7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'ЖАЛПЫЛАУ ЕСІМДІГІ'

Ашық сабақ 'ЖАЛПЫЛАУ ЕСІМДІГІ'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


ЖАЛПЫЛАУ ЕСІМДІГІ


(6-СЫНЫП)


Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға жалпылау есімдігі туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын желтілдіре отырып, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту;

б) Отанын сүюге, ана тілін қастерлеуге, шапшандыққа тәрбиелеу.

Түрі: ойын сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Көрнекілігі: карточкалар, видеопроектор, компьютер.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру: оқушыларды түгендеу, сынып бөлмесінің сабаққа даярлығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сөзжұмбақ, сөйлем талдау, ереже айту.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Барлық бала, күллі әлем, барша оқырман, бүкіл Қазақстандықтар сөз тіркестерінің ішіндегі барлық, күллі, барша, бүкіл деген сөздер жалпылау есімдігі деп аталады.

Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі.


IV. Тапсырмалар. «Кім жылдам?» ойыны. Берілген сөз тіркестерінен есімдіктің мағыналық түрлерін ажырату.

1.Сонау аспан. 2. Мен оқимын. 3. Қанша бала?. 4. Бәріміз бірге. 5. Оның ағасы. 6. Күллі дүние. 7. Өз үйім. 8. Сол жылдар. 9. Қайда кетпек? 10. Осы үй.


«Кім тапқыр?» ойыны. Берілген өлең жолдарымен берілген сөйлемдерден есімдіктердің түрлерін табу.

1-карточка

Өз бойына өз күші сенімді боп,

Ойласам жазалар деп ұлық мені.

2-карточка

Күлгенде гүл төгілер тісі - меруерт,

Ондай жан бұл жалғанда жаралмасты.

3-карточка

Солардың қолы жеткен заманында,

Жолдас болып шеп бұзған қамалында.

4-карточка

Іш ауырса, тіс ауырса апам дәрі береді,

Барлық бала, барлық ана оны жақсы көреді.


5-карточка

Өлгенін бәрі естіді - ұлы, қызы,

Батты Жүсіп батырға қайғы-сызы.


6-карточка

Ғажайып түсімде мен бір іс көрдім,

Көп болып бұл түсімнің жоруын тап.


7-карточка

Бұл оқиғадан туып кеткен жайлар ешқашан ұмытылмас өмір дастаны тәрізденді.


8-карточка

Оны қуаныш пен алғыс аралас бір тәтті күйдің торабына салды.


9-карточка

Бізбен бірге ол кісі де біздің жерді қарап тұр


.

10-карточка

Ал мына бір шатыр тақтайындай жерлерде егін егіледі.


11-карточка

Неге екенін білмеймін, Алматының әсем көркіне өз басым тойып көрген емеспін.


12-карточка

Мен оған қанша қызыға қарасам, ол сонша сұлулана береді.


V. Кітаппен жұмыс. 200-жаттығу: 2 қатарға беру, ауызша. 201-жаттығу: сөйлемдерді оқып, жалпылау есімдіктерін тіркескен сөзімен теріп жазу.


VI. Семантикалық карта.




Мысалдар

Жіктеу

сілтеу

сұрау

өздік

жалпылау

Ол - қазақ, қазақтың оқыған азаматы.

+





Өзіне ешқандай зиян келтірмейді.




+


Күллі қазақстандықтар тәуелсіздікті қолдайды.





+

Мынау не сарқыраған?

Қалайша сарқылмаған?



+



Анау - аспан,

Мынау - бақ.


+





VII. «Ілесіп отыр» ойыны. Үш оқушы тақтаға шығады: 1) сөз; 2) сөз тіркесі; 3) сөйлем құрайды.

Осы жалпылау есімдіктеріне сөз тіркесі мен сөйлемді оқушылар өздері құрайды.

1. Барлық. 2. Күллі. 3. Бәрі. 4. Барша. 5. Бүкіл.


VIII. «Сырлы сезім» (шығармашылық жұмыс). «Мен кіммін?», «Менің ортам» тақырыптарына есімдіктерді қатыстыра отырып, шағын әңгіме жазу.


ІХ. Венн диаграммасы.


Өздік есімдігі Жалпылау есімдігі

Х. Үйге тапсырма: ереже жаттау, «Бар қуаныш сыйлаған» тақырыбына

ойтолғау жазу.


ХІ. Қорытынды. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал