7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс шара 'Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ'

Сыныптан тыс шара 'Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту. Шаршы топ алдында сөз жүйесін таба білуге үйрету.
Өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.

Жарыс барысы:
Құрметті тіл жанашырлары, көпшілік қауым! Бүгінгі сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысына қош келдіңіздер!
Мақа- мәтелдер ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, оның тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен ерекшеленеді.
Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.

Жарыс мынандай бөлімдерден тұрады.

1.Сөз тапқанға.
2. Мақал мәтел жалғасын табу

3.Ойлан тап.
4. Мақал - мәтел айту (ұяшық таңдау).

5.Жұмбақ шешу.

I. Сөз тапқанға. Қатысушыларға әріп беріледі. Осы әріптерге байланысты сұрақтарға жауап беру.

  1. Есімің кім? 1. Сабақ оқуға кім көмектеседі?

  2. Кітапты қалай оқисың? 2. Мектепке қай уақытта барасың?

  3. Кітапты қалай ұстайсың? 3. Таңертең тұрғанда анаңа не айтасың?

  4. Неше жастасың? 4. Сөмкеңде не бар?

  5. Мектепке кіммен келесің? 5.Ұйықтар алдында әжеңе не айтасың?

  6. Бос кезде немен шұғылданасың? 6. Кітапты қалай оқисың?

  7. Тоңазытқышта не бар? 7. Үстіңе не киесің?

  8. Жақсы керетін тамағың? 8. Әжеңді сен қалай жақсы көресің?

  9. Туған күнің қай айда? 9. Кіммен доссың?

  10. Ең тәтті не? 10. Бос уақытыңда не істейсің?

ІІ. Мақал- мәтелдердің жалғасын табу.
1.Көз жетпеген жерге (сөз жетеді)
2.Жарлы болсаң да (арлы бол)
3.Тілмен байланған (қолмен шешілмес)
4.Тілде сүйек жоқ (таста тамыр жоқ)
5.Тіліңменен жүгірме (білімменен жүгір)
6.Тіл буынсыз (ой түпсіз)
7.Бас кеспек болса да (тіл кеспек жоқ)
8.Тілден асқан байлық жоқ (тілден терең теңіз жоқ)
9.Піл көтермегенді (тіл көтереді)
10.Сөз қуған пәлеге жолығады (жолды қуған қазынаға жолығады)

ІІІ. Ойлан тап. Тұспалдап жасырып айту.

Экранда 10 сурет беріледі. Осы суретті қимылмен көрсетіп табу керек.

IV. Мақал - мәтел айту (ұяшық таңдау).
1. Оқу білім туралы
2. Отан, туған жер туралы
3. Батырлық, ерлік туралы
4. Достық туралы

V. Жұмбақ шешу.
1. Бір ағашта он екі ұя
Әр ұяда отыз жұмыртқа ( ай, күн)
2. Қарап тұрсаң өзіне

Сурет түсер көзіңе

Ол суретің ұқсайды

Дәл қазіргі өзіңе. (айна)
3. Таңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты

Кешке үш аяқты (адамның сәби, жігіт, қарт шағы)
4. Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (қолғап)
5. Дүниеде бір айдахар, білесің бе?
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Ішінде сүйектері бақша бақша,
Жалтылдар жалғыз көзі төбесінде. (Киіз үй)
6. Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (Тасбақа)
7. Күндіз жоқ, түнде бар. (Жарқанат)
8.Өзі тоқ
Көлеңкесі жоқ (Құдық)
9.Әдемі түнде
Мен жүрсем, жүреді бірге. (Ай)


Қорытындылау.

Марапаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал