7


  • Учителю
  • Урок казахского языка в 10 классе

Урок казахского языка в 10 классе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі сабағы 10 - сынып


Сабақтың тақырыбы: Әке - тәрбие тірегі. Қос сөздер

Сабақтың мақсаты: метатанымдық стратегияларды қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту

Сабақтың міндеттері: - Әке тәрбие тірегі екеніне оқушылардың көздерін жеткізу, қос сөздерді орынды қолдана білу;

- оқушылардың танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту;

- өз ойын еркін, жүйелі жеткізу, сауатты жазу, сөйлеу, ой бөлісу;

- алған білімдерін өмірмен байланыстырып, тәжірибеде пайдалана алу;

- әкеге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімінің қалыптасуына ықпал ету, болашақта үлгі тұтатындай әке, ана болуға үндеу.

Сабақтың типі: СТО- дамытуда метатанымдық стратегияларды қолдану сабағы

Әдіс- тәсілдер: толықтыру, «Әріптер сөйлейді» ойыны, ізденіс, кластер, проблемалық жағдаят, 3 минуттық эссе, авторлық орын, алгоритм әдісі,

5 жолдық өлең, «2 жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, түсіндірмелі сөздік.


Сабақтың барысы

І Кіріспе: (3 минут)

1. Психологиялық жағдай жасау

: «Сәлем - сөздің басы» дейді халық. Ендеше бір- бірімізге жылы жүзбен қарап, сәлем берейік, бір тілек айтайық!

2. «Ыстық орындыққа» бүгін біз кезекшімізді шақырамыз, ал біз оған өткен материал, үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қоямыз!

ІІ Жаңа материалдың тұсаукесері: (7 минут)

1. Сөйлемді толықтырып жаз! (1- слайд)

... - ұрпақ иесі, үй басшысы. Қазақ отбасында ... орны ерекше. ... тек отбасы ғана емес, ауыл, ел ағасы. Отбасы мүшелері ... тыңдайды. ( оқушылар бір -біріне толықтырылған сөйлемдерді оқиды, дұрыс орындалған жұмысты тауып, өз ойларын дәлелдейді)

2. «Әріптер сөйлейді» ойыны ( берілген әріп әкеге қатысты сөздің басы болуы тиіс)

т- ірек

ә- ділдік

р- ақым

б- атыр

и- е

е- лгезек


-Өте жақсы! Қалай ойласыңдар, «тірек» сөзінің мағынасы қандай?

( түсіндірмелі сөздікпен жұмыс)

1- Үй, қора, шахта сияқтылардың белағашын тіреп қоятын тірек, ағаш, темір.

2- ауысп.: сүйенер сүйеніш, таяныш

- Әкеге қатысты «тірек» сөзінің қай мағынасы орынды? Оқушылар «Әке - тірек, сүйенер сүеніш» деген қорытынды жасайды.

ІІІ Негізгі бөлім: (20 минут)

«Әке - тәрбие тірегі» атты мәтінмен жұмыс. ( түсініп оқу, мәтінге кластер жасайды:

Проблемалық жағдаят:

«Әке - тәрбие тірегі» деген сөзбен келісесің бе? Неге?

- Осы мәтінде қос сөздер бар ма? Қандай? Қос сөз деген не? Жасалу жолдарын анықта.


- Мына сөздердің сыңарын тап:

тәлім - … әке - …

ата - … ой - …

ұл - … бала - …

үрім - … сый - ..

үлгі - … бағып - қағу


Жасалған қос сөздерді қатыстырып, 3 минуттық эссе жаз,: Мақалды жалғастыр. Бұл мақалдың мәні неде?

Әкеге қарап ұл өсер, …

Оқушылар өздерінің эссе жұмыстарын «авторлық орын» стратегиясы арқылы ортаға салады.


ІV Қорытынды бөлім: (10 минут)

- Өте жақсы! Енді бүгінгі сабақта қандай білім алғанымызды

«5 жолдық өлең» арқылы анықтайық!


Әке

Сын есім сын есім

Не істейді? Неғылды? Қайтті?


4 сөзді сөйлем жаз

ассоциация не болмаса синоним


-Енді мына суреттерге қарап, тапсырманы орындаңдар:

1. Бұл суреттерді не байланыстырады?

2. Бұл жақсы отбасылары ма? Неге?

3. Біздің арамызда үлгі алатындай отбасы бар ма? Оны неге сондай отбасы деп санайсың?



Алгоритм жаса: Жақсы әке болу үшін мен ... не істер едім?

Кері байланыс «2 жұлдыз бір тілек» арқылы жүзеге асырылады.
Бағалау: ( суммативті баға қойылады)









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал