандықтар, астында.

- Өте жақсы! Біздің I модульдің аты да сондай: Біз тату тұрамыз!

- Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы: Қара шаңырақтағы фонетика. Мақсатымыз: Қара шаңырақ деген қазақ халқының салт-дәстүрінде ұғым бар екен, осы ұғымды түсініп, неліктен олай айтылады, неге қара шаңырақты қастерлейді екенін білеміз және фонетикалық талдауды қайталаймыз.

Іске сәттілік тілеймін!


II Жаңа сабақ:

- Дәптерге күн, айды, тақырыпты жазу

1. Суретке қарап, дәптерге «Ассоциация» тапсырмасын орындайды (бір оқушы тақтада)



шаңырақ





2. Балалар, сөздің неше мағынасы болады? Қандай?

- Дұрыс, ендеше шаңырақ деген сөздің тура мағынасы қандай?

- Иә, киіз үйдің бір бөлшегі. Қандай бөлшегі екенін бізге түсіндіріп кеткен кім? Қай мақаласында?

Оқулықпен жұмыс: 72 - бет - дауыстап оқу

- Тағы қандай мағынасы бар? Дұрыс, үй, отау, қасиетті үй.

3. Енді бір отауда туыс адамдар жиналады ғой! Олар кімдер екен?

Аукцион арқылы есімізге түсірейік! ( кім 1 минут ішінде туыстық атауларды көбірек жазып береді)

III Бекіту

4. Мәтінмен жұмыс: 55- бет ( мәнерлеп іштей оқы, көрші оқушыға 4 сұрақ қойып әңгімелесіңдер) - жұппен жұмыс

5. Эстафета ойыны: «шаңырағым» сөзіне фонетикалық талдау жаса

IV Қорытынды

5 жолдық өлең жаз! Зат есім: шаңырақ (бір оқушы тақтада)


. Қосымша материал:

3 минуттық эссе: Тату- тәтті отбасы

- Қазақ халқы «Отанды сүю отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Егер біз өзіміздің шаңырағымызда тату-тәтті тұрсақ, бір- бірімізді қадірлесек, «бір ел, бір халық бола аламыз, тағдырымыз да бір болады»


III Үйге: 55- беттегі мәтінді мазмұндау, «дәстүрдің» сөзіне фонетикалық талдау жаса

V Бағалау кезеңі (бағалау парағы бойынша)

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Казанка орта мектебі











Сабақтың тақырыбы: Қара шаңырақтағы фонетика


9- сынып

(Тілдер мерекесіне арналған ашық сабақ)













өткізген: Н.Б. Қожахметова










Казанка селосы 2013 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал