7


  • Учителю
  • «Өзін-өзі тану сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану»

«Өзін-өзі тану сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты
предварительный просмотр материала

«Өзін-өзі тану сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану»



Бүгінгі басты мәселеміз - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.

Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса сабақтарды компьютердің, ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен өткізе білу-кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру процесі.
Оқушының білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын.

Егер сабақ тартымды да қызықты болса, оқушының өтілген сабақты игеруі де оңай болады. Білім беру саласында оқушылардың пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін, әр түрлі жаңа технологиялар ауадай қажет.Сондай технологиялардың бірі - ойын элементтерін пайдалану.
Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.
Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі, жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Қазақ халқының «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай жас баланың өмірді танып, еңбекке деген қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі қылаң береді. Өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің әртүрлі әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойын кезінде шартты түрде мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады.

Балалар ойын барысында :-өзін-өзі еркін сезінеді;- тапқырлық танытады;сезіну, ойлау қабілеттері дамиды;баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі көрінеді. Олар ойланады.Эмоциялық белсенділігі артады, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.


Семей қаласының «№11 Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

биология, өзін-өзі тану пәні мұғалімі Тусупова Алтынгул Акынбековна

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Өзін-өзі тану /мұғалімге арналған әдістемелік құрал / БҰҒПББСО
Алматы.

2. «Мұғалімдерге арналған көмекші құрал» Л. К. Көмекбаева
Алматы - 2002ж.
3. «Білім, Образование» журналдар жинағы.
4. «Өзіндік таным» журналдар жинағы.
5. «Методическое пособие для сотрудников центра поддержки семьи»
Шымкент - 2006г.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал