7


  • Учителю
  • Разработка урока по самопознанию на тему: Кешірімділік – көңіл кеңдігі 8 класс

Разработка урока по самопознанию на тему: Кешірімділік – көңіл кеңдігі 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: «Октябрь орта мектебі»

Мерзiмі: 30.09.15

№ 11

Тақырып: «Кешірімділік - көңіл кеңдігі»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Кешірімшіл болу, шынайылық, жаңашырлық

Мұғалiм: Балтабаева Замзагуль Кадырхановна

Класс 8

Оқушылар саны 10


Сабақтың мақсаты:

Айналадағы қоршаған адамдарға кешіріммен, сүйіспеншілікпен, түсіністікпен қарау арқылы сүйіспеншілік құндылығын дәріптеу.

Міндеттері:

  • Кешірімшіл болуға үйрету;

  • Шынайылылық қасиеттерін дамыту;

  • Жанашырлыққа, кешірімшілдікке, шынайылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Мұғалімнің тілегі

  2. Тыныштық сәті «Орманға саяхат»

  3. Оқушыларды топқа бөлу

  1. Үй тапсырмасын тексеру. М.Мақатаев «Күндестік құрысын» өлеңі

Сұрақтар:

  1. Өлең не жайлы?

  2. Күндестік, бақталастық деген сөзді қалай түсінесіз?

  3. Адамдарға тек қуаныш сыйлау керек деген сөзді қалай түсінесіз?

  4. Ақын бізге не айтты?


Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Кешіре білген адам күшті адам»

А.Игүнеки.

Дәйексөзді бір рет мұғалім өзі, 2 реттен ұл мен қыз балалар оқиды.

Қорытынды сөз: кінәсін мойындап, қатесін түзете білу ақылдылықтың, қайраткерлііктің белгісі.


  1. Әңгiмелеу

Мұғалім сыйы

Төле бидің Жетеске берген батасы

Ат берсең өліп қалады, тон берсең тозып қалады, одан да өлмейтін, өшпейтін, көкейден еш кетпейтін батаңызды беріңіз,-дейді. Сонда Төле бидің батасы (оқушы қолын жаяды):

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала.

Өзегің толса, өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала!

Өзіңе өзің кәміл бол,

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол,

Досыңа адал бол!

Сұрақтар:

  1. Мазмұны бойынша сұрақтар

    1. Өлең не жайлы, кім жайлы жазылған?

    2. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі басты ұстанымы, қағидасы қандай болған?

  1. Құндылығын айқындайтын сұрақтар

Қазақ данышпандарының осы бағытта айтқан қандай ұлағатты сөздерін мысалға келтірер едіңіздер?

  1. Өмірмен байланысты сұрақтар

Осы батадан қандай ой түйдіңіздер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Әр топқа өлең жолдарын жалғастыру тапсырылады. І топ: Тұрғанда сан алуан ғасыр күдік ______

Тәрбиеге береді ______

ІІ топ: Бәрімізден табылса, құл жарасар, _____ рақымдылық.

  1. Топпен ән айту. «Қазақ елі» Ж.Дәулет


  1. Үй тапсырмасы.

12 сабақтағы «Екі дос» әңгімесін оқып келу. 49 бет

  1. Соңғы тыныштық сәтi. Сабақты қорытындылау. Музыка әуенімен көздерін жұмып, өздерінің осы сабақтан не түсінгендерін сұрау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал